Бейсенбі, 29 Желтоқсан 2016 12:31

Ұлттық ойыншық саналылыққа тәрбиелейді

Шелек ауылындағы Галина Лулудова басқарған «Гүлдер» балабақшасында  «Бал – бала» атты мектепке дейінгі кішкене жастағы балаларды ұлттық тәрбиелеу мен оқытуға арналған оқу-әдістемелік кеше-ні кеңінен жүргізіліп келеді. Балабақшадағы Гүлдана Нұрбайқызының  тәрбиесіндегі  «Балапан» тобының бүлдіршін-дері 2014 жылдан бері Қазақ-станның танымал әншісі Қыдырәлі Болмановтың идеясынан туындаған интерактивті  ойыншықтарын пайдалану арқылы тәрбиеленуде. Жақын-да  аудандық білім бөлімі, ауылдық әкімдік  өкілдерінің қатысуымен, ата-аналармен, тәрбиешілермен  Қыдырәлі Болманов балабақшаға арнайы келіп, кездесті. Жаңа үлгідегі ойыншықтармен жас жеткіншектер қызыға ойнап, саналылыққа, өсер елдің ұрпағы-на сай тәрбиеленіп, өсіп келе жатқанының куәсі болды ата-аналар.

 

Қ.Болманов еліміз  тәуелсіздік алғаннан кейін Қытайдың және басқа елдердің сапасыз  әрі денсаулыққа зиян тигізетін ойын-шықтары қаптап кеткені ой салып, қалайда ұлттық нақышта әрі сапалы материалдан жасалған тың туынды шығаруды қолға алыпты. Ойыншық болғанда да жәй емес, сол баламен ана қазақ тілінде сөйлесетін, ән салатын ерекше үлгідегі,қазақтың  ұлттық болмысын сақтай отырып, болашақ иелерін жақсылыққа тәрбиелеу мақсатындағы ойыншықтар. Бұл ойыншықтардың ерекшелігі – бала ойнап отырып, «сәле-метсің бе? Атың кім?» деген сияқты сұрақ жауап арқылы тез тілі шығып, сөйлеуге мүмкін-дік туғызуы екен.  Мұндай қымбат, қымбат та болса, көрегендікпен ойға алған ойын-шықтарды шетел фирмаларымен келісе отырып дүниеге келтіруде. Ойыншықтың ұлттық үлгідегі 13 түрін және этно-педагогикалық әдістемелік оқулық кітаптарымен шығарған Қыдырәлінің  бұл дүниелері балабақшаларда игілікке асуда. Осы еңбегі оң бағаланып, Қ.Болмановқа Ресей елінің докторлық атағы да беріліпті.

Балаларға базарлық ретінде «Боямақ», «Балдәурен» атты кітаптарды сыйлады. Ата-аналар, тәрбиешілер келешек иелеріне арнап танымдық тәлім алатын ойыншықтарды игілікке асырғаны үшін өнер жұлдызына алғыстарын айтты.

 Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

Оқылды 2957 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет