Бейсенбі, 12 Қараша 2015 12:06

Адасудан сақтан

Жақында Райымбек батыр атындағы орта мектеп қабырғасында аудандық  жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен діни экстремизм және терроризмнің алдын алу мақсатында дөңгелек үстел  өтті.

 

Жиынға облыстық жастар саясаты орталығының ақпарат және насихат тобының мүшелері, облыстық дін, туризм басқармасының, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры мен аудандық ішкі саясат бөлімінің өкілдері, аудан имамы C.Төреқұлов және жастар қатысты. Жиынды ресурстық орталық жетекшісі Айбек Ілебай жүргізді.

Облыстық Жастар саясаты орталығы директорының орынбасары Алия Байғанұсова, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының Алматы облысы бойынша аймақтық филиалының кеңесшісі Ыбырай Меңдібаев, Алматы облысы туризм басқармасының маманы Айдана Бақтыбекқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қайсар Асқарұлы, ауданның бас имамы Сапархан Төреқұлов байыпты баяндамалар жасап, жастар қауымын баурап алды.

«Дінге бет бұрған жастар білімсіздік салдарынан адасып жатыр». Бұл Сапархан Төреқұловтың сөзі. Ойын әрмен қарай былайша өрбітті аудан имамы: «Бұрын көрмеген, бейтаныс жандар теріс үгіт пен түсініктерін дәл осындай жастар қауымына тез сіңдіріп, елітіп әкетуде. Дін Ислам алдымен білімге үндейтіндігін жастар қауымы жадынан шығарып алады. Алайда, Ислам діні «қыр» мен «жой» дейтін кері түсініктерді дәріптемейді. Ол сабырға, мейірімге, білімге, тазалыққа үндейді. Бұл түсініктерді бойына орнатқан адам нағыз мұсылмандар санатында» – дейді бас имам. Ал облыс өкілдері кәсіпкерлік және туризм турасында түсініктер берді.

Кез-келген кәсіп түрімен айналысуға жастар қауымында мүмкіндік мол екендігін жеткізді Ыбырай Меңдібаев. Бизнес жоспар құрып, кәсіп ашпақ ниеттегі жандарға қомақты қаржылай қолдау барын айтты.

Туризм турасында Айдана Бақытбекқызы әңгіме өрбітті: «Еңбекшіқазақ ауданындағы көрікті жерлер көңіл сергітіп, еркін серуен құруға ыңғайлы табиғи орта. Бұл кереметті де жастар қауымы байқамай жатыр. Жаяу туризм немесе велосипедпен сабақтан тыс бұл жерлерді аралап қайту көп қаражат пен уақыт сұрамайды. Бұл тек әрбір жастың ынта-жігеріне байланыс-ты. Сөйтіп, туризм саласын дамытуға үлкен үлес қосқан боласыз» – деді. Айбек Ілебай және Қайсар Асқарұлы діни экстремизм және терроризмнің алдын алу мақсатында аудан көлемінде өткізілген іс-шаралар турасында ақпарат берді. Бәйдібек би ауылдық округінде «Дін: жастар және қоғам» атты дөңгелек үстел, Түрген ауылында моргиналды жастармен «Қоғамдағы жастардың рөлі» және Қаракемер ауылдық округінде «Жастардың рухани өмірінде діннің алатын орны қандай?» тақырыптарында және аудандық ішкі саясат бөлімі мен құқық қорғау органдары бірлесе өткізген Жетісу заң колледжі қабырғасында «Шырмауыққа шырмалған» акциясы, «Шырмауық», «Радикализм – біздің жол емес» атты видеороликтер көрсетілгенін айтып өтті.

 Жиын барысында жастар көкейкесті сұрақтарын келген қонақтарға қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.

 

Ә.МАНАСБЕК.

Оқылды 5205 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Адасудан сақтан Адасудан сақтан »

Соңғы жаңалықтар

Маус 19, 2025

Атамекен Отаны – Бейбіт өмір ауылы

Тарих бетіне үңілсек, 1722 жылы Бірiншi Петр: «Қазақ Ордасы бүкiл Азия елдерi жерлерiне…
Маус 19, 2025

Қажырлы еңбек — ел мүддесіне адал…

Қытайдың Боғда тауының Күнгейінен Қазақстанға көшіп келген жерлестердің бас қосуында…
Маус 19, 2025

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден кім кетпеген, Ащы қайғы кімдерді жүдетпеген. Еске алып дұғасына…
Маус 19, 2025

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп…

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің…
Маус 19, 2025

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы «Атамекен – ұлттық рухтың бесігі»…
Маус 19, 2025

Жаңарған ғимарат – жаңа мүмкіндіктер

Денсаулық сақтау жүйесін дамытып, сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша…
Маус 19, 2025

Алғыс пен құрмет иелері

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина саласындағы қызметкерлердің кәсіби…
Маус 19, 2025

У нас союзнические отношения с…

Заместитель директора ТРК Президента РК Аскар Джалдинов спросил Президента России…
Маус 19, 2025

«Я не вижу никаких осложняющих…

 Отвечая на вопрос заместителя директора ТРК Президента РК Аскара Джалдинова, Президент…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет