Бейсенбі, 10 Желтоқсан 2015 12:29

Сарбаздар қайтты үйіне

Жақында Қаракемер 6654 Ұлттық Ұлан әскери бөлімі Отан алдындағы борышын бір жыл бойы абыроймен атқарған 300-ден аса жауынгерді үйлеріне салтанатты түрде шығарып салу рәсімін өткізді.

 

Бөлімнің әскери даярлық алаңында сап түзеген сарбаздар бір жыл бұрын ана мен әке құшағынан, туған өлке топырағынан алысқа ұзап көрмеген уыздай жастар еді. Жетіле келе Отан алдындағы әскери борыш, абыройлы міндет оларды Қаракемер 6654 Ұлттық ұлан әскери бөліміне жетелеп келді. Мұндағы темірдей тәртіп, оқу мен жаттығу олардан қайыспас қайсар тұлғалар мен жігерлі жігіттер жасады.

Бөлім басшысы полковник Константин Қуатов сарбаздарға алдағы азаматтық өмір жолында сәттіліктер тілеп, берілген тәрбие мен антқа адал болуын ескертті. «Сіздер жүрген жерлеріңізде өзгелерге үлгі болуға міндеттісіздер. Ана мен әкеге қамқор, бауыр мен қарындасқа жанашыр болып, өмірде өз орындарыңызды табуға тиіссіздер. Бұл Отаныңыз жүктеген міндет. Сондай-ақ, хат жазыңыздар. Біз, барлығына да жауап беріп, ақыл-кеңесімізді аямаймыз» – деп, сарбаздарға көптеген өнегелі сөздері мен өрелі ойларын айтты.

Осыдан кейін сарбаздар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылы дәл осы уақытта әскер қатарына шақырылған сарбаздарды үйіне қайтару жөніндегі бұйрығын тыңдады.

Сондай-ақ, әскери борышын абыроймен атқарған үздік сарбаздар Константин Қуатовтың қолынан алғыс хаттар мен әскери шендер алды.

6654 Ұлттық Ұлан әскери бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы Анатолий Головченко сарбаздарға ақылын айтса, сарбаздар Сұлтан Карбозов, Дастан Секіш бөлім басшылығына алғыстарын айтты. Толыққанды азамат атандық деп ізгі тілектерін ақтарды.

Осыдан кейін сарбаздар соңғы рет бөлім басшылығы алдында сап түзеп салтанатты шеру жасап өтті. Салтанатты шара бөлімнің мәдениет үйінде жалғасты. Әскери оркестр әлемнің үздік комозицияларын орындап, сарбаздарды қуанышқа бөлесе, Константин Қуатов мұнда да үздік сарбаздарды салтанатты түрде марапаттады.

Әділет САРЫБАЙ.

Оқылды 5056 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Сарбаздар қайтты үйіне Сарбаздар қайтты үйіне »

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет