Бейсенбі, 29 Маусым 2017 19:57

Салиқалы ғұмыр иелері

      «Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік» – деп айтқан Елбасымыз. Ешбір байлыққа алмастыра алмайтын Тәуелсіздік таңына – батыр бабаларымыз бен  майдангер ардагерлеріміздің арқасында жеткеніміз анық. Сондықтан болар бейбіт күннің қадірін,  көнекөз ардагерлерден артық түсінетін жан жоқ шығар, сірә. Биыл еліміздегі ең үлкен қоғамдық бірлестік, қазыналы қарияларды бір шаңырақ астында біріктіріп отырған «Ардагерлер» ұйымының құрылғанына 30 жыл толды. Айтулы мереке біздің ауданда да айрықша аталып өтті. Аудан әкімінің қолдауымен «Алатау HOOL» мейрамханасында өткен шарада ҰОС ардагерлеріне, ақсақалдар алқасы мен әйелдер кеңесінің төрағаларына, төрайымдарына және мүшелеріне арнайы құрмет көрсетілді.

      Қазақстанның келешегі кемелдене түсуіне маңдай терін төгуден шаршамаған ардагерлерге қандай құрмет көрсетсек те артық емес әрине. Осы орайда алғашқы сөзді алған аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлы еліміздің өткені мен бүгінінен кеңінен сыр шертіп, жиылғандарды мерейлі мерекемен құттықтай келе:

     – Еліміздің дамуында кешегі жалындап тұрған жастар, бүгінгі ардагерлердің үлесі зор. Алмағайып заманды бастан кешкен қариялар қазіргі күнгі ұрпағына жол сілтер ақылманға айналды. «Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария» демекші, мұндай жандардың қатары біздің ауданымызда жетерлік. Өнегелі өмірімен жұртына сыйлы ақсақал көп. Оларды бөле жарып айта алмаймыз. Ақсақалды қарттар мен ақ жаулықты аналарға қашан да төрден орын берген қазақ халқының бүгінгі ұрпағы да үлкендерге иек артпай қадам жасамақ емес. Ал, республикамыздағы барлық ақсақал жасындағы зейнеткерлердің басын біріктіріп, ауқымды іс-шаралардың басынан табылып жүрген «Ардагерлер ұйымының» жөні бөлек. Аталмыш бірлестіктің Еңбекшіқазақ ауданындағы филиалын өңірдегі беделді қоғамдық ұйымдардың бірі әрі бірегейі деп нық сеніммен айта аламыз.

     Себебі, бірлестіктің мүшелері – ардагерлер, өмірдің ыстық суығына төзіп, талай сыннан сүрінбей өткен арда ерлер. Бауыржан Момышұлы «Ұлттық рух – ұлы адамның және тұтастай алғанда ұлттың да асыл қасиеті» деп атап көрсеткендей, тәуелсіздіктің тұрақтылығы мен мәңгілігі қазіргі ұрпақтың оны түйсініп, түсінуінде жатыр. Бұл туралы, Елбасы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің IV  съезінде: «Сіздерден басқа кім жастарға рухани-патриоттық күш-сезімді, азаматтықты көрсете алады? Сіздер ғана жас ұрпаққа туған елге деген сүйіспеншілікті үйрете аласыздар» деген болатын. Сондықтан да ерік-жігерін ұрпағының жарқын болашағы үшін сарп еткен қарияларымызды қадірлеу – баршаның міндеті – деп ардагерлердің отбасыларына амандық, өмірлеріне жақсылық, ұйымдарына табыс тіледі.

     Мереке барысында аудан әкімі Бинәлі Ысқақ пен аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов ізгі ниетпен ардагерлерге ұзақ жылғы адал да абыройлы еңбектері үшін алғыс хаттар табыстады.

     Салиқалы жиында құрметпен сөз кезегі Алматы облысы ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Тұрарбек Тұраш-ұлына берілді. Елағасы өз кезегінде: – Ардагерлеріміз өздерінің шын ниетімен мем-лекетіміздің нығаюы үшін еңбек етіп келеді және оны ешқашан міндет қылған емес. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында еліміз өркендеді, әлемге танылды. Ендігі, басты құндылығымыз тәуелсіздігімізді, бірлігімізді көзіміздің қарашығындай сақтау. Жастарымызға оң тәрбие беріп, теріс діни ағымдарға ермеуін қадағалау үлкендердің міндеті. Соңғы 30 жылдың ішінде осы тұрғыда ұйымымыздың атқарған еңбектері ерен – деп ардагерлерге үлкен құрмет көрсетіп отырған аудан әкіміне алғысын білдіріп, ардагерлерге тілегін жеткізді. Құттықтау сөзді жалғаған ардагерлер ұйымы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы Тілеулес Ұзақов ардагерлердің қадір-қасиетін, парасатты пайымды істерін кеңінен баяндап: – 1987 жылдың 21 наурызында құрылған «Ардагерлер ұйымының» Еңбекшіқазақ ау-дандық филиалында 27320 ардагерлер қамтылған. 120 бастауыш ұйымы бар, олардың ішінде 14 ҰОС ардагері, 52 ҰОС ардагерлерінің жесірі, 1626 тыл ардагері, 203 ауған соғысының ардагері, 71 Чернобыль апатының қатысушылары.

    Қоғамдық қабылдау барысында 2016 жылы 198 арыз-шағым түсіп, барлығы толығымен шешімін тапты.  Ауданымызда бірқатар ардагерлердің құрметіне арналған спорттық турнирлер де жиі болып тұрады. Сондай-ақ, «Ардагерлер ұйымы» мүшелері де әртүрлі жарыстарға қатысып жүлделі орындардан көрініп жүр – деп аудандық ұйымның атқарған істері мен жеткен жетістіктерін баяндады.

    Мерейлі отырыста басқа да ардагерлер сөз алып, құттықтау лебіздерін жеткізіп, жақсылықтарымен бөлісті. Ауданымыздың әншілері ардагерлердің құрметіне концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 2895 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 07, 2025

Маймыл шешегі бойынша эндемиялық…

Маймыл шешегі - адамға ауа тамшылары немесе қарым қатынас арқылы берілетін зоонозды,…
Там 07, 2025

Сальмонеллездің алдын – алу.

Сальмонеллез - көбіне асқазан ішек жолдарын зақымдайтын, адам мен жануарларға ортақ, жиі…
Там 07, 2025

Адам папилломасы вирусына қарсы…

Адам папилломасы вирусы (әрі қарай АПВ) – адам ағзасында кездесетін вирустар тобы, олар…
Там 07, 2025

Парентеральды вирустық гепатиттердің…

 Парентеральді жұқпалар, ол – қан мен адам ағзасындағы басқа да сұйықтықтары (сілекей,…
Там 07, 2025

Парентеральды вирустық гепатиттердің…

 Парентеральді жұқпалар, ол – қан мен адам ағзасындағы басқа да сұйықтықтары (сілекей,…
Там 07, 2025

Листериоздың алдын алу

 Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Там 07, 2025

Ұлттық байқаудың үздіктері анықталды

2025 жылғы 31 шілдеде Алматы облысында «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық…
Там 07, 2025

Мерейтой биік мәртебесінде

Абайдың тойы – ғаламның, ғаламдағы бар адамның той десек артық айтқандық емес. Әсіресе…
Там 07, 2025

Алматы облысының әкімі жол жөндеу…

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Кеген–Нарынқол» автомобиль жолының жөндеу…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет