Жұма, 13 Мамыр 2016 15:17

Ерлікке тағзым

«Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың әруағының алдында қашанда қарыздармыз». Мемлекет басшысының осы бір өрелі ойы Тәуелсіздік жолында құрбан болған бабаларымыздың арман-үмітін ақтағандай. Иә, олар ел басына күн туғанда етігімен қан кешті. Сондықтан болар, ерлік – елге мұра. Сол мұраны қадірлеп, тарихын танымаған жан, текті ұрпақ боп жарымайды.

 

Сұрапыл соғыстағы ерлер ерлігіне тағзым ету үшін жеңіс күні сіркіреп жауған жаңбыр да бөгет бола алмады. Тіпті, мәңгілік алаудың қадір-қасиетін арттырды. Аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, Ұлы Отан соғысының ардагері Солтанбай Жарықбасов, аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов бастаған азаматтар Бәйтерек округіндегі мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Отты ортадан оралмаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. 6654 әскери бөлімі оркестрінің орындаған әуезді әнімен құрметті қонақтар белгіленген орынға жайғасты. Ұлы Отан соғысындағы батырлар ерлігін ұрпаққа үлгі етіп, өткен мен бүгіннің арасындағы сабақтастықты әдемі бейнелеген қойылыммен сахна түндігі түрілді. Аудан әкімі Бинәлі Ысқақ барша жиылған қауымды Жеңіс күнімен құттықтады әрі алапат айқастағы батырларымыздың жанкешті ерлігін кейінгі буынға үлгі етті.

– «Отан үшін отқа түскен» халқымыздың мызғымас бірлігі мен достығы ауыр сыннан абыроймен өтіп, даңқты әкелеріміз бен аналарымыздың қаһармандық пен қайтпас қайсарлықтың шынайы үлгісін көрсеткен биік рухы мен жалынды жігерлерінің, еселі еңбегінің салтанат құрған күні. Ендеше, баршаңызды осынау мерейге толы Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы Отан соғысы жылдары тарих қойнауына ұзап барады, бiрақ бiз еліміздің берік қорғаны бола білген батырлардың есiмiн ешқашан ұмытпаймыз.

Құрметтi ардагерлер, Сіздерге туған өлкемiздiң игiлiгi үшiн атқарған адал еңбектерiңiз, даналық өмiрлерiңiз және белсендi азаматтық ұстанымдарыңыз үшiн мың да бiр алғыс. Себебi бүгінгі таңда жарқын болашаққа қарай батыл қадамдап келе жатқан Тәуелсіз Қазақстанның iргетасы сiздермен қаланған.

Иә, былтыр ғана 33 ардагеріміз Жеңістің 70 жылдығында төрімізден табылып еді, биыл небәрі 23-і ғана қалған. Бұл турасында:

– Отты жылдары солардың қатарында ауданымыздың 5881-ге жуық азаматы қатысып, тең жартысынан астамы елге қайта оралмады. Бүгінгі таңда, туған жеріне қайсарлық пен батырлықтың туын көтеріп аман оралған Ұлы  Отан соғысы ардагерлерінен көзі тірі тек 23 ақсақалымыз ортамызда жүр. Сол сұрапыл соғыстың майданында өшпес ерлігін көрсеткен әрбір ардагердің есімін, сондай-ақ Кеңес Одағы Батырының «Алтын Жұлдыз» орденімен марапатталған Қашаған Жаманғараев, Рақымжан Тоқатаев, Төле Кенжебаев, Төлен Қабылов, Әлікбай Қосаев, Петр Вихрев, Жүнісбай Қайыпов, Николай Терехин, Сергей Шахворостов, «Даңқ» орденінің толық иегерлері Николай Сушков пен Ибырайым Қалдыбаевтарды ерекше мақтан тұтамыз – деді аудан басшысы.

«Неменеңе жетістің бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр...» деп налыған еді мұзбалақ ақын Мұқағали. Расында, жылдар желісі алға жылжыған              сайын ардагерлеріміздің қатары сиреп барады. Дегенмен, ұлт тағдыры таразыланған тұста қара бастың қамын емес, қараша халықтың бейбіт таңын биік қойған есіл ерлеріміздің есімі ұрпақ жадында. Оны ешкім де, ешнәрсе де ұмыттыра алмайды. Нөсерлі жауынға қарамай, қолдарындағы жалаушаларын биік желбіреткен жастарды көріп, осыны ұқтық.

Шара патриоттық әндерге ұласты. Кейіннен дәстүрлі «День победы» әні шырқалып, отшашу рәсіміне кезек берілді.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

 

***

 

Есікте

 

Отан үшін отқа түсіп, қан майданда кеудесін оққа тосқан батырларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Елінің амандығы, жерінің азаттығы жолында қолына қару алып, жауға қарсы тұрған ардагерлердің құрметіне 9 мамыр күні Есік қаласында «Ерлік – елге мұра» атты мерекелік шара өтті. Оған аудан әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Құдайбергенов, қала әкімі                 Бауыржан Бименов, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты.

Мерекенің басында қонақтар мен ардагерлер Ұлы Отан соғысында құрбан болғандардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Ардагерлер отты жылдарда өздерімен бірге болған майдандастарына қойылған ескерткіштің алдында көз жастарына ерік берді. Күңіренген көк аспан да елмен бірге мұңайып, жылап жатты. Десе де, нұр себелеген ауа-райы мерекенің жоғары дәрежеде өтуіне кедергі келтірмеді. Салтанатты рәсімнің ашылуында Бауыржан Бименов:

– Бабалар ерлігі – ұрпаққа өнеге. Бүгінгі бүлдіршіндеріміз, жастарымыз өз аталарының жасаған ерен ерліктерімен сусындап, Сіздерді өздеріне үлгі етеді. Жыл сайын ұйымдастырылатын Ұлы Жеңіс мейрамының мақсаты да сол – жастарды патриоттыққа тәрбиелеу – дей келе, қала тұрғындары мен қонақтарды мерекемен құттықтады. Жұртшылыққа жеңісті күндер тілеп, тек бірлікте өмір сүру керектігін жеткізді. Сондай-ақ, Есік қаласынан Ұлы Отан соғысына аттанғандар жайлы сөз қозғады.

Абылай хан атындағы орта мектептің оқушылары батыр аталарына гүл шоқтарын ұсынып, баталарын алды. Есік гуманитарлық-экономикалық колледж студенттері мен аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ән салды. Әскери билерімен қонақтарды тамсандырып, мерекенің сәнін келтірді.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

 

 

***

 

Шелекте

 

Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесін шелектіктер де қуанышты көңіл-күймен тойлады. Ауыл ардагерлері, мекеме, ұжым өкілдері Отан қорғаушылар ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ерлікке тағзым етті.

Жиналған жұртшылықты аудан әкімінің орынбасары Алтай Досымбаев әкім Бинәлі Ысқақтың және өз атынан құттықтап, Ұлы Жеңіске үлес қосқан жерлестеріміздің ерліктерін сөзіне арқау етті. Отан үшін өмірін қиғандарды үнсіз еске алды. Одан кейін Кеңес Одағының Батыры Төле атаның баласы, еңбек ардагері Сыдық Кенжебаев, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Рақымбек Қағазбеков құттықтап сөз сөйледі. Алаңнан сегіз мектеп, екі колледж ұландары сап түзеп, жүріп өтті.

Ұлы Жеңістің 71 жылдық қуанышын көрген екі шелектік соғыс ардагері қалыпты. Оның бірі – В.В Щегловтың үйіне арнайы барып округ әкімі Есенғали Есенханов құттықтап, сыйлығын табыстаса, шеруге қатысқан соғыс ардагері П.Л. Чебаненконы дүйім жұрт алдында марапаттады.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев сайлау науқанында және қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан іскерлігі үшін еңбек ардагері Бақтығали Мұқанов пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбілбек Айтақыновқа Елбасы Н.Назарбаевтың Алғыс хатын салтанатты түрде табыс етті. Ардагер ұстаз Шайымхан Уәлиева Елбасына арнаған өлеңін оқыды.

Мереке мектеп оқушылары мен мәдениет үйінің өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

 

***

Ақтоғанда

 

Ақтоған ауылында клуб директоры Камал Тайзакова мектеп әкімшілігімен бірігіп Ұлы Жеңіс мерекесінде «Көгілдір алау» шарасын ұйымдастырды.

 Ауылда көзі тірі соғыс ардагерлері қалмаса да, оншақты тыл ардагерлерін құрметті қонақ етіп, төрге шығарды. Отан үшін от кешкен ерлерді үнсіз еске алды. Ел Гимні орындалды. Тұрғындарды Жеңіс күні мерекесімен құттықтап Қаражота селолық округі әкімі аппаратының бас маманы Дәурен Жексембай, мектеп директоры Роза Шаймерденова, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мереке Абдікәрімов жылы лебіздерін білдірді. Тыл ардагерлеріне шапан кигізіп, орамал сыйлады. Ауыл, мектеп оқушыларының концерті тамашаланды. Сұрапыл соғыс жылдардан сахналық қойылым көрсетілді. Мерекелік дастарханнан дәм татып, ақсақалдардан бата алып, тарасты жұрт.

 

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

 

***

Ақшиде

 

Адамзат баласына орасан зор қайғы-қасірет, орны толмас өкініші мол жазылмас ауыр жара салып кеткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске биыл 71 жыл. Осыған орай Ақши орта мектебінде салтанатты жиын өтті. Мерекелік кешке мекеме басшылары мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ұлы Жеңісті жанқиярлық еңбегімен жақындатқан Ұлы Отан соғысы кезіндегі екпінді еңбек ардагерлері қатысты.

Ақши селолық округінің әкімі С.Айтбаев пен мектеп директоры С.Жошыбаева барша қонақтарымызды Ұлы Жеңістің 71 жылдығымен құттықтады. Салтанатты жиында мектебіміздің оқушылары өздерінің әндерін айтып, билерін билеп, қонақтардың көңілін  көтерді. Мерекеге жиылғандар мен мектеп оқушылары Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлеріне гүл шоқтарын тапсырды. Салтанатты жиынның соңында Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға арналған ескерткішке гүл қою рәсімі мектебіміздің биылғы жылғы түлектеріне және олардың ізбасарлары 10 сыныптарға берілді.

 

Б.ТІЛЕУМБЕТОВ,

 Ақши селолық округі әкімі аппаратының жектекші маманы.

 

 

***

 

Қырбалтабайда

 

9 мамыр күні Қырбалтабай ауылындағы «Отан-Ана» ескерткішінің жанында мерекелік жиын өтті.

Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар және соғыстан кейін қайтыс болған ардагерлерге құрмет көрсетіліп, бір минут үнсіздік жарияланды. Округ әкімі А.Темешов жиналғандарды Жеңістің 71 жылдығымен құттықтап, «алдағы уақытта қаруды тек бейбітшілік жағдайда ұстайық, әр шаңырақта бақыт орнасын» – деп сөзін аяқтады.

Сіркіреп жауған жауынға қарамастан ескерткішке гүл шоқтары қойылып, тағзым етілді. Жиналғандар оқ пен оттың астында жүріп елін, Отанын қорғаған аталарымызға аз ғана уақыт жаңбырдың астында тұрып құрмет көрсету түк емес деп, бір-бірін Жеңіс күнімен құттықтап тарасты.

Сонымен қатар, Ұлы Жеңіс мерекесіне орай округ аумағындағы білім ошақтары мен мемлекеттік мекемелерде түрлі шаралар ұйымдастырылды.

 

Е.СҮЙЕНІШЕВ,

округ әкімі аппаратының

бас маманы.                                     

 

***

6654 әскери бөлімде

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы 6654 әскери бөлімі үшін ерлік ұғымын ұлықтар Отан қорғаушылар күні» асыға күтетін мереке. Биыл да, офицерлер, келісім шарт бойынша қызмет етуші сарбаздар мен жеке құрам салтанатты киініп әскери бөлімнің орталық алаңында сап түзеді. Жауынгерлік Ту ортаға шығарылды

Бөлім командирі Константин Қуатов сөз сөйлеп, Отанды қорғау бабалар аманаты екендігін жеткізді. Ел басына күн туса, оққа қарсы кеудесін төсер батыр, қайтпас қайсар болуға үндеді. Сондай-ақ, өз қызметінде үздік атанған офицерлер мен сарбаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімін өткізді.Осыдан кейін бөлім құрамы ән шырқап салтанатты шеру жасап өтті. Ертеңінде спорттық ойын алаңында сап түзеген сарбаздар осыдан 71 жыл бұрын дәл батыр бабалары секілді «Берлинге шабуыл жасау» және «Рейхстагққа  Ту тігу» спорттық ойынын бастады. Бұл  бастама  Ұлы Жеңіс күнін ұлықтау, сарбаздар бойында отансүйгіш қасиетті қалыптастыру мақсатында әскери бөлім басшылығымен аса мұқият ұйымдастырылды. Жарыс ережесімен егжей-тегжей танысқан қатысушылар 3 шақырымға толығымен жарақтанып жүгіру, арқанға өрмелеу, граната лақтыру, қол күрес, күрес, гір тасын көтеру, кедергілерді өтіп келіп жасанды танкті жою және ең соңғы аса ауыр «Рейхстагққа Ту тігу» тапсырмасын ойдағыдай орындап шықты. Бөлім басшысы Константин Қуатов жарысқа жетекшілік етіп, қатысушы құрамалардың кемшіліктерін айтып, жетістіктерін де қуана жеткізіп отырды. Шаршау, тер төгу, қара жер үстімен жата жылжу, ауыр заттарды арқалау сарбаздарды жауынгерлік тұрғыдан шыңдап, Ұлы Отан соғысының қаншалықты ауыр, жеңістің қаншалықты азапты болғандығын танытқандай болды. Таң ата басталған жарыс кеш бата тәмамдалды. Сарбаздар жүзінде қиындықтан гөрі, қуаныш табы байқалып тұрды. Үздік шыққан құрамалар Константин Қуатовтың қолынан арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар және сенбі, жексенбіде сейіл-серуен құруға рұқсаттар алды.

Әділет САРЫБАЕВ,

кіші сержант.

 

 

***

 

В селе Азат

 

В школе с. Азат есть  традиция проведения месячника «Патриот». Она включает благоустройство территории школы и  памятника участникам Великой Отечественной, посажены деревья и кусты роз. Была организована акция «Трудовой десант» для  одиноких пожилых односельчан. Учитель истории  Г.Ажинурова и учитель русского языка и литературы Р.Курбанова организовали клуб «Юных следопытов», собрали фотографии погибших односельчан  и ветеранов войны  для создания видеоролика «Война глазами детей». Ученики 5-9 классов писали сочинение «Никто не забыт, ничто не забыто». Проведен смотр строевой песни под руководством учителя физической культуры С. Рахимова, беседы о подвигах советских воинов и героизме тружеников тыла.

В завершение месячника на торжественную линейку были приглашены ветераны труда, «дети войны», члены совета старейшин  нашего села.  Под руководством учителя Р.Курбановой была подготовлена литературная  композиця  «Война глазами детей» на трех языках, показаны  танцы, символизирующие мир, дружбу, согласие, счастливое детство. По окончании линейки гости мероприятия, учащиеся школы вместе с педагогами возложили цветы к памятнику павшим воинам в Великой Отечественной войне и запустили воздушные шары с надписями «Мир, Дружба, Согласие».

 

Р.АЗИЗОВА, зам.директора по воспитательной работе НСШ с.Азат.

 

 

***

 

В селе Балтабай

 

День 9 Мая в  Балтабайском  округе  прошел в в средней школе с. Балтабай.  Аппарат, инструкторы по молодежной политике и спорту акима Балтабайского  округа, ученики и учителя  школы  подготовили концерт, посвященный ветеранам войны  и труженикам тыла.  С поздравлениями перед гостями праздника выступили участник Великой Отечественной войны  Вячеслав Павлов, заместитель акима Енбекшиказахского района Даулет Нургисанов, аким Балтабайского сельского округа Бахытгуль Дуйсебекова и депутат маслихата Енбекшиказахского  района  Гульсара Егинбаева.

Акимат Балтабайского сельского округа также пригласил ветеранов на торжественный обед,   где  труженики военного тыла К.Борзихина, Р. Амраева, М. Крохотина, А. Алженбаев, С. Бекмуханбетов рассказывали о запомнившихся эпизодах военного времени.  В завершение праздника состоялась церемония возложения цветов к памятнику павшим  в Великой Отечественной войне.

 

И.Викторов.

Оқылды 8915 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ерлікке тағзым Шығыстағы қауіпке қарсы тұрдық »

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет