Сейсенбі, 17 Наурыз 2020 14:28

Ең пайдалы интернет сайттары

ҚР Президентінің көмекшісі — Президент Әкiмшiлiгi өтiнiштердi қарауды бақылау бөлiмiнiң меңгерушiсi Аида Балаева facebook парақшасында балалар мен ересектерге арналған ең пайдалы интернет сайттары мен мобильді қосымшалар жайлы мәліметпен бөлісті. 

Карантин уақытында әлеуметтік желілердегі коронавирус туралы тарап жатқан өтірік-шын мәліметті ғана арлы-берлі "ақтармай", пайдалы ақпаратпен сусындап, уақыттарыңызды тиімді өткізіңіздер. Төменде Аида Балабаева ұсынған сайттар тізбесін жариялаймыз.

iMektep.kz - Қазақстанның жетекші әдіскерлері мен мұғалімдері әзірлеген бастауыш мектеп бағдарламасының толық курсы. Әр сабақ интерактивті ойын тапсырмалары мен тестілермен бірге жүретін қысқа анимациялық фильмнен тұрады.

Bilimland.kz - электронды оқыту саласындағы әлемдік көшбасшылардың жетістіктеріне негізделген білім алаңы. Бұл - әлемдік әзірлеушілердің мұғалімдерге, студенттерге және ата-аналарға арналған заманауи білім беру мазмұнындағы ең үлкен жинақ.

Twig-bilim.kz - Қазақстанда да кәсіби деңгейде қолжетімді халықаралық онлайн сервис. Кешен химия, физика, биология, ғылым, математика және география пәндерінен мектеп бағдарламасының негізінде жасалған 1 500-ден астам қызықты қысқа метражды (шамамен 3 минут) фильмнен тұрады.

Zhastar.org - Оқушылардың өмірлік, әлеуметтік дағдылары мен психологиялық саулығын дамытуға арналған ата-аналарға, мұғалімдер мен балаларға арналған онлайн платформа. Сайтта мультимедиялық материалдар ата-аналар мен балаларға, психологтар мен оқытушыларға тиісті ұсыныстар бар.

Kitap.kz (Қазақстан ашық кітапханасы) - бұл 20 мыңнан астам шығарма жинағы бар қазақ әдебиетінің ең үлкен тегін онлайн кітапханасы.

Audiokitap.kz - бұл қазақ көркем әдебиетінің тегін 1 500-ден астам аудио кітабы мен 400 аудио ертегісі орналастырылған мобильдік қосымша. Ол iOS және Android үшін қолжетімді.

Openu.kz (Қазақстанның ашық университеті) - бұл алдыңғы қатарлы университеттер мен оқытушылардың онлайн курстарына кіруге мүмкіндік беретін онлайн білім беру платформасы. Мұнда гуманитарлық, инженерлік және бизнес мамандықтары бойынша 170-тен астам курс бар. Сайтта «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясындағы кітаптар да қолжетімді.

Academia.kz - мұғалімдер мен ата-аналарға арналған білім беру алаңы. Оқытушылардың шығармашылық және ғылыми жұмыстарына арналған ғылыми тәжірибелер, оқу-әдістемелік материалдар мен педагогикалық әдебиеттердің үлкен жинағы.

Khanacademy.org - мектепте білім алуға арналған ақысыз платформа. Сайт жеке білім беру траекториясын құруға мүмкіндік береді.

Alison.com – 1 мыңнан астам тегін кәсіби курстар. Жобаның аудиториясы - 14 миллионнан астам қолданушы.

Openculture.com - білімге қол жетімділіктің жаһандық бастамасы. Платформада 1300 онлайн курс, 1 150 фильм, 700 аудио кітап, 800 электронды кітап, 300 тілдік курс және 150 бизнес курс бар.

Academicearth.org - АҚШ-тың жетекші университеттерінің курстарының агрегаторы. Сайт Корнелл, Колумбия, Гарвард, Дартмут, Принстон, Стэнфорд, Йель және басқа университеттердің курстарын тыңдауға мүмкіндік береді.

Google Arts Institute - бүкіл әлемнің өнер туындыларына қолжетімді онлайн платформа. Қазіргі уақытта платформа арқылы 32 әлем мұражайы мен көрмедегі, оның ішінде Метрополитен өнер мұражайы (Нью-Йорк), Уффизи (Флоренция) және Тейт қазіргі галереясы (Лондон) сияқты 32 мыңнан астам нысанның коллекциясын көруге болады.

MIT OpenCourseWare - инженерлік және IT мамандықтары бойынша MIT университетінің оқу материалдары.

TED-Ed - білім беру қажеттіліктері үшін және сұрақтармен, тесттермен ұйымдастырылған TED баяндамалары.

National Geographic Kids - бұл кішкентай балаларға арналған танымал National Geographic Kids мазмұны. Табиғат пен Жер ғаламшары туралы білуге ыңғайлы сайт.

Оқылды 2280 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет