Жұма, 02 Желтоқсан 2016 11:17

Жемқорлыққа жол жоқ

Аудан әкімі аппараты ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының орындалуы жолында облыстық, аудандық әкімдіктер тарапынан қабылданған директивалық құжаттарды және «Қазақстан Респбликасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар аймақтық жоспарын бекіту туралы Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы №449 қаулысын басшылыққа ала отырып жұмыс жасауда.

Аталған құжаттар негізінде аудан аумағында жоспарланған мақсатты шаралар іске асырылуда, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының, «Әдеп кодексін», «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын орындау қатаң бақылауға алынған.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында жергілікті мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  бойынша қызметі туралы арнайы тараулар да орналастырылған.

Барлық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызметшілердің «Әдеп Кодексі» ілінген, ауданда «сенім»  телефондары үнемі жұмыс істеуде. Сенім телефонына қоңырау түскен жағдайларда телефон соғулар уақытылы тіркеліп, олар бойынша тиісті, заңды шаралар қабылданатын болады. Мемлекеттік мекемелердің қолжетімді көрінетін орындарында «заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен арыз-шағымдары үшін пошта жәшіктері» ілінген. Қазақстан Республикасының «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес пошта жәшіктеріне келіп түскен хаттар уақытылы тіркеліп, арыз иелеріне  уақытылы  жауап берілуі үнемі қатаң бақылауда тұрады. Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын аудандық атқарушы органдар, қала және селолық округтер әкімдіктерінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауға арналған жәшіктері де орналастырылған. 

Ауданның мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасы әрдайым бақылауда. Атқарылған жұмыстар қорытындысын әр тоқсан сайын аудан әкімінің ресми сайтына жарияланып отырады. Халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесе отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жайында бір терезе қағидасы негізінде және жұмыс сапасын арттыру бағытында жұмыстар ұйымдастырылуда. 

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2012 жылдың 26 наурызында «Еңбекшіқазақ ауданының селолық округтары және Есік қаласы елді мекендерінде жер телімдерін беру сұрақтары бойынша комиссияларын  құру туралы №268 қаулысымен комиссия құрамдары бекітілген. ҚР Жер Кодексінің 43 бабына сәйкес комиссия құрамына аудандық жер қатынастар бөлімі, аудандық сәулет және қалақұрылыс бөлімдері уәкілдері, аудандық депутаттар, кәсіпкерлік ұлттық палатасы уәкілі және ауыл ақсақалдары, жігіт басшысы келісім бойынша енгізілді.

Ауыл әкімдері жер мәселесіне қатысты өтініштерді жер комиссиясының отырысында қарап, комиссия қорытындысына сәйкес және азаматтардың өтініштеріне сай жауаптары уақытылы беріліп отырады. 

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алу электронды түрде жүргізілуде және ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізілуде.

 

Б.ЖАЙЛАУБАЕВ,

Аудан әкімі аппаратының

заң және мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы. 

Оқылды 2662 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ғасыр дертіне қарсы шаралар Жемқорлыққа жол жоқ »

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 30, 2024

ПАРИЖСКОЕ СОГЛАШЕНИЕ И ПАРНИКОВЫЕ…

Изменение климата является одной из самых серьёзных угроз современности, и углеродные…
Қырқ 30, 2024

️ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІМЕН…

Халықтық штаб мүшелері Б.Рахимов, Т.Ұзақов этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесулері…
Қырқ 30, 2024

Бүгін Халықтық штаб өкілдері…

Ондағы мақсат – 6 қазанда өтетін атом электр стансасын салу бойынша референдумға қатысып,…
Қырқ 30, 2024

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,…
Қырқ 30, 2024

Жас ақындар мен жазушылар арасында…

ЕРЕЖЕСІ1. Жалпы ережелер 1. «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы (бұдан әрі –…
Қырқ 30, 2024

АЭС салудың халықаралық тәжірибесі

Атом электр станцияларын (АЭС) салу және пайдалану – әлемдегі көптеген елдер үшін энергия…
Қырқ 30, 2024

Безопасность АЭС для Балхаша: мнение…

С ростом потребности в устойчивых источниках энергии Казахстан всерьез рассматривает…
Қырқ 30, 2024

Хайрушев: Если мы откажемся от АЭС,…

Вопрос строительства атомной электростанции в Казахстане поднимается с самого момента…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет