Жексенбі, 18 Маусым 2017 17:54

Бұл жиын бұрынғыдан басқаша

Тұрақты комиссиялардың біріккен көшпелі отырысынан

 

6 шақырылған мәслихат депутаттарының кезекті біріккен комиссия отырысы Шелек ауылы әкімдігінің мәжіліс залында өтті. Күн тәртібінде төрт мәселе:  «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асырылуы, осы бағытта бөлінген қаражаттың нысаналы игерілуі және ауданымыздың 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №11-1 шешіміне өзгерістер енгізу. Бұл бағыт бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ермек Жәкеев есеп берді. Ал аудандық жұмыспен қамту орталығының атқарған жұмыстары аясында орталық басшысы Самат Буянбаев мінберге көтерілсе, ауданның экономикалық саласын дамыту үшін инвестиция тарту мен мемлекеттік бағдарлама аясында несиеге қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар туралы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрболат Серғали есебі тыңдалды. Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов жүргізіп отырды.

«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демеп пе еді Шәкәрім. Сол секілді бұл жиын да бұрынғыдан басқаша. Олай деуге негіз бар: аудандағы бө-лім басшылары, Шелек өңірі бойын-ша қоғамдық кеңес мүшелері де залдан толық орын алды. Сондай-ақ, 11 ауылдың әкімі де есеп беріп, түйткілдерін таразылады.

Сонымен отырыста «Сен тимесең, мен тиме» жоқ. Алғашқы мәселе бойынша Ермек Ильянұлына сұрақтар толассыз қойылды. Оның ішінде бюджетке енгізілетін өзгерістер жайында Бекет Төлегенұлы: – Асы округінің электр жүйесін жаңғыртуға бөлінген 175 млн теңгені қайтарып отырмыз. Неге? Себебі, жобалау-сметалық құжаттамасының уақыты өтіп кеткен. Осындай олқылыққа кім жауапты? Әрине, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі. Енді міне, кадрлар кесірінен тұрғындар жапа шегуде. Қаншама үй жарықсыз отыр – деді. Алайда, бұған жауап беретін бөлім басшысы Дәурен Мәлібеков болмады. Белгілі себептермен сұранып кеткен. Ендігі кезекте Ермек Жәкеевке берілген қаражаттың сапалы игерілуіне бақылау жүргізу тапсырылды.

Сонымен кезек Нұрболат Серғалиге берілді. Ауданға инвестиция тарту мәселесі жөнінде толыққанды жазылған баяндамасын оқыды. Алдағы уақытта да бұл бағытта жұмысты күшейту керектігі айтылды депутаттар тарапынан.

Ал Самат Буянбаев «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарлама-сы шеңберінде биылдың өзінде 1200-ге жуық азамат жұмыспен қамтылғанын, бағдарламаның екін-ші бағыты бойынша кәсіп ашуға ниеттілер саны артқанын сөз етті. Алайда, ауылдағы тұрғындарға бағдарлама шеңберінде нақты түсіндіру жұмыстары әлі де жеткіліксіз екенін ашып айтты депутаттар. Осы бағыт бойынша жұмыстарды жетілдіру тапсырылды.

Кейіннен округ тұрғындары-ның да есептері тыңдалып, бірқатар сын-ескертпелер нақты «адрестерге» жолданды. Атап өтсек, Тескенсу ауылында жыл басынан мал ұрлығы көбейген. Бүгінге дейін 7 факт тіркелген, салдарынан 50-ден астам бас қолды болған. Бұл турасында жергілікті полиция қызметінің басшысы Айдос Жүнісовке ескертіліп, жұмысты күшейту тапсырылды. Ал Шелек ауылында күні кеше біткен жаңа балабақшаның төбесінен су ағып тұрғандығын ашына айтты Бекет Төлегенұлы. Сонымен қатар: – Біз екі күнде он бір округті аралап шықтық. Тұрғындармен кездестік. Өтініштерін тыңдадық. Әлі де түйіні тарқамаған түйткілдер жетерлік. Айталық, аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасы-ның 12 пайызы ғана талапқа сай. 30-дан астам білім ошақтарына күрделі жөндеу жүргізу керек. Қаражота ауылындағы су құбыры «Шелек су құбыры» мекемесіне берілгенімен әлі күнге тіршілік нәрі тұрғындарға жетпеген – деді мәслихат хатшысы. Әрі Шелек өңірі бойынша суармалы су мәселесінің жағдайы тұрғындарға әлі толыққанды түсіндірілмегендігін айтып, мінберге ҮАК басшысы Мұрат Жұмашевті шақырды. Ол өз кезегінде көпшілік алдында мәселенің мән-жайын айтып берді. Тұрғындар сұрағына тіл қатты.

Жиын соңында аудандық мәслихат депутаты «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев:

– Ардақты әріптестер, құрметті көпшілік, бүгін айтылған сөздер осында қалмасын. Әркім осы мәселелерді тұрғындарға барынша жеткізуі тиіс. Осында отырған әрбір азамат өзіне артылған жауапкер-шілікті сезінсе ғана тұрғындарға дұрыс түсінік барады, – деді.

Иә, мәслихаттағы ашықтық, депутат пен тұрғындар арасындағы тығыз байланыс, көшпелі комиссия отырыстары... бәр-бәрі үлкен ізденіс пен толымды тәжірибенің тоғысуынан туындаған тың өзгерістер екеніне тағы бір мәрте көзіміз жетті осы жолы.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 2440 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 19, 2025

Атамекен Отаны – Бейбіт өмір ауылы

Тарих бетіне үңілсек, 1722 жылы Бірiншi Петр: «Қазақ Ордасы бүкiл Азия елдерi жерлерiне…
Маус 19, 2025

Қажырлы еңбек — ел мүддесіне адал…

Қытайдың Боғда тауының Күнгейінен Қазақстанға көшіп келген жерлестердің бас қосуында…
Маус 19, 2025

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден кім кетпеген, Ащы қайғы кімдерді жүдетпеген. Еске алып дұғасына…
Маус 19, 2025

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп…

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің…
Маус 19, 2025

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы «Атамекен – ұлттық рухтың бесігі»…
Маус 19, 2025

Жаңарған ғимарат – жаңа мүмкіндіктер

Денсаулық сақтау жүйесін дамытып, сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша…
Маус 19, 2025

Алғыс пен құрмет иелері

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина саласындағы қызметкерлердің кәсіби…
Маус 19, 2025

У нас союзнические отношения с…

Заместитель директора ТРК Президента РК Аскар Джалдинов спросил Президента России…
Маус 19, 2025

«Я не вижу никаких осложняющих…

 Отвечая на вопрос заместителя директора ТРК Президента РК Аскара Джалдинова, Президент…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет