Бейсенбі, 29 Желтоқсан 2016 12:19

Өлеңге әркімнің бар таласы

«Талпынған жетер мұратқа» демекші, сөз патшасы – өлең  жазу өнеріне талпынып, айтар ойын саралай білетін жас жеткіншектер баршылық екен. Асысаға ауылында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне, еркіндікті аңсаған қазақ жастарының басынған кеңестік биліктің жөнсіз қарсы бейбіт ереуілге шыққан оқиғаның орын алғанына 30 жыл толуына орай «Желтоқсан желі ызғарлы» атты аудандық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Аудандық жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» Жас-тар Қанатының аудандық филиалы және Асы ауылдық округі әкімінің аппараты ұйымдастырған бұл байқауда Қаратұрық, Көктөбе, Қорам, Асы, Масақ, Бәйтерек, Тескенсу, Түрген, Шелек ауылдық округтерінің таланттары бәсекеге түсті.

 

Тақырып талабы – Желтоқсан көтерілісі, ел болуға ұмтылған жастар ерлігімен тәңір сыйлаған тәуелсіздіктің тартуы туралы сөз «маржанын» өлең жіпке «тізу» болса, жас талант иелері сол межеден шыға білді. Рас, еш міні жоқ жұмыр, шыңдалған шымыр дүниелер болмаса да айтар ойы бар өлеңдер «өрілгеніне» ішің жылиды. Көш жүре түзеледі, талант талмай талпынғанда ғана танылады. Талант атты тұлпарларын тізгіндеген талапкерлердің жыл санап өлең өнерінің өріне өрмелеп, өсіп келе жатқандары аңғарылады. Оны жас ақындардың төл туындыларын жатқа оқығанда, тақырыпқа сай сөз саптауларынан байқадық.Екінші кезеңде танымал ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқу сынынан да өтті жас ақындар. Ойсыз өлең болмайды. Дегенмен, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады. Әділ-қазылар балмен бағалау барысында екі талапкер мәреге бірдей болып келді. Олар – асысағалық Анар Толқын мен шелектік Мадина Оқас.

Мадина «Тәуелсіз таңым – арайлы» атты өлеңін қазақ халқының «мың өліп, мың тірілген» тарихын хандық  құрған кезден желтоқсан көтерілісіне дейін жырға арқау етіп:

Керей хан мен  әз Жәнібек бас болған,

Қазағымның өз тарихы басталған.

Немесе,

Компартия басқан күшпен еңсемді,

Жалын атқан жастық шағым өртенді.

Әділдікті армандаған Желтоқсан,

Қазағымның азабы бол ең соңғы, – деп  жырлап келеді де, бүгінгі ел қуанышын:

Бодандықтың көрсең талай азабын,

Көрдің міне, еркіндіктің ғажабын.

25 жыл атқан таңың арайлы –

Тәуелсіздік мәңгі болсын, Қазағым! – деп  ойын қорытады.

Ал, Анар «Тәуелсіздік таңындағы ой»  өлеңін:

Сезімі – көк теңіздей тулап жатқан.

Көңілі – көк аспандай шыңнан асқан.

Жат жұрт та жатырқамай бауыр басқан,

Тарихы қазағымның тұңған дастан, – деп бастап, тәуелсіз елдің табиғатын, бақытты өмірін қуанышқа толы сезімімен жырлай келе:

Кешегі өткен Қабанбай, Қарасайлар,

Абылай, Райымбек, батыр Шадай.

Наурызбай мен Қорам да, батыр Малай,

Ұрпақтардың ұраны болған талай, – дей келе сол батырлардың ерлігін жалғастырған кешегі  Желтоқсан көтерілісін:

Қазақ елі куәсі сан ерліктің,

Соның бірі – Қайраты Рысқұлбектің.

Қаныңмен, жаныңменде төрімізге,

Тәуелсіздік байрағын желбіреттің, – деп ерлікті ұран етеді.

Талас болмау үшін екеуіне қосымша бір төл өлеңдерін оқуға рұқсат еткенмен, тағы тең түсті. Қазылар мүшесінің тіл маманы ойы да, өлең құрылымы да ұтымдырақ шыққан Мадина Оқасты жеңімпаз деп тануға кеңес берді әрі «қонақ келсе, төр соныкі» деп қазақи дәстүрді берік ұстанған Анар да әріптесіне жол берді. Сонымен бірінші орын шелектік Мадина Оқас, екінші орынды асысағалық Анар Тоқтасын бөліссе, үшінші орынды қаратұрықтық Жұмагелді Тоқтарбек иеленді. Сондай-ақ, «ең жас ақын» номинациясы тескенсулық Дінмұхамед Бекболатұлына бұйырды. Алғыс хат, бағалы сыйлықтармен марапаттаған аудандық жастар ресурстар орталығының кеңесшісі Айжан Әбіт, Асы ауылдық округінің әкімі Орынбасар Төлепов, басқа да қазылық етушілер мен қонақтар  талаптары таудай жас ақындар естелікке суретке түсіп тарасты.

Анарбек БЕРДІБАЕВ,

әділ-қазылар мүшесі.

Оқылды 4276 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…
Сәу 28, 2025

Сахарный гигант из ОАЭ приходит в…

В Алматинской области может появиться завод одного из мировых лидеров сахарной…
Сәу 25, 2025

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін…

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті…
Сәу 25, 2025

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520…

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық…
Сәу 23, 2025

Қазақстандықтардың басым бөлігі…

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл (2025 ж.) Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні…
Сәу 23, 2025

«Әлеуметтік әмиян»: оқушылардың…

Өткен жылдан бастап Қазақстан мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа цифрлық жүйе…
Сәу 23, 2025

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық…

Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет