Бейсенбі, 21 Қаңтар 2016 14:27

Тау бөктеріндегі көңілді күн

Қыс келсе, алдымен балалар қуанады. Жаңа жыл мерекесі, қысқы демалыс, аққала жасау, сырғанақ тебу. Бәрі де қыс мезгілінің балғындарға әкелер базарлығы. Осыған орай, жақында Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Түрген филиалының ұйымдастыруымен  Түрген сайында қыс мезгілінің ашылу салтанаты өтті.

 

Шараға Түрген ауылдық округіне қарасты Д.Қонаев атындағы, М.Ломоносов атындағы, А.Жексембеков атындағы және Таутүрген орталау мектебінің оқушылары қатысты. Өзінің құттықтау сөзінде Түрген ауылдық округінің әкімі Бота Елеусізова:

– Осындай табиғат аясында қай мезгілде демалсаң да бір ғажап күй кешесің. Құрметті жастар, мына ұйымдастырылып отырған шара тек Сіздер үшін. Демалысымызды көңілді өткізіп қана қоймай, табиғат ананы аялай білейік. Қоршаған ортаның тазалығын сақтап, еліміздің гүлденуіне өз үлесімізді қосайық – деді. Сондай-ақ, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Түрген филиалының директоры Жақсылық Жылқыбеков пен мекеме экологі Сәндігүл Қуанышова балғындарды қысқы мерекенің ашылуымен құттықтап, ең керемет жыл мезгілі сәтті өтуін тіледі. Кейіннен, көңілді ән айтылып, түргендік қыздар мың бұрала би биледі. Мектеп оқушылары қардан мүсін жасады. Арқан тартыс, кір тасын көтеру, қол күрес, шағын футбол мен шаңғыдан жарыстар ұйымдастырылып, оқушылар өз күштерін сынға салды. Келген қонақтар мен бүлдіршіндер таудан шанамен сырғанап, шат-шадыман күй кешті.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 4502 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 07, 2025

Маймыл шешегі бойынша эндемиялық…

Маймыл шешегі - адамға ауа тамшылары немесе қарым қатынас арқылы берілетін зоонозды,…
Там 07, 2025

Сальмонеллездің алдын – алу.

Сальмонеллез - көбіне асқазан ішек жолдарын зақымдайтын, адам мен жануарларға ортақ, жиі…
Там 07, 2025

Адам папилломасы вирусына қарсы…

Адам папилломасы вирусы (әрі қарай АПВ) – адам ағзасында кездесетін вирустар тобы, олар…
Там 07, 2025

Парентеральды вирустық гепатиттердің…

 Парентеральді жұқпалар, ол – қан мен адам ағзасындағы басқа да сұйықтықтары (сілекей,…
Там 07, 2025

Парентеральды вирустық гепатиттердің…

 Парентеральді жұқпалар, ол – қан мен адам ағзасындағы басқа да сұйықтықтары (сілекей,…
Там 07, 2025

Листериоздың алдын алу

 Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Там 07, 2025

Ұлттық байқаудың үздіктері анықталды

2025 жылғы 31 шілдеде Алматы облысында «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық…
Там 07, 2025

Мерейтой биік мәртебесінде

Абайдың тойы – ғаламның, ғаламдағы бар адамның той десек артық айтқандық емес. Әсіресе…
Там 07, 2025

Алматы облысының әкімі жол жөндеу…

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Кеген–Нарынқол» автомобиль жолының жөндеу…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет