Бейсенбі, 19 Мамыр 2016 15:29

Мамандығым – мақтанышым

Адам өмірінде екі маңызды таңдау бар. Біріншісі жар таңдау болса, екіншісі мамандық. Бүгінде екінің бірі заңгер немесе банкир боламын деп кеуде қағады. Десе де, маман жетіспейтін салаларды да ескеру қажет. Өзінің сүйікті ісімен айналысқан адам ғана өмірде бақытты бола алады. Жақында осы мақсатта Қазақстан орта мектебінде «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында түрлі сала қызметкерлері мен мектеп оқушылары арасында кездесу өтті.

 

Жиыннның басында сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов келген қонақтарға алғыс айта отырып:

– Менде үш мамандық бар. Біріншісі заңгер болса, екіншісі экономист. Осылардың барлығынан өзімнің ұстаздық мамандығымды жоғары қоямын. Ұстаздық – барлық мамандықтың төресі – деп ұлы мамандық жайлы сөз қозғады. Ал журналистердің намысын қорғай келген әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы:

– Журналист болу оңай емес. Журналист – дәрігер, экономист, заңгер, саясаткер, тіпті, құрылысшы болуы тиіс. Яғни, бір сала туралы материал дайындау үшін, сол саланы толығымен зерттеу керек. Оған қоса, ауа райының қолайсыздығына қарамай, күн-түн демей үнемі халық арасында жүріп, олардың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайды – дей келе, журналистика мамандығының қиындығы мен қызығы және журналистика факультетіне қалай түсуге болатындығын жеткізді. Сондай-ақ, Қазақстанның халық әртісі, дәстүрлі ән орындаушы Рамазан Стамғазиев өнер саласының күрделі мамандық, оның ішінде дәстүрлі ән орындаудың маңыздылығын тілге тиек етті.

– Өнер адамы бір жылдың тоғыз айын далада, яғни, халық арасында, ел-жұрттың ортасында өткізеді. Сырттай қарағанда оңай көрінгенімен, ең қиын мамандықтардың бірі. Оны кез-келген адам алып жүре алмайды. Тек кеудесінде оты бар, ұлттық құндылықтарға жаны ашитын              патриот қана өнерді, оның ішінде, дәстүрлі ән мамандығын меңгере алады. Меңгеру былай тұрсын, оны халық арасында насихаттап, ұлттық құндылықтың өшпеуіне өз үлесіңді қосудың өзі үлкен өнер – деп оқушыларға толғанысын жеткізді.

Ал белгілі археолог Бекен Нұрмұхамбетов оқушыларға кез-келген нәрсені жүрекпен істеу керектігін және әр адамның кеудесінде рух болу керектігін айтты. Сонымен қатар, «өз ісін жақсы көрген адам ғана сол мамандықтың иесі бола алады» – деп қорытындылады. Орманшы Бекболат Алтаев, әскери қызметкер Серік Тоқсейітұлы, ұлағатты ұстаз Күләйхан Сандыбайқызы мен белгілі қолөнерші Дәулет Дәркембайұлы өз мамандықтарының қыр-сырымен бөлісіп, қиындықтарын жеткізді мектеп оқушыларына. Әсіресе, Серік Тоқсейітұлы әскери қызметкер бола тұра, өзінің әдебиеттен, өнерден алыс еместігін көрсетті. Төрт шумақ өлең оқып, жиылған көпшілікті жадыратып тастады. Кездесуге қатысушылар қонақтарға көкейкесті сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Рамазан Стамғазиев пен жұбайы Ұлту Қабаевадан қонақкәде сұрап, күмбірлеген қара домбыраның үнімен жанды дауыста ән тыңдады. Өз өнерлерін көрсетіп, қонақтардың ақ батасын алды. Жиын соңында сөз алған округ әкімі Марат Сүгірбеков:

– Балаларымыз қандай маман иесі болса да Тәуелсіз Қазақстанның дамуына еңбегін сіңіріп, өздеріңіз секілді тұлға болып қалыптасса – біздің үкілеген үмітіміздің ақталғаны. Осы балғындарымыз ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында еңбек етушілер – деп ағынан жарылды. Кездесу туралы бірер сөз қозғап, қонақтарға алғысын жеткізді. Тіпті, кездесуден балалар емес, өзінің үлкен әсер алып, арқа-жарқа күй кешкендігін жеткізді аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Салтанат Беспаева. Айтуынша, осындай мәнді де мағыналы кездесулер мектеп оқушылары арасында жиі ұйымдастырылуы қажет. Бұл бүлдіршіндердің тұлға болып қалыптасуына, отансүйгіш, ұлтжанды болып тәрбиеленуіне оң әсерін тигізеді. Әрі қайдағы жоқ шетелдіктерге емес қазақтың осындай біртуар азаматтарына еліктеулеріне сеп болады. Сонымен қатар, балалар өздерінің сүйікті мамандықтары жайлы тереңірек мәлімет алып, болашағына бүгіннен бастап дайындалады.

Шара соңында алыстан ат терлетіп келген елдің елеулі азаматтары  мектеп ауласына «Қызылжиде» орман шаруашылығының мектепке сыйлаған ағаш көшеттерін отырғызып, өздерінің қолтаңбаларын қалдырды.

– Біз бұл шара арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғап, халқымыздың қалаулы азаматтарын балаларға үлгі етіп көрсеткіміз келді. Сондай-ақ, еліміздің болашағын мығым етер азаматтар өздерінің сүйікті мамандығын таңдап, ел дамуына үлесін қосса екен. Мейлі етікші болсын, мейлі әкім болсын, әр адамның қоғамда алатын өзінің ерекше орны бар – дейді шара ұйымдастырушылары мектеп директоры Мақсат Ыдырысов пен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қайрат Әукен. Мақсат орындалды десек те болады. Кездесуден шыққан балғындар қонақтармен суретке түсіп, өздерін үлгі ететіндіктерін, өзге елдің сұлтаны емес, өз елінің ұлтаны болатындықтарын жеткізді.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 5843 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Мамандығым – мақтанышым Өзіңе сен, жас түлек! »

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет