Бейсенбі, 12 Қараша 2015 11:40

Теңге қайда барасың?

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында ұлттық валютаның дүниеге келуі шын мәнінде бетбұрысты кезең болды. 1993 жылдың 15 қарашасында төл валюта – теңгенің айналымға енгізілуімен еліміз экономикалық және қаржылық тәуелсіздікке бет алды.

 

Биыл төл теңгемізге – 22 жыл. Шыны керек, осы уақыт аралығында теңгенің құны мың құбылды. Десе де, ел экономикасын арттырудағы өз жолынан тайған емес. Күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерден бас-тап ірі шаруашылық айналымдардың барлығында мінсіз қызмет атқарып келе жатқан төл валюта  тәуелсіздігіміздің айшықты айғақтарының бірі әрі ұлттық мақтанышымыз. Ал, осындай қаржылық дағдарыс бүкіл әлемді қыспаққа алған заманда күн санап теңгеміздің құнсыздануы халық арасында үрей туғызуда. Экономист-сарапшылардың өзі де сан-алуан пікірлерін ұсынып отыр.

Мақсат ХАЛЫҚ, экономист:

– Алдағы уақытта доллардың өсетіні анық. Біріншіден, Ұлттық банктің жаңа төрағасы  Данияр Ақышев «Негізгі міндет теңгенің курсы емес, халықтың сенімі» деп атап өтті. Осыны негізге алатын болсақ, көк қағаздың күшейетіні анық. Екіншіден, Елбасымыз елдегі іскерліктің төмендегенін айтты. Осы мәселені шешуді жаңа төрағаға тапсырды. Ұлттық банк Келімбетовтің кезінде базалық пайыздық мөлшерлемені 8-ден 12 пайызға көтерсе, кейін 16-ға арттырды. Негізгі міндет – теңгенің өтімділігін қамтамасыз ету болатын. Бірақ, бұл экономиканың өсімін тежеді. Себебі, Ұлттық банктің өзі пайыздық мөлшерлемені көтергендіктен екінші деңгейдегі банктердегі несиеге берілетін тиімді пайыздық мөлшерлеме тіпті, бірқатар банктерде 54-55 пайызға дейін жетті.

Енді Ұлттық банктің жаңа төрағасы осы базалық пайыздық мөлшерлеменің көлемін түсіреді деп есептеймін. Бұл тағы да доллардың күшейетіндігін көрсетеді. Алайда, Ұлттық банк бұл жерде пайыздық мөлшерлемені түсірерде теңгенің құнсызданып кетуіне жол бермеуі керек.

Мақсат СЕРӘЛІ, экономист:

– «Доллар бағамы әрі қарай өсе ме, өспей ме?» деген сұрақ бәрімізді мазалайды. Доллар бағасы белгілі бір мөлшерге жетуі тиіс деп ойлаймын. Егер Ұлттық банк теңгені ұстап тұру үшін интервенция жасай беретін болса, доллар ары қарай өсе беретін болады. Уақытша ұстап тұрудан еш пайда жоқ. Өздеріңіз білесіздер, жаңа басшылық келіп, теңгені еркін айналымға жіберді. Енді доллар бағасы 300-311 теңгемен тұрақтап қалады деп ойламаймын 360-400 теңгеге дейін барады. Ал ол баға ұзақ тұрақтап тұра ма? Мүмкін бір жыл, мүмкін екі жыл. Оған қазір нақты жауап жоқ. Себебі, әлемдік экономикалық жағдай мен мұнай бағасына қатысты нақты болжамдар жасай алмаймыз.

Негізінен, АҚШ долларының күрт қымбаттауын жаңа басшылықтың келуімен байланыстыруға болады. Теңгеге қатысты банк саясаты өзгерді. Жаңа басшылық интервенция жасауды тоқтатты. Бұл бастаманы қолдаймын. Миллиондаған доллар құйып, теңге курсын ұстап тұрудың қажеті жоқ. Одан гөрі сол ақшаны әлеуметтік бағытта, экономиканы аяққа тұрғызуға септігін тигізетін салаға жұмсағанымыз дұрыс.

 

Дайындаған Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 3168 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Теңге қайда барасың? Теңге қайда барасың? »

Соңғы жаңалықтар

Шіл 14, 2025

Конаев этим летом: более 860 тысяч…

Конаев этим летом уверенно закрепил за собой статус одного из самых популярных…
Шіл 12, 2025

Балалардың қауіпсіздігі үшін: Қонаев…

Қауіпсіздік пен жайлылық – басты басымдық. Балалар 4 млрд теңге көлеміндегі жеке…
Шіл 11, 2025

Разъяснение по вопросу переселения…

Согласно информации управления образования Алматинской области сообщаем: в связи с…
Шіл 11, 2025

Алдымен адам папилома вирусы…

 Адам папилома вирусы – бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын…
Шіл 10, 2025

«Е-өтініш –мемлекеттік органдарға…

Е-Өтініш – бұл Қазақстан Республикасының азаматтарына, ұйымдарына және заңды тұлғаларына…
Шіл 10, 2025

28 шілде — Дүниежүзілік вирустық…

28 шілде — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) белгілеген Дүниежүзілік вирустық…
Шіл 10, 2025

Чествование преданных делу…

В городе Қонаев состоялось торжественное собрание, посвящённое профессиональному…
Шіл 10, 2025

Қоғамдық денсаулық сақтау ісіне адал…

Қонаев қаласында кәсіби мереке — Ветеринария күніне арналған салтанатты жиын өтті.…
Шіл 10, 2025

Адам өмірі мен қоғамдық қауіпсіздік…

30 маусым күні Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында 10 жасар Максим Головачевке ит шабуыл…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет