Бейсенбі, 29 Желтоқсан 2016 12:28

Жаңашар ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Мадия БОЛАТҚЫЗЫ: «Жақсылық жасау өз қолымызда»

Жастар – жарқын болашақ кепілі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Жолдауында: «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер» – деп, жастарға сенім білдірген болатын. Елбасының сенімі ақталып, бүгінгінің жастары тек білімге ұмтылып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Жақында Талдықорған қаласында облыс аумағындағы осындай белсенді жастардың басын қосқан жиын өтті.

 

Облыс орталығының Жастарға қызмет көрсету орталығында өткен шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар арнайы қатысты. Жиын барысында облыс жастарының жыл бойы атқарылған жұмыстары мен жетістіктері тізбектеліп, келер жылға бағдар беріліп, жоспарлар құрылды. Облыстағы жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушылардан басым түскен Жаңашар ауылдық округінің    жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Мадия Болатқызы Қазақстан Респуб-ликасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, өңірдегі жастар саясатын жүзеге асыруда, жастардың бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік  қасиеттерін қалыптастыра отырып, рухани өркендеуге қосқан үлесі үшін облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатымен марапатталып,  Алматы облысы бойынша «Ең үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы» атанды. Жаңа жыл қарсаңында жаңа жетістіктерге жеткен Мадия Болатқызын жүлдесімен құттықтап, үздік нұсқаушының жаңа жылдық лебізін білген болатынбыз.

Алдымен жастардың қоғамдағы орнын сөз еткен ол ауданымызда жастарға жасалып жатқан жақсылықтарды шолып өтті.

– Мешін жылы жастар үшін де, халық үшін де өте табысты әрі жаңалыққа толы жыл болды. Мешін жылында ел келешегі болған балаларға арналып қаншама балабақша мен мектептер салынып, күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, қаншама жыл қараусыз қалған саябағымыз күрделі жөндеуден өтіп, жастардың игілігіне берілуде. Түрлі бағдарламалардың арқасында мыңдаған жастарымыз жұмысқа орналасып, еңбектерінің жемісін көруде. Мемлекет бізге барлық жағдай жасауда. Біздің мақсатымыз – сапалы білім алып, өзімізге қамқорлық көрсеткен елімізге адал қызмет ету – дейді. Сондай-ақ, жаңа тауық жылынан жақсылықтар күтеміз деп қол қусырмай, сол жақсылықтарды өзіміз жасауымыз керектігін айтты. Осы жылы елімізде өтетін халықаралық маңызы бар шаралардыың жоғары дәрежеде өтуіне жастардың өз үлесін қосуы міндетті екендігін жеткізді. Мереке қарсаңында аудан жастарын жаңа жылмен құттықтаған облыстағы үздік нұсқаушының тауық жылы табысты боларына сенімі мол.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 4426 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет