Жексенбі, 06 Тамыз 2017 11:16

Өмір мәні

Шынайы бақыт отбасының берекесі мен бірлікті тірлігі деп түсінетін анам әрқашан «Жанұя ырысын ұрыспен қашырмаңдар» деп отыратын.

Бірде үйге ат терлетіп анамның бауыры келген еді. «Бауырдың орны бір бөлек» десе де анам бұл ет жақынының істеп жүрген тірліктеріне разы емес-тұғын. Кенеттен: «Сен осымен нешінші рет босағаңнан әйел жіберіп, нешінші рет жас жігіт болып отырасың.?» – деп төтесінен сұрақ қояды.

Әпкесінің тік мінезі мен қайсарлығын білетін бауыры да ойын бүкпестен жеткізуге тырысады.

Әпкетай-ау, мен қылмыс жасап отырмын ба. Өзіңіз айтыңызшы? Өздерінің келісімдерімен оларды әйел етіп аламын. Кейіннен түсінісе алмасам, төркініне қайта апарып саламын. Мен де адаммын ғой, аз өмірімді қалауымша өз рахатыма сүргім келеді, – дейді түр-келбеті мен сымбатына сенімді сері бауыры.

Бұл жауапқа көңілі түсіп, басын шайқаған Іңкәр ана:

Сен дүниеге келгенде бүкіл әулет «Осынау қиын-қыстау шақта бізге демеу, сүйеу болатын ер азамат келді» деп қуанған еді. Сен сол қуанышты қайғыға алмастырып, алған әйелдеріңнің отбасынан қарғыс әкелдің. Бұл қалпыңмен жүре берсең, қартайған шақта да өзіңді жас жігіттей сезінесің. Ақыр соңында жалғыз қалып, тізеңді құшақтайсың. Біле білсең, ер азаматтың міндеті – алған жарына адал болып, ұлағатты ұрпақ өрбіту. Солардың ешкімнен кем қылмай қатарға қосу. Егер де сен осы қалпыңнан тура жолға түспей, теріс кете беретін болсаң менің босағамнан аттаушы болма. Үйіме тек сүйген жарың мен балаларыңды ертіп келетін бол – деп зілді де тұщымды жауап қатады.

Уақыт өтіп, бауыры есін жиып, текті жердің қызын алып шаңырағын тіктейді. Балалары бірінен кейін бірі дүниеге келіп қуаныштарын еселейді. Тек содан кейін Іңкәр әпкесінің табалдырығын аттайды. Айтқан сөзінің далаға кетпегеніне куә болған ана бауыры мен оның отбасын зор ықыласпен қабылдап, құрақ ұшады. Ал бауыры болса өмірдің мәнін енді ұққанын жеткізіп, сол отбасымен береке-бірлікте ғұмыр кешеді.

Ата-анама не айтамын?

Сүрінсең сүйеу, құласаң тіреу, қалжыңдассаң құрдасың, мұңыңды айтсаң сырласың болар бауырға не жетсін, шіркін...

Бүгін Іңкәр ана ауылға бармақ. Сапар мақсаты – бауырларын көріп, хәл-жағдайларын біліп қайту. Кезекті әдетімен қыздарына, ұлына қоңырау шалды:

Әй, амансыңдар ма? Мен бүгін ауылға аттанамын. Үйлеріңде бар дүниелеріңді жинап, сөмке дайындап қойыңдар. Кимейтін киімдеріңді де ұмытпаңдар. Маловод-ныйдағы аға-бауырларымның балаларына бір пайдасы тиер.

Анасының айтқаны ұлы үшін заң. Қолынан келген көмегін беруден тайынған емес. Қызы болса пенделікке салынып:

Осы Сізді ауылға барған сайын дорба-дорба жүкпен аттандырамыз. Ұлыңызға көп салмақ сала бермесеңізші. Бауырларыңыздың да балалары, өз отбасы бар ғой, – деген сөзіне ақылды ана аса бір ашу шақырмай:

Е, қызым, мына фәни дүниеде әр нәрсенің өз орны бар. баланың өз орны, бауырдың өз орны дегендей... Балаң – бауыр етің. Өміріңнің өрнегі. Қаз дауысты Қазыбек би:

«Балаң жаман болса,

Көрінгеннің мазағы емес пе» – деп осындайда айтса керек. Аллаға мың тәубә, қыздарымды қияға қондырдым. Ұлым өзім армандағандай атасының емес, адамзаттың ұлы болды. Мен ешқандай таршылық көріп отырған жоқпын. Жегенім алдымда, жемегенім артымда. Ал ауылдағы ағаларың мен әпкелерің бір кіндіктен тыныс алып, бір құрсақтан шыққан ет жақындарым. Бүгін мен мұнда баршылықта жүргенімді қайтейін, бауырларым таршылықта күн кешсе. Барлығымыздың да барар жеріміз бір. Ертең шын өмірде анам мен әкемнің: «Бар боп тасыдың. Неге бауырларыңа көмегіңді бермедің?» деген сұрағына қалай жауап беремін. Әрбір адам шын өмірдің бар екенін ешқашан ұмытпауы керек. қолыңнан келсе көмегіңді бер, одан қалтаң қайырылып қалмайды, – деп жауап береді абзал ақыл иесі.

Ананың сөзі жанындағыларды шын ойландырды. Содан бері анасы ауылдағы бауырларына жинала бастаса, барлығы да сөмке әзірлеп, артық сөзсіз өздері алып шығатын болды.

Адамгершіліктен алыстағаның-

Алладан алыстағаның

Жылағанда жанымызды демеп, мұңайғанда медет, өмірдің соқтықпалы-соқпақты сәтінде дұрыс жол сілтер шоқ жұлдызымыз, бұл фәниде көргені көп, түйгені мол абыз анамыз еді. Көзімізден кеткелі өмір парағымыздың бір беті бүгіліп қалғандай дел-сал күй кешіп жүрміз. алайда, көңілімізде өрелі өсиеттері күні бүгін айтылғандай жаңғырып тұр, – деп ойлы жанармен бір нүктеге тесіле қарады Қасқыр аға.

Іңкәр анамыз туралы естеліктер көкейінде сайрап тұр. Алайда, тілмен жеткізе алмады-ау шамасы... Сәл үнсіздіктен кейін:

Мен жоғары оқу орнында оқып жүргенде Іңкәр ананың үйінде тұрдым. Дастархан басында болсын, екеуміз қалған сәттерде болсын айтатыны – адамгершілік, бауырмалдық туралы нақыл сөздер мен әңгімелер. Бәлкім, сол кезде оң-солымызды танымаған сәтіміз болар, оған көп мән бере бермейтінбіз. Уақыт өте келе айтқан ұлағатты ойлары есіме әлсін-әлсін оралып, таңданатын күніміз аз болған жоқ. Әсіресе:

Балам, байлық пен мансаптан алыстасаң да адамгершілік пен адалдықтан алыстай көрме. Адамгершіліктен алыстағаның – Алладан алыстағаның, - дегені өмірлік ұстанымыма айналды, – дейді Қасқыр аға.

Әңгімелерді жазып, баспаға әзірлеген

Алмагүл НҰҒМАН.

Оқылды 2669 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Әр мұсылман парызы Өмір мәні »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 22, 2025

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы: Тағзым және…

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Алматы облысындағы соғыс ардагерлеріне 5 млн теңге…
Сәу 22, 2025

KT&G компаниясының Алматы…

Қарасай ауданына қарасты Көкөзек ауылында «KT&G Kazakhstan» ЖШС зауытының салтанатты…
Сәу 21, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 18, 2025

Интернет алаяқтықпен күрес күшейтілді

Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар интернет алаяқтық түрлері де қарқын алуда. Осы…
Сәу 18, 2025

Табиғатқа инвестиция: Есік көлін…

Алматы облысы аумағындағы «Есік көлін» жаңарту мақсатында, 2024 жылдың 20 желтоқсанында…
Сәу 18, 2025

Тұрақты даму мақсаттары

2025 жылдың 9 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Экономика және…
Сәу 17, 2025

Сарсаңға салған «синтетика»

 Әр заманның, қоғамның өзінің кемшін тұстары болады. Кешегі Кеңес үкіметі тұсында қазақ…
Сәу 17, 2025

Балық шаруашылығының бағбаны еді

1940 жылдың 24 сәуірі Олжаевтар әулеті үшін ерекше күн болды. Өйткені, нақ аталған күні…
Сәу 17, 2025

Сарқылмас білім бұлағы

Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа…

Күнтiзбе

« Сәуір 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет