Бейсенбі, 19 Мамыр 2016 15:17

Вице-министр тың өзгерістер жайлы

Жақында Білім және ғылым вице-министрі Елмира Суханбердиева Есік қаласындағы орталық мәдениет үйінде орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы туралы түсінік берді. Оған аудан аумағындағы білім мекемелері басшыларынан бөлек Талғар, Ұйғыр, Панфилов, Райымбек аудандарынан да арнайы делегация ат басын тіреді. Келелі жиынды Алматы облысы білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлова жүргізіп отырды.

 

Білім саласындағы жетістіктердің көрінісін бейнелеген көрмені тамашалаған вице-министр білім және ғылым жүйесіндегі тың серпінді жұмыстар жайлы кеңінен әңгіме қозғады:

– Білім және ғылым жүйесінде жұмыс 6 негізгі бөлім бойынша жүргізілетін болады. Бірінші, білім берудің инфрақұрылымын, бірінші кезекте ақпараттандыруды дамыту, екінші, үштілділікті дамыту, үшінші, 12 жылдық оқытуға кезең-кезеңмен көшу, төртінші жекеменшік және мемлекеттік секторлар үшін бірдей жағдай жасау, бесінші, білім беру ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, қаржы дербестігі арттырылған ашық бухгалтерия құру және алтыншы, ғылымды қоса қаржыландыру қағидаларына көшу. Бұл бағыттар бойынша жүйелі жоспарлар да құрылды. Оны әрбір ұстаз, ел ертеңін тәрбиелейтін тұлға білуі керек, – деді.

Сондай-ақ, жиын барысында білім саласындағы оқу бағдарламасына енгізілетін өзгерістер туралы сұрақтар қойылып, Елмира Амангелдіқызы жауабын берді.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 3856 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет