Бейсенбі, 08 Қараша 2018 11:25

Қыз — өмірдің гүлі

       Иә, қыз – өмірдің гүлі деп жатамыз. Өсіп, бойжеткен қыз бала өмір гүлі сияқты жан-жағына шуақ шашып, анасына қолғабыс жасайды, мектебінде сабағын жақсы оқиды. Қыз балаға қазақ халқы ертеден ерекше көңіл бөлген. 15 жасқа толған кезден-ақ құтты орнына қондырып, оң жақта отырып қалмауына көңіл бөліп, келін атанып, ана бақытын сезінуіне септігін тигізген. Қызды қырық үйден тыйып, ертерек қолға алған. Ал, қазір заман өзгерген. Елімізде ел-жұртына үлгілі, батыл, білімді қыздар өсіп келеді. Халықтың тұрмысы жақсы болуынан қыз балаларын ұзату тойымен шығарып салып жатыр. Керісінше, ерте кетіп қалмаса екен дейміз.

Газеттің тұрақты оқырманы болғандықтан, бір нөмірді жібермей оқып отыратын жайым бар. Әсіресе, отбасы, бала тәрбиесі, әлеуметтік мәселелерді жиі көтеретін газет тілшісі Алмагүл Нұғманның «Ұлтың жақсы болсын десең, қызыңды тәрбиеле» деген бұл жолғы мақаласын оқып, қолыма қалам алдым. Өте өзекті мәселе. Көпшілікке арналған мақалаға ешкім бей-жай қарай алмасы анық. «Қыз өссе, елдің көркі», «Қызым үйде, қылығы түзде»,  «Қыз – өмірдің айнасы», «Анасын көріп, қызын ал. Ыдысын көріп, асын іш». Қыз балаларға арналған халық даналығы да жетерлік. Бала тәрбиесі бесіктен басталады демекші, әсіресе, қыз балаларға балабақша, мектептен бастау алатын тәрбиеге жіті көңіл бөлу керек қазіргі заманда. Тек мектепке сілтеп қоймай, ата-аналар да үй ішінде қадағалап отырса нұр үстіне нұр болар еді. Қыз баламен қатар ұлдардың да мінез-құлқының дұрыс қалыптасуын қатаң бақылау керек. Әсіресе, бойжеткен, бозбала шақтарындағы түрлі өзгерістерге түсіністікпен қараған жөн. Қазір жөнсіз сән қуып қыздарымыз тізесінен балтырына дейін жыртық джинсы шалбарларды киіп, шаштарын жайып жүрулері өте өрескел дүниелер. Байқасақ, жастарымыз ғаламтор, смартфондардан қолдары босамайды, кітап оқу алыстап кетті ой-санадан. Ондай қыздар мен ұлдар болашақта балаларына қандай тәрбие бермек?!

Ұлттың болашағы тәлімді аналарға байланысты дегені де бекер емес-ау бабалардың.  Мысалы, біздің Қырбалтабай ауылында 7 қызды тәрбиелеп, қияға қондырған асыл ана бар. Өзі 30 жыл мектептерде есепші болып жұмыс жасаған. Жеті қыз, бір ұлды жолдасы Әміртай Кезбаев-пен бірге жеткізген аяулы ана Райша Кезбаева бүгінде үлкен әулеттің ақылшысы, көнекөзі. Қыз баласына тән барлық қасиеттерді қыздарының бойына сіңіріп қана қоймай, оларға үй шаруасын дұрыс жүргізуді де үйрете білген. Ана тәрбиесін алған қыздары қазіргі уақытта өздері де бір-бір үйдің келіні, ана атанып отырған жайлары бар. Бүгінгі бойжеткеннің ертеңгі ана, ұрпақ тәрбиелеушісі екенін ешқашан ойымыздан шығармауымыз қажет. Тиісінше, ұлттық  тәрбиеге зор мән беру керек. Қызы жақсымен құда болу – барлық ата-ананың тілегі, сондықтан қыздарымыздың жүріс-тұрысын жіті бақылайық.

 

Хадиша Қоқымбаева,

 газет жанашыры, тұрақты оқырман.

Оқылды 3684 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Әжелер әнмен әуелетті Қыз — өмірдің гүлі »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет