Бейсенбі, 14 Сәуір 2016 14:52

Жолаушылар рахметін жолдауда

Ауданымыздың, өзі туып өскен Талдыбұлақ ауылының патриот – жанашыры, аудан прокуроры Төлеген Иманбаев тұрғындардың алғысын жеткізуді өтінді.

Талдыбұлақ Есік – Түрген – Қаракемер – Бәйдібек би тас жолынан он шақырым  бұрыс  тау  бөктерінде жатқан  ауыл  болғандықтан  тұрғын-дар, оның ішінде Есікте, Алматыда оқитын оқушы, студент жастар біраз қиындық  көріп, шығынға да батып жүрген еді. Жуырда ашылған жаңа жолаушы тасымалдау  маршруты Есік қаласы мен Талдыбұлақ тұрғындарына қызмет  етіп, үлкен-кіші жерлестерімнің көңілінен шығуда.

 

Ауданымыздың жолаушы тасымалдау  бағыттарын  қалпына  келтіріп, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктерін  өтеуге жатпай-тұрмай атсалысып  жүрген азамат «Ақжол Агротранс» ЖШС-нің басшысы Руслан аға Қалиевтің еңбегін ел бағалап  отыр. Бұдан басқа аудан жастарын спортқа тартып, екі бірдей футбол командасын  жасақтап-жабдықтап аудан чемпионатына  қосып отырғаны бір бөлек әңгіменің тақырыбы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жиған-терген қара-жат, мүлкін қалталы адамдар қара  басының  қамына ғана  пайдаланбай елдің жағдайына қарасу туралы кәсіпкерлерге қойған талап-тіле-гін орындау үлгісін  көрсетіп жүрген осы Руслан ағамыз десек  қателеспейміз. Рахмет, Руслан Әбдібекұлы!            


Құрметпен Т.Иманбаев,

Талдыбұлақ тұрғындарының атынан.

Редакциядан: Есік қаласының байырғы тұрғындары кезінде 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші бағыттарда  жолаушыларға қызмет  көрсететін автобус маршруттарымен қаланың кез-келген  шетіне, орталығына және қалаға іргелес Көктөбе, Өрікті ауылдарына арзан бағамен  қатынай  алатын. Одан кейін  өтпелі кезең келіп автокөлік, автокәсіпорындар жеке қолға өтіп  кетті  де  ондаған  жылдар жұмысы  жолға қойылған  жолаушы тасымалы сыпайылап  айтқанда шашылып қалды. Жолаушылар бірде жаяулап, бірде «жабайы» таксистердің  қызметіне жүгінуге мәжбүр  болып  өзі «тесік» қалталары қағылып  жатты.

Биылғы наурыздың  басында аудандық  мәслихат-тың  бірнеше шақырылымының депутаты «Ақжол  агротранс» ЖШС-нің  және «Еркін» ЖК басшысы Р.Қалиев Есік қаласындағы екінші, үшінші маршруттарды іске қосып, күре жолдан жырақта жатқан  Алмалы ауылын  Есікпен  жалғап  үшінші маршрутты, аудандық аурухана мен «Қырық үй» (Площадка) аталған қаланың тау  бөктеріндегі бөлігіне екінші маршрут жіберілгені жайлы газетімізде жазылған болатын.

Одан беріде Талдыбұлақ пен  Ташкенсаз-Баяндайға да қоғамдық  көлік қатынай бастағанын  жоғарыдағы алғыс растап отыр. Сөз соңында Есік қаласының  тұрғыны айтқан есебін келтіре кетейік. «Есік  гуманитарлық-экономикалық  колледжінде оқитын  ұлыма әр  күн  сайын  жолына, тамағына деп 500  теңге беруші  едім. Оның 300 теңгесі таксиге кететін. Қоғамдық  көлік – екінші  маршрут  ашылғанын естімеппін. Бір  күні балам берген 500 теңгенің жартысын қайырып әкеліп тұр: жолға оқуға барып-келуіме бар болғаны 100-ақ теңге кетті, – дейді. Осы көлікті  жүргізген кәсіпкерге алғысымыз шексіз».

 

Оқылды 2781 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет