Жұма, 03 Маусым 2016 14:03

Абзал жандар спортта бақ сынады

Ақ халатты абзал жандардың қоғамдағы, тіпті, адам өміріндегі орны ерекше. Олар науқастарды емдеп қана қоймай, дені сау ұрпақ өсіруде жетекші рөл атқарады. Гиппократша айтсақ, арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болған медицина қызметкерлері саламатты өмір салтын насихаттауда ешқашан тасада қалған емес. Дәріптеп қана қоймай, өзгелерге үлгі бола білуде.

 

Жақында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен медицина қызметкерлері күніне орай Есік қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде «Спорттық дене шынықтыру – әр адамға пайдасы бар» атты спартакиада өтті. Мерекелік шараға аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков және аудандық аурухана директорының орынбасары Гүлнар Құраметова қатысты.

– Құрметті медицина қызметкерлері, сіздердің ел дамуында атқарған еңбектеріңіз зор. Халықтың саулығын ғана күзетпей, кеселдің алдын алып, жанға шипа бересіздер. Сіздер саламатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, өздеріңіз де сол қағиданы ұстанып, көпшілікке үлгі болып келесіздер. Оның бірден-бір дәлелі, жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын медицина қызметкерлері арасындағы спартакиада. Осы жарыста барлықтарыңызға сәттілік – деп Бекет Ахметов қатысушыларға ризашылығын жеткізді. Гүлнар Құраметова да әріптестерін құттықтап, мерекенің маңызын түсіндірді. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің директоры Абай Сырғабаев қатысушыларды сайыс ережелерімен таныстырды.

Жарыста әр ауылдық округтің дәрігерлік амбулаториялары мен аудандық емхананың қызметкерлері өнер көрсетті. Сайыс бірнеше кезең бойынша өрбіді: ерлер арасында шағын футбол, волейбол, әртүрлі қашықтық бойынша ұзындыққа жүгіру мен арқан тартыс.

Әр қатысушы өзінің қалаған спорт түрі             бойынша өнер көрсетті. Ақ халаттылардың барлығы да белсенділік танытып, өздерінің спорттан кенде еместігін дәлелдеді. Әсіресе, қыздар жағы қашықтыққа жүгіру мен волейбол ойнауда жанкүйерлердің көңілінен шықты. Ерлер шағын футбол ойнап, ала допты ұршықша иірді. Таңертең басталған сайыс кешке дейін созылды. Себебі, қатысушылардың санында шек жоқ. Бұл – медицина қызметкерлерінің саламатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, өздері спортты жанына серік ететінінің белгісі.

Ойын нәтижесінде, волейболдан ерлер арасында бәйдібекбиліктер, ал әйелдер арасында аудандық емхананың құрамасы жеңімпаз атанды. Эстафетадан (100м, 4 адам) ерлер арасында Түрген ауылдық дәрігерлік амбулатория командасы мен әйелдер арасында аудандық емхана қызметкерлері үздік деп танылды. 35 жасқа дейінгі ерлер арасындағы жеңіл атлетикадан (1000 м) М.Балабек, әйелдерден (800м) К.Гучимина, 35 жастан жоғары П.Шамахунов пен Д.Қасенова өзгелерден оқ бойы озық шықты. Арқан тартыс сайысында аудандық перзентхана өзгелерден басым түсті. Бөлек ауылдық дәрігерлік амбулаториясы белсене қатысқаны үшін марапатқа ие болса, Х.Бижанов дәрігерлік амбулаториясы әдемі киімдерімен ерекшеленді. Аудандық емхана ең үздік команда деп танылып, Ащысай дәрігерлік амбулаториясы ынталандыру сыйлығына ие болды. Жеңімпаз командалар мен қатысушылар алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. 

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 3182 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Абзал жандар спортта бақ сынады Сынақ басталды »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет