Бейсенбі, 11 Ақпан 2016 12:11

Қайран қазақ, қайда кетіп барасың?

Сағат кешкі 20.30. Әдеттегідей үй ішіндегілер бұл уақытта жаңалық тыңдайды. Ел ішіндегі, басқа елдердегі ақпараттардан сөйтіп хабардар болып отырады. Ал, әйел адамның күйбең тірлігі бітуші ме еді?! Әрі-бері өткенде бір көз салып қойғаның болмаса... Тіршілігімді тындырдым-ау деп теледидар алдына отыра қалғаным сол еді, жаңалық көрем деп жағамды ұстадым...

 

Жаңа ғана дүние есігін ашқан нәресте дәретхана ішінде қыбырлап жатыр. Қоқыс жәшігі былай тұрсын, дәретхана тесігіне лақтырып кеткен. Қақаған қыстың аязында әлгі шақалақ сонда да әлсіз дауыс шығарып, жылап қояды. Не деген айуандық?! Әйтеуір, көрер жарығы бар болар, айналадан жиналған, құтқаруға келген азаматтар жабылып жатып, дәретхана тесігінен сәбиді зорға шығарып алады. Ал сондай адам айтса сенгісіз әрекетке барған, «Ана» арына дақ түсірген әйелден жауап алынуда. Мына сұмдықтан шошынып, отырған орнымда солқылдап жылай бердім... Құдай-ау, бір перзентті болуға қанша адам зар болып жүр бұл күнде. Ол ол ма? 10 сыныптың оқушысы жүкті болып, айы-күні жетіп отырған сәтінде өгей шешесі оны көлікке отырғызып, ауруханаға апара жатқан жолда бойжеткен босанып қояды. Сол сәтте әлгі сәбиден тезірек құтылудың жолын ойлап отырған тасжүрек әйел қызылшақаны көлік терезесінен сыртқа лақтырып жібереді. Қансырап жатқан бойжеткен не болып жатқанын да ұқпаған сыңайлы. Бұдан асқан зұлымдық болар ма, адамдар?! Жол жиегінде шашылып қалған бейкүнә нәрестенің не жазығы бар еді?! Біз қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз, айналамыздағылар адам ба, әлде айуан ба??? Айуан да өз төлін өлімге қимайды! Бұл турасында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Сәбиін көлікте босанып, далаға тірідей лақтырып жіберген қарындасымыз туралы қайғылы хабарды мен де естідім. Денем тітіркеніп, ұзақ мазасыз күй кештім. Әрине, өкінішті жағдай. Қызды қырық үйден тыя білген халықпыз ғой. Баяғыда бойжеткен қыздар отбасын құру туралы анасымен, жеңгесімен сырласатын. Қазір бұл үрдіс азайып барады. Өкінішке қарай, ұл-қыздарымыздың тәрбиесі екінші кезекте қалып қойды. Баласын тірідей өлімге қиған сол қарындасымызға қаражат, киім, баспана, тағы басқа нәрсе жетпей жатыр деп айта алмас едік. Жастарымызға жетпей жатқаны – рухани азық, иман, тәрбие. Өйткені, Ислам – екі дүние бақытының кілті» – дейді.

...Көз жасымды тыя алмай отырғанымда, барлық сұмдықты бір топтамаға әдейі жиып алғандай, тағы бір сорақы көрініске куә болдым. Шамамен 3 және 5 жасар екі қызын жанына алып алған санасыз әке-сымақ ортаға арақтың бөтелкесін қойып алып, судай сіміріп отыр. Өзі ғана улана берсе бір сәрі, әлгі қыздарына да ащы суды құйып беріп, тіпті масқара, қағыстырып ішіп отырғаны... Кішкентай қыздар мәз-мейрам, күлкілерін тыя алмай, бастары айналып, бөлме ішінде жүгіріп жүр. Қайтсін енді, бейкүнә бала анасы немесе әкесінен жаманшылық күтуші ме еді?! Балакөңіл ата-анасынан келіп жатқан зауалды аңғармайды да. Бір қорқыныштысы, қыздар ащы судың ащылығын тіпті елемейді, әбден үйренісіп алған. Демек, бұл бірінші рет орын алған оқиға емес екені анық. Ағзаларын улап қана қоймай, болашақтарына да балта шапты ғой байғұстардың. «Ана сүтін айырбастап араққа, қайран қазақ, қайда кетіп барасың?» деп қатты қамықтым.

Міржақып Дулатов кезінде «Оян, қазақ!» деп ұрандап, халықты жарыққа, сауаттылыққа сүйреген болса, бүгінгі қоғамға «Ойлан, қазақ!» деген ұран көбірек қажет сияқты. Ойланбай от басқанның ақыры, бейкүнә нәрестелердің аянышты тағдыры мен өліміне әкеліп соқса, санасыздықтың соңы сергелдең мен құрдым болып отыр.                         

Алмагүл НҰҒМАН.

Оқылды 4452 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 19, 2025

Атамекен Отаны – Бейбіт өмір ауылы

Тарих бетіне үңілсек, 1722 жылы Бірiншi Петр: «Қазақ Ордасы бүкiл Азия елдерi жерлерiне…
Маус 19, 2025

Қажырлы еңбек — ел мүддесіне адал…

Қытайдың Боғда тауының Күнгейінен Қазақстанға көшіп келген жерлестердің бас қосуында…
Маус 19, 2025

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден кім кетпеген, Ащы қайғы кімдерді жүдетпеген. Еске алып дұғасына…
Маус 19, 2025

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп…

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің…
Маус 19, 2025

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы «Атамекен – ұлттық рухтың бесігі»…
Маус 19, 2025

Жаңарған ғимарат – жаңа мүмкіндіктер

Денсаулық сақтау жүйесін дамытып, сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша…
Маус 19, 2025

Алғыс пен құрмет иелері

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина саласындағы қызметкерлердің кәсіби…
Маус 19, 2025

У нас союзнические отношения с…

Заместитель директора ТРК Президента РК Аскар Джалдинов спросил Президента России…
Маус 19, 2025

«Я не вижу никаких осложняющих…

 Отвечая на вопрос заместителя директора ТРК Президента РК Аскара Джалдинова, Президент…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет