Бейсенбі, 02 Мамыр 2019 15:51

Атомның алапат апатымен алысқандар

«...Ешкім де өлгендерді тірілтуге құдіретсіз.

Дегенмен, оларды мәңгі есте қалдыру қасиетті борышымыз».

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

Жуырда     Алматы     облысы      әкімдігі-нің қолдауымен республикалық «Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің үйлестіру ке-ңесі бас болып «Ерлік кездейсоқ болмайды» атты Чернобыль АЭС апатын ауыздықтаған ардагерлермен  кездесу өтті. Шара әр аудандарда кеңінен ұйымдастырылып, Талдықорған қала-сында шығармашылық кешпен қо-рытыланды.

 Сәуір айындағы сергелдең – 1986 жылғы Чернобыль АЭС-ның 4-энергоблогында болған апат салдарынан радиоактивті түтін аймақтан асып,  оннан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластап, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Апатты аймақты залалсыздандыруға қатысқан 31720 қазақстандықтың қазір көзі тірісі – 6 мыңнан да аз. Сол апаттың денсаулыққа тигізген қауіп-қатер, зардабы әлі күнге дейін жалғасып келеді.

Шелек аймақтық Чернобыль және Семейдегі апаттарды ауыздықтандыруға қатысқан ардагарлері қоғамдық бірлес-тігінің төрағасы Ержан Омаровтың  қоғам құрғаннан бергі атқарған жұмыстары Жетісу өңірі ғана емес, республика бойынша ең үздік деп танылды. Өйткені, Ержанның 1997 жылдан бері қоғамдағы атқарған жұмысы – аталмыш апаттарға қатысқан ардагерлер мен қайтыс болғандар отбасына әлеуметтік, медициналық, моральдық көмек көрсету, жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбие алуына ықпал ету, жыл сайын кездесу, спорт, басқа да іс-шаралар өткізу, ардагерлер үйінің маңдайшасына тақтайша ілу, әр ауылда тұратын ардагерлердің суретімен қоса өмірбаяны жазылған көрнекілік орнату, еске алу шараларын өткізу, тағы басқа игі істері альбом, буклет,  партфолье сияқты тарихи тақта, жұмыстағы жетістіктер, апат аймақтары туралы кітаптар, ОЗК – радиациядан қорғануға арналған арнайы киім, ардагерлермен кездесуде алған әсерлері хақында оқушылар салған суреттер көрмеге қойылды. Озық тәжірибе жинақтаған бұл көрмені облыс әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашев, республикалық «Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестіктің үйлестіру кеңесінің төрағасы Марат Жүніс-Бек лентасын қиып, ашып, өзгеге үлгі етіп айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Қорытынды басқосу Чернобыль АЭС апатына 33 жыл толуына байланысты Талдықорған қаласындағы С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітап-ханасында 10 кітаптың авторы, жазушы, журналист, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, республиалық «Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігі үйлестіру кеңесінің төрағасы Марат Жүніс-Бектің «Ерлік пен елдіктің шежіресі» атты шығармашылық кешімен жалғасты. Жетісу өңірінде ұйымдастырылған «Ерлік кездейсоқ болмайды» атты Чернобыль ардагерлерімен өткізілген іс-шараға және шығармашылық кешінің жоғары деңгейде өткізілуіне ерекше атсалысқаны үшін осы қоғамдық бірлестіктің Құрмет грамотасымен Ержан Омаров, ондағы іс-шараларды өткізуге белсенді қатысқан Шелек ауылдық модельді кітапхана мен Шелек тарихи-өлкетану музейінің ұжымына, баспасөзге жариялауда журналист Анарбек Бердібаевқа Құрмет грамоталары табыс етілді.

Чернобыль апатының орын алғанына 33 жыл толуына орай Шелек ауылдық модельді кітапханасында ардагарлер мен оқушылар бас қосты. Жастық шағын Семей өңірінде өткізіп, алапат атом жарылысының куәсі әрі сол аймақтағы зардапты залалсыздандыруға қатысқан шелектік ардагер Тұрсын Сәдуақасов, Ақши ауылының тұрғыны, чернобыльдық ардагер Садуақас Қалиев Атом апатының жан түршігерлік зардабы туралы әңгі-мелеп, енді ондай оқиғалардың болмауын, келешек ұрпақтың баянды өмір сүруін тіледі.  Атом электр станциясының атап болған қорқынышты көрінісін салған Абай мектебінің интернатында жатып оқитын оқушылары – Бейсен Ғазиз, Жуаныш Жұмаба, Ердар Бекжан, Ерсұлтан Мұқатай мақтау қағаздарымен марапатталды. Кеш оқушылардың концерттік бағдарламасын тамашалаумен аяқталды.

 

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

 

Оқылды 2338 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 18, 2025

Интернет алаяқтықпен күрес күшейтілді

Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар интернет алаяқтық түрлері де қарқын алуда. Осы…
Сәу 18, 2025

Табиғатқа инвестиция: Есік көлін…

Алматы облысы аумағындағы «Есік көлін» жаңарту мақсатында, 2024 жылдың 20 желтоқсанында…
Сәу 18, 2025

Тұрақты даму мақсаттары

2025 жылдың 9 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Экономика және…
Сәу 17, 2025

Сарсаңға салған «синтетика»

 Әр заманның, қоғамның өзінің кемшін тұстары болады. Кешегі Кеңес үкіметі тұсында қазақ…
Сәу 17, 2025

Балық шаруашылығының бағбаны еді

1940 жылдың 24 сәуірі Олжаевтар әулеті үшін ерекше күн болды. Өйткені, нақ аталған күні…
Сәу 17, 2025

Сарқылмас білім бұлағы

Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа…
Сәу 17, 2025

Их имена не должны быть забыты

Бакыт Исмагулова, ветеран Каракемерской в/ч 6654 Национальной гвардии РК, до выхода на…
Сәу 17, 2025

Батыр патриот

Биылғы жылы Қазақ Республикасы құрамында болған Кеңес Одағының фашистік Германияны…
Сәу 17, 2025

Память зависит от ныне живущих…

В годы Великой Отечественной войны 13 уроженцев Енбекшиказахского района стали Героями…

Күнтiзбе

« Сәуір 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет