Бейсенбі, 13 Қазан 2016 14:08

Тарихтағы ең ұлы істің бірі – ұстаздық

Ұстаздықтың ұлы жолымен жүріп, шәкірт санасына білім шуағын шаша білген мұғалімдеріміз ешқашан жадымыздан кетпек емес. Оған дәлел – аудан әкімі Бинәлі Ысқақтың аудандық мәдениет үйінің төрінде барша аудан ұстаздарын дәріптеп, құттықтауы. Ерекше көңіл-күймен гүлдей құлпырып келген ұстаздар қауымы залдан орын алып, мерекелік концерттің құрметті қонағы әрі көрермені болды.

 

Алғашқы құттықтау лебізін білдірген Бинәлі Әбдіқапасұлы: «Құрметті білім саласының қызметкерлері! Қадірлі қонақтар! Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек. «Біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі – қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр» – деп Елбасы атап көрсеткендей, төсінде тұлпардың дүбірі, домбыраның күмбірі, сөз бен жырдың үздігі қалған Ұлы даламыз басынан талай дәуірді өткізді. Сан ұрпақтың пешенесіне жазылмаған бақ бізге бұйырды! Ол – егемендік пен дербестіктің самал желі, азаматтықтың алтын шуағы – Тәуелсіздік!

Осындай асыл арман мен үкілі үмітті ақиқатқа айналдырған Қазақстанның 25 жылдық өркендеу жолында жасампаз бастамалар, атқарылған игі істер мен жетістіктері аз болған жоқ. Тәуелсіздік экономикаға да, ғылым мен білім, мәдениет пен өнер, спорт пен денсаулық саласына да, тіпті, әр адамның жеке өміріне түбегейлі өзгерістер әкелді.  Ең  бастысы, халықтың рухы көтеріліп, мемлекетіміздің мерейі асты, кемел келешекке деген кәміл сенім ұялады.  Бұл қасиетті шежіре  – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Елдің ынтымағын ұйытып, берекесін бекем етіп, өркениет жолына ұмтылған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дана басшылығымен Тәуелсіз мемлекетіміздің осындай асқаралы істерді атқаруында ұстаздар қауымының да үлесі орасан зор.

Олай болса, бүгінгі мерекелік шараны жақсылықтың нышанына жорып, Баршаңызды берекелі қазанның алғашқы аптасында аталатын кәсіби мерекелеріңіз – ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!», – деді. Сонымен қатар, аудандағы білім саласының сапасын көтеруге қаншалықты мүмкіндік, қаражат бөлініп жатқандығынан да құлағдар етті ұстаздар қауымын аудан әкімі. «Ынтымағы сүттей ұйып, берекесі артқан, қызырлы мекен Еңбекшіқазақ ауданында бағытты бағдарламалардың арқасында ағымдағы жылдың өзінде ғана бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтеріп, халық игілігі үшін қолданысқа берілді. Олардың қатарында жаңадан салынған Азат ауылындағы 300 орындық, Бәйтерек ауылындағы 600 орындық орта мектеп, Шелек ауылындағы 280 орындық жаңа балабақша бар.Ташкенсаз және Достық ауылдарындағы ескі мектеп ғимараттары 100 орындық балабақша етіп қайта жабдықталып, Қорам ауылының орта мектебі мен Есік қаласындағы В.Терешкова атындағы орта мектебі күрделі жөндеуден өткізілді. Есік қаласы мен Шелек ауылында 600 орындық мектептер, Ават ауылында Мұхаммади атындағы орта мектепке қосымша 300 орынға арналған ғимарат құрылысы жүргізілуде.

Осындай орынды шаралардың жүзеге асырылып отырғанының арқасында ең өзекті түйіткілдердің бірі – үш ауысымды мектептердің мәселесі шешілуде және «Балапан» бағдарламасы өз деңгейінде жоспарлы түрде орындалуда. Бұдан бөлек ауданда инфрақұрылымды дамыту бойынша да «Жұмыспен қамту-2020», «Өңірлерді дамыту», «Нұрлы жол» бағдарламалары шеңберінде инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізіп келеді. Жалпы ауданымыздағы құрылыс саласында атқарылған жұмыстардың көлемі 2016 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 14,2 млрд. теңгеге жетті, бұл 2015 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 47,4 %-ға жоғары. Ал білім саласына бөлінген қаржының көлемі 11,9 млрд теңгені құрады, бұл ағымдағы жылғы бюджеттің жалпы шығыс бөлігінің (21,8 млрд. теңге) 72 пайызы деген сөз».

Осыншалықты игілікті істердің бәрі де болашақ үшін, білімді болашақ үшін жасалып жатқанына риза болған мұғалімдер марқайып, көңілдері көтерілді. Бір жағынан өздеріне артылған жауапкершілік пен салмақтың орасан зор екенін тағы бір мәрте түйсінгендей болды. Дәл осы тұрғыда Ахмет Байтұрсынов дөп басып айтқандай: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Бой көтерген жаңа мектептерімізден оқушыларымыз көбірек білім алып шығар деген үміт оты лаулады.

«Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз» деген екен К.Ушинский.Кемел де кемеңгер, білімді де білікті ұстаздарымыз мерекеге орай облыстық білім басқармасының, облыстық кәсіподақ ұйымының құрмет грамоталарымен, аудан әкімінің, аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталып мерейлері артты. Сонымен қатар, облыстық ұстаздарды құттықтауға арналған салтанатты жиынға қатысқан Абылай хан атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Ермек Алмабеков «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгі иегері атанды.

Әріптестерін құттықтауға мінберге көтерілген Абылай хан атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, білім беру ісінің үздігі Ғазиза Қырбасова: «Елбасының: «Білім саласында қызмет еткеннің бәрі – Қазақстанның болашағына қызмет етеді», –  деп атап өтуінің өзі ұстазға деген ерекше құрметі деп білемін. Ұлағаттың басында ұстаз тұрады. «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты деген»қағида қалыптасқан. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол ұстазым – Аристотель», – десе, Шәкәрім Абайды ұстазым деп шексіз құрметтеп өткен. Бүгінгі  салтанатты жиында ұстаздарға деген құрметтің ерекше көрінісі. Құрметті ұстаздар!Сіздерді бүкіл ұстаздардың атынан мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс тілеймін» – деп, жүрекжарды лебізін жеткізді.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орайластырылып, аудан мектептерінен әр жылдары «Алтын белгі» белгісімен қанаттанып ұшқан 25 түлек сахнаға көтеріліп, мұғалімдеріне деген шексіз алғыстары мен сыйластықтарын жылы лебіздері мен гүл шоқтары арқылы білдірді. Аудан өнерпаздарының ән-жырына сусындап, мың бұралған билеріне тамсана қол соққан жандары шығармашылыққа толы ұстаздар қауымы «Ұстазым» әнін қосыла шырқап, көңіл көкжиегін шарықтатты.

Алмагүл НҰҒМАН.

Оқылды 4451 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет