Сейсенбі, 17 Наурыз 2020 09:43

Әжелер алғысқа бөленді

Жақында аудандық мәдениет үйі ұжымының ұйымдастыруымен «Алтын адам» әжелер ансамбль мүшелерін 1 наурыз алғыс айту күніне және 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай салтанатты түрде құттықтау рәсімі болып өтті.

Аналар құрметіне эстрада жұлдызы Нұртас Қайратұлы Ғафу Қайырбековтың сөзіне жазылған әр жүрекке ыстық «Ана туралы жыр» әнін шырқап қуаныш сыйласа, мәдениет үйінің ұжымы басшысы Бауыржан Шаяхметов бастап алғыстарын және лебіздерін арнап ансамбль мүшелеріне алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыс етті. Кәсіби ән шырқап, ұлтымыздың ұмыт қалған алты ауызын жандандырып жүрген ансамбль 12 адамнан құралған. Ғажабы, әжелер аудан және облыс көлемінде ұйымдастырылатын концерттерде ән шырқап, ақысыз-пұлсыз ерікті түрде өз қолдарымен көйлектер тігіп, көркемдік жетекшілері кәсіби музыкант Нұржамал Ержанқызының нұсқауымен бүгінгі таңда қандай да бір той мен жиынның ажарын ашатын кәсіби ансамбльге айналған. Құрамы өнер мен өнегеден құр алақан емес жандар. Кеңестік кезеңде құрылып, құрамы өзгеріп отырса да болмысы қалыпты «Алтын адам» ансамбліне биыл 26 жыл толған. Қашаннан үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен елміз. Ендеше ансамбль мүшелерінің жасын және ерікті түрде ұлт өнерін ұлықтап жүрген еңбектерін ескере айтарымыз, ауданда өткізілетін концерттерде ансамбль мүшелеріне кезек соңынан тиетіні қынжылтады. Әжелер әр концерттің алдында, көштің басында, төрдің төбесінде жүретін жандар. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы және биылғы еріктілер жылы аясында ансамбль мүшелеріне «Халық ансамблі» атағы берілсе деген тілегіміз де жоқ емес. Түрлі байқауларда топ жарып жүрген ансамбль мүшелеріне біз де редакция атынан шығармашылық табыс тілейміз.

Әділет САРЫБАЙ

Оқылды 2198 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Зейнеткерлерді құттықтады Әжелер алғысқа бөленді »

Соңғы жаңалықтар

Мам 05, 2025

1 мамырдан бастап жедел медициналық…

Жаңа өзгеріс ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі №32 бұйрығына сәйкес,…
Мам 05, 2025

Алматы облысында…

2025 жыл – Ішкі істер министрлігі «Профилактика жылы» деп жариялады. Мемлекет басшысы…
Мам 05, 2025

Биылғы құрылыс маусымы аясында…

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында13 мың шақырым жол…
Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…
Сәу 28, 2025

Сахарный гигант из ОАЭ приходит в…

В Алматинской области может появиться завод одного из мировых лидеров сахарной…
Сәу 25, 2025

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін…

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті…
Сәу 25, 2025

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520…

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет