Сейсенбі, 05 Мамыр 2020 10:44

Білімнің салтанат құруы

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау екендігін ескеріп, тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел» болуымыз үшін тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың төмендегідей бірнеше бағыттарын ұсынды. Олар – бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы.

Тұңғыш Президентіміз аталған жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғы-шарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды».

Бағыттардың барлығы да өзекті. Дегенмен білім саласының маманы ретінде төртінші бағыт «Білімнің салтанат құруы» атты жаңғыруына тоқталсам.

Кез келген күштің дәрежесі бірлікте, ендеше рухани жаңғырудың тағы бір қыры, елді бірлік пен татулыққа шақыру болып табылады.

Қазақ үшін прагматизм керек. Жаңа дәуір сынақтарын бәсекелік қабілеті ерекше ел ғана еңсере алады. Десе де, еліміздің өзгелерден дараланып тұруының бірден-бір жолы – ұлттық болмысымызды сақтау.

Тұңғыш Президентіміз білім және ғылымға ерекше басымдық беріп отыр. «Білімді болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет» атты мақаласында: «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды. Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс.Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», – деп жазады Тұңғыш Президентіміз.

Қазақстан әлемде жоғары білімді, халық үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек.

 «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Білімнің адам өміріндегі ең шешуші рөл атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы. Білімді болу – біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады.

Жаңа жағдайдағы рухани жаңғыру баршамызды жаһандық өзгерістерге және жаңашылдықтарға дайындық және ұтымды ұмтылысты қажет етеді. Өйткені бұлар – біздің ұлтымыздың болашағы мен рухани әлеуетіне тікелей қатысты. Біз, қазақ ұлты рухани жаңғыру арқылы өркениетті әлемнің ажырамас бөлігіне айналамыз. Бұл – біздің тарихи таңдауымыз.

Мен қорыта келе Тұңғыш Президентіміздің сөздерін толық қолдай отырып, рухани мәдениеттің дамуы үшін білімнің қайнарынан сусындап, биік адами құндылықтардың кемелдену барысында әрбір маман иесі кәсіби қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруы қажет екендігін түсінемін.Тұңғыш Президентіміз рухани жаңғыруға қатысты ұстанымдары, әсіресе білім саласы ұлттың дамуына әсер ететін ең маңызды фактор деп санаймын. Жас-тарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім алу әрдайым бірінші кезекте тұруы міндет деп есептеймін.

 

Бәтес АМАНОВА,

Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің басшысы

Оқылды 2092 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жас мамандар неге жұмыссыз? Білімнің салтанат құруы »

Соңғы жаңалықтар

Мам 09, 2025

«Ұлы дала жорығы» Тарих пен…

Алматы облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Халықаралық «Ұлы дала жорығы»…
Мам 08, 2025

Ғибратқа толы ғасыр

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Иә, елдің тыныштығы, Отанның қауіпсіздігі үшін қан…
Мам 08, 2025

МСАК-ТЫҢ 550-ДЕН АСТАМ МАМАНЫ…

Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы…
Мам 08, 2025

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту…

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және…
Мам 08, 2025

Промежуточные итоги запуска…

Комитет государственных доходов МФ РК продолжает поэтапное внедрение информационной…
Мам 08, 2025

Алтын өндіру өнеркәсібінде 3400…

Алдағы үш жылда Қазақстанның алтын өндіру саласында жалпы құны 780 миллиард теңгені…
Мам 06, 2025

Адам папилломасы вирусына қарсы…

Адам папилломасы вирусы (әрі қарай АПВ) – адам ағзасында кездесетін вирустар тобы, олар…
Мам 06, 2025

Бруцеллездің алдын алу бойынша…

Бруцеллез адам мен ауылшаруашылық жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллез…
Мам 06, 2025

Қазақстан мен Вьетнам Әділет…

Бүгін Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет