Жұма, 08 Қаңтар 2016 12:16

Кең пейілді кемімес

Жақында Тескенсу селолық округ әкімі аппараты, республикалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары А.Мырзахметовтың тапсырмасына сәйкес аз қамтылғанотбасыларына көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді.

 

Тескенсу ауы-лына қарасты бірнеше жеке шаруа қожалықтарының басын қоса өткізген жиында «Мұрат» шаруа қожалығы жаңа жыл қарсаңында 10 (он) отбасыға сыйлық жасауды өз жауапкершілігіне алды. «Мұрат» шаруа қожалығының басшылары Қ.Оразбаев және Е.Жаңабаев жаңа жылдық құттықтауды ҰОС ардагері В.Ткаченкодан бас-тады. Құттықтай келген азаматтарды ардагер жұбайы Вера Алексеевнамен бірге қуана қарсы алып, соғыста көрген қиыншылықтарын еске ала ән де шырқап берді. Соңынан естелікке суретке түсіп өз ризашылықтарын білдіріп шығарып салды. Ардагер үйінен шыққан кәсіпкерлер мүгедек жандарға, көп балалы аналарға және жетім балалардың үйлеріне бас сұқты. Жаңа жылға сыйлық алған балалардың қуанышында шек болмады. Бірі тақпақ айтса, бірі ән салды. «Берген жомарт емес, алған шын жомарт» деп серт ететін көңілі көл-дария текті халықтың қайырымды азаматтарының қатары молая берсін.

Бұдан бөлек Тескенсу, Көлді және Толқын ауылдарының әлеуметтік көмекке мұқтаж 40 (қырық) жанұясына жаңа жылдық сыйлықтарын үлестіруге селолық округ әкімі аппараты және Тескенсу ауылының басқа да кәсіпкерлері өз үлестерін қосты. Әлеуметтік көмекке мұқтаж  жандарды қолдаймын деген жомарт жандар қатары көбейсе нұр үстіне нұр болары анық.

 

Сәбит Бектеген,

Тескенсу селолық округі

әкімі аппаратының  жетекшімаманы.

Оқылды 3455 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Кең пейілді кемімес Кең пейілді кемімес »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет