Бейсенбі, 10 Қараша 2016 14:00

«Нұрлы құс» құрылысы қарқынды

Құс өсіру – замана ағысына қарай жедел дамып келе жатқан кәсіптің бірі. Неге дейсіз ғой, себебі, құс басқа төрт түліктей  жайылып, ірі азықтарды іздемейді. Аула ішінде, арнайы қораларда өсіруге бейім. Әрі жетілу, көбею қабілеті де басқа мал басымен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Ал өнімге азық жұмсауы әлдеқайда төмен. Мысалы, мамандардың айтуынша, қосқан әр килограмм салмағына ірі-қара 10-12, қой – 8-10 азық өлшемін жұмсаса, құс 3-5, тез жетілгіш етті бағыттағы балапандар яғни, бройлерлер 1,5-2 кг ғана өнім жейді. Осыны жан-жақты зерттеп, зерделеген «Нұрлы Құс» ЖШС бройлерлік тауық етін өңдеу фабрикасын Нұрлыда салып жатыр. Жалпы құны 1 млрд 800 млн теңге болатын ірі фабриканың бүгінгі жағдайымен танысу мақсатында жақында аудан басшысы Бинәлі Ысқақ алаңға арнайы барды. Бар жәйтті көзімен көріп, құрылыстың қарқынымен танысты.

 

Аталған жобаның бүгінгі күнде 7 ғимараттық нысанының құрылысы аяқталған. Қуаттылығы жылына 3800 тонна бройлерлік тауық етін өндіруге жететін фабрика облыстағы ірі жобаның бірі боп табылады. Қазіргі уақытта «Нұрлы құс» ЖШС өз қаражаты есебінен 840 млн теңге құрылыс жұмыстарына, 234 млн теңге техтік құрал-жабдықтарына инвестиция тартып отыр. Құрылыс жұмыстарын көрген Бинәлі Әбдіқапасұлы мемлекет тарапынан кедергі болмауын өзі бақылап отырғанын жеткізді: – Кәсіпкерлікті дамыту – Елбасының тапсырмасы әрі ауданымыздың өсіп-өркендеуі үшін де ауадай қажет. Сондықтан қандай да бір мәселе туындаған жағдайда міндетті түрде бізге жүгініңіздер. Қолымыздан келгенінше көмегімізді береміз. Сонымен қатар бұл фабрика толық қуаттылығына енсе, 80-ге жуық жұмыс орны ашылады. Бұл өз кезегінде нұрлылықтарға мол мүмкіндік болады – деді.

Бұл тұрғыда: «Ендігі кезекте «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша несие алуды жоспарлауда серіктестік басшылары», – дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Найзабеков. бұл да өз кезегінде мемлекеттің риясыз қолдауы болмақ.

Қазіргі уақытта  3 ғимараттың құрылыс жұмыстары толық аяқталуға жақын. Ол бұйыртса, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына ашылады деп күтілуде.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 4344 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет