Жұма, 20 Наурыз 2020 09:58

Қоғамдық мәселелер шешіледі

Жақында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Бинәлі Ысқақ тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудан әкімінің бірінші орынбасары Айбек Бидаев, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, партия ардагері, «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов қатысты.

Бүгінде аудан орталы-ғындағы көпқабатты үйлердің аулаларын жөнге келтіру өзекті болып отыр. Осы мәселемен келген қала тұрғыны Александра Плохотнюк аулалық алаңдарды салуға ықпал етуін сұрады Бинәлі Әбдіқапасұлынан.

– Бүгінде аталған мәселе бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылға 1, 2-ықшам аудандарында аулалық алаңдарды салу үшін 133 млн 173 мың теңге бөлініп мемлекеттік сатып алуды жариялау бойынша рәсімдер жүргізілуде. 1-ықшам аудан 48 млн 720 мың тг, 2-ықшам аудан 64 млн 453 мың. Авторлық және техникалық қадағалауға 20 млн 185 мың теңге қарастырылған – деп, филиал төрағасы проблема жақын арада оң шешімін табатындығын жеткізді.

Шелектік спортшылардың өтінішін ала келген Абдуғани Исмаилов Шелек ауылында спорт кешені қашан салынатындығын сұрады. Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, облыстық құрылыс басқармасымен жобалық-сметалық құжаттамаға 50 млн 544 мың теңге бөлінген. Бүгінде «КапремПроект» ЖШС-і жобасын әзірлеуде, осы жылдың қазан айына дейін аяқтауға тиіс. Ал дене шынықтыру-сауықтыру кешені 2021-2022 жылдары салынады деп жоспарлануда.

Аудан орталығы мен тағы бірнеше елді мекенге көгілдір отын тартылып, тұрғындардың тұрмысы жеңілдей түсті. Десек те, мемлекеттік мекемелер әлі күнге газға қосыла қойған жоқ. Оның ішінде Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйі де бар. Осыны айтқан қала тұрғыны Ғалымжан Секербековке Бинәлі Ысқақ мәдениет ошағы осы жылы көгілдір отынға қосылатындығын жеткізді. Оған қоса күрделі жөндеу мәселесін де қозғап өтті:

– Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сараптаманың құжаттары дайын. Жөндеу жұмыстарына қарастырылған қаражат 749 млн теңгені құрайды. Ал, мәдениет үйін газға қосу үшін биылғы жылға 15 млн теңге қаражат бөлінді. Жаз айында жұмыстар толығымен бітіп, биылғы жылы мәдениет үйінің жылу жүйесі көгілдір отынға ауысады – деді аудан басшысы.

Қабылдау барысында аудан орталығының көшелерін жарықтандыру жұмыстары да сөз болды. Қала тұрғыны Серік Суатаев осындай сауалына Бинәлі Әбдіқапасұлы көшелерді жарықтандыру үшін меморандум аясында жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қаражат бөлу үшін өтінім берілгенін жеткізді. Сонымен қатар, 2019 жылы «Nomad Megapolis» мекемесімен жасалған меморандумның негізінде Тоқатаев, Абай, Орынбетов, Островского, Алматы, Алтын Адам аллеясы, Уәлиханов, Жамбыл, Әуезов және басқа да көшелердің жарықтандыру шамдарын толықтай LED-ке ауыс-тыру жұмыстары  жүргізілген. Жалпы көлемі 510 шам ауысқан, тартылған инвестиция сомасы 16 млн 320 мың теңге.

 

С.НҰРАДИН

Оқылды 2184 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет