Бейсенбі, 03 Қараша 2016 11:52

Тәуелсіздіктің жолы қатты, татар дәмі тәтті

Қазақстанның биыл Тәуелсіздігіне 25 жыл. Осы орайда, 2015 жылы 30  қарашада еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25-жылдығына аяқ басқалы тұрғанымызды айта келіп: «Бұл – Тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белгісін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қолжеткізуден де қиын. Мемлекетіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі  күрделі, өтпегі көп, бұралаң жолдардан өтуге тура келеді» – деген еді. Иә, біз осыдан 25 жыл бұрын қандай едік? Ал қазір қай дәрежеге көтерілдік? Сәл шегініс жасайық…

 

1991 жылы КСРО ыдырап, оның құрамындағы елдер өз алдарына жеке  мемлекет болып бөлініп кетіп жатты. Олардың арасында Қазақстан да болған еді. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік туралы» заңын қабылдаған болатын. Осылайша біздің Қазақстан мемлекетіміз өзінің алғашқы қадамдарын еркін жасай бастады. Еліміз өз Тәуелсіздігін алғаннан кейін, небәрі бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген танымал елдері Қазақ елінің Тәуелсіздігін мойындап, қанатын кеңге жайған құстай Тәуелсіз мемлекет көкке қарай ұмтылды. 

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық  жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жантеріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа».  Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір Елбасының өнегелі сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл-бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілік-пен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман, ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыздың да, жақсылығымыздың  да, тыныштығымыз-дың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан. Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. 1916 жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тоталитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы жерімізді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы... Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл – тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. Сонау ел басына түскен нәубет жылдары тарыдай шашырап кеткендердің елге оралған сәттегі туған жерді, ата-бабаларының кіндік қаны тамған топырақты құшырлана сүйген сәттегі бейнелерін көргенде қалайша толқымассың?! Міне, ежелден еркіндікті аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлады. Қазақстан, тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік танылды.

«Тәуелсіздік!

Тәуелсіздік деген қастерлі сөз екен - ау!

Шыдамадым қапасқа,

Кеңшілікке қаштым.

Көндікпедім матауға,

Асау атша бастым.

Уһ, шырқап, зымырап,

Сұңқардай зулап ұшайын! Ұшайын!» – деп, дүние құндылығы бостандықта екенін Сәкен Сейфуллин атамыз да жырлап өтті. Бәрінен бұрын адамның жан дүниесі, рухы мен ар-ұжданы азаттықты тілейді екен. Сол халқым өз табиғатына тән тіршілік кешкісі келсе, несі айып? Ақыры бұғау біткенге сыймай, шідер біткенді шірей тартып, халқымыз тәуелсіз ел дербестігіне қол жеткізді.Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.

Иә, 25 жылда мемлекетіміз күрт өзгерді. Экономикалық, әлеуметтік, интеллектуалды тұрғыда өркендеп келеміз. Елбасы айтқандай, мемлекетіміздің басты күші – Астана қаласы. Астана тәуелсіздіктің белгісі, үні, келбеті деуге де болады. Еліміздің басты көркі. Елбасымыз өзінің «Қазақстан жолы» атты еңбегінде астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдамас бұрын ұзақ ойланғанын, барлық қадамдарын есептеп, тарихшылармен, саясаттанушылармен, мәдениеттанушылармен ақылдасқанын, басқа елдердегі астаналарын көшіру тарихымен танысқанын айтқан еді. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен Парламент пен Үкіметтің біріккен мәжілісі өтті. Осы күннен бастап Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып танылды. 1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы астанасының ресми тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымында өтті. Осы жерді басып жүріп, шын мәнінде, біздің болашағымыз жарқын екеніне қатты қуанамын. Ең бастысы,  Отанымыздың Ата заңы бар. Конституциямыз негізгі тәуелсіздік нышандарының бірі. Еліміздің Тәуелсіз екенін айқындайтын тағы бір белгілері, ол еліміздің рәміздері. Олар: Ту, Елтаңба, Гимн. Олар егемендікті, бостандықты көрсетеді. Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз – Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз.

Осы жолда талай саңлақтарымыз алаш туы астында бүкіл қазақты ел болуға, тәуелсіз мемлекет құруға шақырды. Солардың бірі Қайрат атамыздай өр рухты қайсар ұлы, Сәбира мен Ләззаттай батыр апаларымыздың жігері мен батылдығы бізге үлгі болып, патриоттық рухымызды оятты. Қазақ – батыр халық, ержүрек, намысшыл халық. Ел басына күн туса, ел үшін туған ерлеріміз намыс отын жағып, топырағын ақтық демі қалғанша қорғағанына тарих куә, кешегі қиын-қыстау заман куә. Ендігі кезде Тәуелсіздік іргетасы толығымен қаланған егеменді еліміздің шаңырағы шайқалмай, көк Туымыз көкте мәңгі желбіреуі үшін әрқайсымыз еңбек етіп, сол жолда күресуге тиіспіз. Абыройы мен арына дақ түсірмей келген ұлтымыз, тіректі тіліміз, салт-дәстүріміз, мәдениетіміз, сарқылмас қазынамыз бүгінгі жастарға, яғни бізге берілген аманат.

Тәуелсіздік – көкжиектен атқан күн, жаңа бүр жарған гүл дер едім. Бұл егемендік – Алланың нұры, берген сыйы. Тәуелсіздіктің жолы қатты, татар дәмі тәтті. Сонда да ақкөңіл, дана қазақ аңсаған арманына қол жеткізді. Алдымызда әлі асу-асу белестер бар. Тәуелсіздігіміздің тұғырында нық, тұрақты тұра беруі үшін халқымыздың барша еңселі азаматтары, еліміздің еселеп дамуына қызмет етуі зор міндет.

Міне, бүгінде еліміз бақытты күн кешуде. «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дегендей, Отан үшін өмірін қиғандардың есімдері, әрқашан халықтың жүрегінде сақталады.

Біз – тәуелсіз елдің ұрпағымыз, кешегі Қайрат аталарымыз бен Ләззат апаларымыздың жалғасымыз. Біздің міндетіміз – білім алып, болашақта мемлекетіміздің өркендеуіне бар жігеріміз бен үлесімізді қосу.

Еліміздің келешегі – бүгінгі ағалары-мыздың әрекеттері, ұтымды  ұмтылыстары және біздей саналы ұрпақ болуы! Мен осындай Тәуелсіз мемлекетімнің ұрпағы болғаныма қуанамын және мақтанамын.

Балжан ДӘУЛЕТЖАНҚЫЗЫ,

В.Терешкова атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы.

Оқылды 3267 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 19, 2025

Атамекен Отаны – Бейбіт өмір ауылы

Тарих бетіне үңілсек, 1722 жылы Бірiншi Петр: «Қазақ Ордасы бүкiл Азия елдерi жерлерiне…
Маус 19, 2025

Қажырлы еңбек — ел мүддесіне адал…

Қытайдың Боғда тауының Күнгейінен Қазақстанға көшіп келген жерлестердің бас қосуында…
Маус 19, 2025

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден кім кетпеген, Ащы қайғы кімдерді жүдетпеген. Еске алып дұғасына…
Маус 19, 2025

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп…

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің…
Маус 19, 2025

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы «Атамекен – ұлттық рухтың бесігі»…
Маус 19, 2025

Жаңарған ғимарат – жаңа мүмкіндіктер

Денсаулық сақтау жүйесін дамытып, сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша…
Маус 19, 2025

Алғыс пен құрмет иелері

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина саласындағы қызметкерлердің кәсіби…
Маус 19, 2025

У нас союзнические отношения с…

Заместитель директора ТРК Президента РК Аскар Джалдинов спросил Президента России…
Маус 19, 2025

«Я не вижу никаких осложняющих…

 Отвечая на вопрос заместителя директора ТРК Президента РК Аскара Джалдинова, Президент…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет