Бейсенбі, 06 Қазан 2016 15:04

Жеделдік пен жігер керек

Газетіміздің өткен санында жариялағанымыздай аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында жергілікті полиция қызметінің жұмысы  талқыланған болатын.  Кеңес мүшелеріне атқарылып жатқан жұмыстары  жөнінде  жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары баяндап берді. Орыс тілінде. Рас, кіріспесі мен қорытындысын мемлекет тілінде оқыды полиция подполковнигі Мақсат Карибаев. Неге қазақ тілі полиция жұмысында қолданылмайды? – деген сұрақты қоғам кеңесінің мүшесі Қазыбай Жылқыбеков те қойды, отырысты жүргізіп отырған төраға Әділбай Талқанбаев та бұл мәселеге қатты шұқшиды: «Осы  залда кеңес мүшесі Карасавидиден басқа орыс тілді адам жоқ, Савелий Савельевич қазақша сөйлемейді демесең, мемлекет тілін жүз пайыз түсінеді. Ал неге біз өз ана тілімізді кем ұстауымыз  керек?».

 

Елбасымыз ұсынған «100 нақты  қадам» Ұлт жоспары-ның 30-шы қадамын орындау барысында 2016 жылдың 1 қаңтарынан  бастап жергілікті атқарушы  органдарға есеп беретін жергілікті  полиция қызметі  өз жұмысын бастады. Мемлекет басшысының  тапсырмасына сәйкес «Жергілікті полиция қызметін» құрудың басты мақсаты –  тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, ел тыныштығын күзетуде  полиция қызметінің ашықтығын  қамтамасыз ету, халықтың сенімін арттыру болып табылады, –  деп бастады сөзін жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары М.Карибаев. – Тіркелген қылмыстар саны өскенмен де ауыр және аса ауыр қылмыстарды сәйкесінше  32 және 23 пайызға төмендетуге қол жеткізілді. Қылмыстардың ішінде  ұрлық 34 пайызға өскен. Оның ішінде пәтер ұрлығы 66,4 пайызға, мал ұрлығы 5,3 пайызға, алаяқтық 84,1 пайызға өскен. Ал есірткі төңірегіндегі қылмыс саны екі еседен аса артып отыр.

Есеп беруші «құқықтық тәртіп», «Бақылау», «қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші», «Мас  жүргізуші» тағы да басқа жедел  алдын алу шаралары жүргізіліп жатқандығын баяндады. Сонымен қатар «көршілер бақылауы», «Заң бұзушылыққа төзбеушілік» атты бағдарламалар  да жұмыс істеуде. Баяндамада учаскелік инспекторлардың неше мәрте тұрғындармен кездесіп, қанша пәтер, қанша үйлерге бас сұққанына дейін көрсетілген. Бірақ, баяндаманың басында көрсетілгендей қылмыс, заң бұзушылық өспесе төмендемей  тұр.

Жергілікті  полиция қызме-тінің құзырына кәмелетке  тол-мағандар қылмысының  алдын алу, қорғау, жол патрульдік  полиция, табиғат қорғау полиция-сы қызметтері де кіреді. Бұл жөнінде де жергілікті полиция басшылығы толықтай ақпарат берді.

Бұдан кейін  күн тәртібіне қойылған мәселені дайындаған  қоғамдық кеңес мүшесі Гүлзада Ахметова учаскелік полиция қызметкерлерін  тұрғындар танымайтынын,  білмейтінін сынай  тұрып, аудан аумағында әйел зорлау фактілері көбейіп кеткеніне назар аударды.

Учаскелік инспекторларды елдің білмеуінің бір себебі олардың қызмет орнының жиі  ауысатындығынан, – дейді ке-ңес мүшесі Гүлнәр Жошыбаева. Ал Қазыбай Жылқыбеков жоғарыда атап өткеніміздей полиция қызметкерлері – мемлекет қызметкерлері, олай болса мемлекеттік  тілде  сөйлесе де, құжаттар жүргізе де білуі керек, сонымен қатар жергілікті полицияға кадр іріктеу, тұрақтан-дыру ісіне жауаптылықпен  қарау керек  екенін ескертті. Роза Исатаева әйелдердің отбасылық жағдайда құқықтары бұзылып, жәбірленуін азайту үшін өзі басқаратын  әйелдер кеңесімен бірігіп жұмыс істеуге шақырды.

Жергілікті полиция қызметі-не,  әсіресе,  жол-патрульдік по-лицияға молынан көмек беретін техникалық жабдық: бейнекамералар неге қолданылмайды? – деген сұрақ қойды кеңес мүшесі Х.Ахметжанов. – Орталықта, Алматы мен Абай көшесінің тұйық қиылысында қойылған Керей,  Жәнібек хандардың ескерткішін жүк мәшинесі қиратып кетті  осыдан біраз уақыт бұрын. Жүргізуші табылмады. Ал бұл аумақта бір кездері видеобақылау камерасы қойылған да болатын.  Сұрастырсақ  істемейді екен. Неге істемейді? Ол камера-лардың жұмысына кім жауапты деген сұрақ  ашық қалды десек те  болады. Қазіргі террорлық, содырлық қаупінің сары түсі тұрған жағдайда бұл бейнекамералардың  қажеттігі еселеп артпаса  кемімейді.

Жуырда  өткен әкімдік аппа-ратының  мәжілісінде  аудан әкімі  Бинәлі Ысқақ кейбір елді мекендерде ешқандай алдын-ала хабарлаусыз, белгілі тәртіпті сақтамай көкпар, тағы басқа қауіпсіздікті сақтау қажет-тілігі бар спорттық  ойындардың  өткізіліп  жүргенін жергілікті полиция қызметінің назарына салған болатын. Бұл жөнінде тұрғындарға Заң талаптарын түсіндіру, елге жеткізу де тапсырылған.

Биыл ғана жұмысын бастады  дегенмен де  жергілікті полиция бұрынғы жүйенің негізінде құрылып, жұмыс атқарып жатыр. Көш жүре түзелер десек те қоғамдық тәртіпті,  заңдылықты сақтау тұрғындар құқығын қорғау найқалып-шайқалуды көтермейтін  мәселе екенін ескерер жергілікті полиция қызметі. 

Х.АХМЕТЖАНОВ,  қоғамдық кеңес мүшесі.

Оқылды 2978 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет