Жұма, 10 Наурыз 2017 11:45

Ол менің асыл анам

«Әйел деген әдемі ғой әдемі,

Әдемілік бізге көптік етпейді» – деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлаған әйелдер қауымының төл мерекесі қарсаңында ауданымызда түрлі саланың дамуына үлес қосып жүрген нәзік жандылар мен ардагер ана-әжелеріміз ақ дастарханның төрінде бас қосты. Аудан әкімі Бинәлі Ысқақ Көктөбе ауылындағы «Alatau Holl» мейрамханасында өткен «Ол менің асыл анам» атты кеш барысында барша әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

 

Гүл көктеммен қатар келген гүл жайнаған аруларды құттықтауға аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев, аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев, қоғамдық кеңес төрағасы Әділбай Талқамбаев, «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов, ауылшаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Ильян Жакеев келіп, қыз-келіншектерге ақ тілектерін жеткізді. Мерекенің ашылуында сөз сөйлеген Бинәлі Әбдіқапасұлы:

– Адам баласы қыстан аман-есен шығып, жер ананың бусанатын көктем мезгілін сағына күтеді. Анасын құрметтеген әрбір жан жылдың осы бір ғажайып мезгілімен қатар келетін халықаралық әйелдер күнінде өз жақындарына қуаныш сыйлауға асығады.  Біз де осы күнге жетіп, өздеріңізбен бір дастархан басында жиналып отырмыз. Сіздер секілді алтын құрсақты аналар мен іскер әйелдердің көптігі – біз үшін мақтаныш – дей келе Бинәлі Әбдіқапасұлы әлемдегі дамыған 100-ге жуық мемлекет 8 наурызда аналарын құттықтайтындығын атап өтті. Бұл – өзгелермен иық тірестіремін деп талпынған кез-келген мемлекет алдымен ұрпақ тәрбиесінде басты рөл атқаратын әйелдер қауымына көп көңіл бөлетіндігін білдіреді. Осыларды сөзіне арқау еткен аудан басшысы жиналған аналар қауымына алғысын жаудырды. Кейіннен, төл мерекелерінде гүлдей құлпырған аналарға сыйлықтар табысталып, гүл шоқтары ұсынылды. Жиын барысында кезекпен сөз сөйлеген құрметті қонақтар кез-келген мейрамда нәзік жандыларды елеусіз қалдырмайтын аудан басшысына алғыс айтып, көпшілікті мерекемен құттықтады. Мерекелік кешті әуезді әуенмен әрлеген ауданымыздың өнерпаздары аналарға әнмен шашу шашып, құлақ құрышын қандырды. Әсем қимылдарымен көздің жауын алар «Улыбка» би ұжымының билері талайды тамсандырды. Мерекелік дастарханнан дәм татып, концерттік бағдарлама тамашалап, зор құрметке ие болған аналар қауымы кеш соңында аудан басшысымен естелік суретке түсіп, көңілді тарқасты.

С.НҰРАДИН.

Оқылды 4430 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ол менің асыл анам Жақсының нұры тасысын »

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет