Сейсенбі, 28 Сәуір 2020 11:27

Тәртіп бұзғандар жазаланды

Қазақстан аумағында төтенше жағдай жарияланып, қалалар мен облыстар карантинге жабылғалы бір айдан асты. Осы уақыт ішінде барлық іс-шаралардың өтуіне тыйым салынып, адамдардың көшеде себепсіз жүріп-тұруына шектеу қойылды. Сонымен қатар, сауда орындары, дүкендер мен дәріханалардың жұмыс уақыты бекітіліп, карантин ережелерін сақтау қатаң тапсырылды.

Заң – барлығымызға ортақ. Сондықтан, оны бұзбау баршамыздың міндетіміз. Алайда, аудан аумағында карантин кезінде заңға құлақ аспай, өздігінше әрекет етіп, қоғамға, тұтынушылардың өміріне қауіп төндірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды.

Жақында санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актісіне сәйкес, Есік қаласындағы дүкендердің бірінде санитарлық қауіпсіздік шараларын бұзу фактілері анықталды. Атап айтқанда, аспаздық өнімдер өлшеп оралмаған күйінде сақталып, сатылымға қойылған. Дүкенге кіре-берісте қолды дезинфекциялауға арналған санитайзерлер орнатылмаған, сауда орнының қызметкерлері қолғаптармен қамтамасыз етілмеген. Осылайша, аудан орталығы тұрғындарының денсаулығына қауіп төндіріп, төтенше жағдайдың белгіленген режимін бұзғаны анықталған.

Осыған байланысты, Еңбекшіқазақ аудандық сотында азық-түлік дүкенінің иесіне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476 бабы 6 тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалып, кәсіпкер бір тәулікке қамауға алынды. Айта кетейік сот отырысы «TrueConf» мобильдік қосымшасы арқылы өтті.

Сонымен қатар, Түрген ауылында орналасқан үш бірдей азық-түлік дүкені мен наубайхана иелері төтенше жағдайдың белгіленген режимін бұзғаны үшін жазаланды. Мобильдік қосымша арқылы өткен сот отырысында кәсіпкерлердің санитарлық-тазалық нормаларын сақтамағандығы анықталған. Оған қоса, қызметкерлері медициналық маска мен қолғап кимеген. Сот барысында кәсіпкерлер өздерінің кінәларын мойындап, алдағы уақытта олқылықтың орнын толтыруға уәде берген.

Нәтижесінде жоғарыда аталған бап бойынша жауапкерлер кінәлі деп танылып, мемлекетке 26 510 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

 

С.НҰРАДИН

Оқылды 1695 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 23, 2025

Сальмонеллездің алдын -алу

Сальмонеллез - көбіне асқазан ішек жолдарын зақымдайтын, адам мен жануарларға ортақ, жиі…
Маус 23, 2025

Тәттіден уланудан сақ болыңыз

Жаз мезгілінде тәтті тағамдарға деген сұраныс артады. Түрлі балмұздақ, торт, кәмпиттер…
Маус 23, 2025

Жаз мезгілінде қандай сусындар ішкен…

 Жазда - күн ұзарып, ауа райы ысып, шөл қандыратын салқын әрі пайдалы сусындарға сұраныс…
Маус 23, 2025

Алматы облысында «Алаяқтыққа жол…

Ағымдағы жылдың 12-30 маусым аралығында Алматы облысында «Алаяқтыққа жол жоқ» атты кең…
Маус 19, 2025

Атамекен Отаны – Бейбіт өмір ауылы

Тарих бетіне үңілсек, 1722 жылы Бірiншi Петр: «Қазақ Ордасы бүкiл Азия елдерi жерлерiне…
Маус 19, 2025

Қажырлы еңбек — ел мүддесіне адал…

Қытайдың Боғда тауының Күнгейінен Қазақстанға көшіп келген жерлестердің бас қосуында…
Маус 19, 2025

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден кім кетпеген, Ащы қайғы кімдерді жүдетпеген. Еске алып дұғасына…
Маус 19, 2025

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп…

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің…
Маус 19, 2025

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы «Атамекен – ұлттық рухтың бесігі»…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет