Бейсенбі, 11 Ақпан 2016 12:15

Күнәһар ма, махаббат символы ма?

Қозы көрпеш – Баян сұлу, Төлеген – Жібек, Қалқаман – Мамыр, Еңлік – Кебек. Осы есімдерді атағанда ойымызға қыз бен жігіт арасындағы махаббат сезімі еріксіз оралады. Ал 14-ші ақпан күні өзіміз танымайтын «әулие Валентин күнін» атап өтетініміз өкінішті.

 

Міне, Тәуелсіздік ақ таңының атқанына  ширек ғасырдың жүзі болды. Алайда, санамызға сіңген жат дәстүрден әлі күнге арыла алмай келеміз. 31 желтоқсандағы жаңа жылымызды біртіндеп ұмытқандай болдық. Есесіне, 22           наурызды өз деңгейінде атап өтеміз. Оған да шүкір. Ал 14 ақпандағы «әулие Валентин күні» жастардың, әсіресе, ғашықтардың төл мерекесі деңгейінен әлі түспей келеді. Жасыратыны жоқ, сол ғашықтардың өзі Валентиннің кім екенін, бұл күні қандай оқиға болғанын білмейді. Тек, көппен бірге мереке тойлағансып, сүйіктісіне сыйлық жасап әуре. Сонымен, біз әулие санап жүрген Валентин кім?

Әлем халықтарының махаббат символына айналған Валентин жайында бірнеше аңыз-әңгіме бар. Соларға шолу жасайық.

Валентин Рим императоры Клавдийдің тұсында өмірін тақуалыққа арнаған діндар болған. Сол кезеңде жастар ел қорғаудың орнына әскерден қашып, жастайынан үйленетін. Сондықтан, патша әскерге бармағандарға отау құруға тыйым салу туралы заң шығарған. Бағынбағандар өлім жазасына кесілген. Валентин де аталған заңның құрбаны болған. Бірақ, ол өзгенің әйелімен заңсыз некеде тұрған. Келесі бір аңызда діндар Валентин қыздарға сезімін хат арқылы білдіріп отырған. Алайда, Католик шіркеуінің заңдарына сәйкес, олардың сезімдері тек құдайларына арналуы тиіс. Дінге қарсы шыққан Валентин жазаланады. Ал, үшінші аңызға сүйенсек, діндар Валентин түрмедегі тұтқындарға ғашық болған. Әрекеттері әшкереленген ол өлім жазасына кесіледі. Осы үш аңызда да Валентиннің басы 14 ақпан күні шабылғаны айтылады. 469 жылы Римде билік еткен Гелариус патша осы күнді «әулие Валентин» күні деп жариялапты. Алғашында бұл мейрамды Еуропа жұртшылығы тойласа, кейіннен АҚШ-тың төрінен бір-ақ шыққан. Ресейліктер өткен ғасырдың басында «әулие Валентин» күнін атап өтуді бастаған. Қазақ халқы Ресейдің құрамында болғандықтан, біздің санамызға да сіңіп үлгерді.

Қай аңызды алып қарасақ та, Валентин – дінбұзар күнәһар. Одан қалса, 14 ақпан – сол күнәһардың өлім жазасына кесілген күні. Демек, біз біреудің қайтыс болған күнін мереке санап, сүйіктілерімізге сыйлық жасаймыз. Сонда біздің махаббат жолында құрбан болған, шынайы сезімнің  символдары саналған ғашықтарымызды кім құрмет тұтады? Орыстар ма? Әлде Еуропа халқы ма? Олардың бізге жаны ашымайтыны да айдан анық. Өзгенің қаңсығын бойымызға сіңіргенше, талай жырға арқау болған ғашықтарымызды ардақтайық.

Баршамызға мәлім, 15 сәуір – ғашықтар мерекесі болып заңмен бекітілмесе де, «Қозы көрпеш – Баян сұлу» күні бірді-екілі мекенде аталып өтеді. Дәл осы мерекені ұлықтап, қазақы махаббаттың үлгісін көрсету өзіміздің қолымызда екенін сезінуіміз керек. Шыны керек, 14 ақпан күні қаракөздеріміздің осындай жат мәдениеттің жетегінде кетіп, өздері білмейтін мерекені тойлап жатқанына қарап күйінесің. Көршілес Өзбекстан Республикасы бұл күнді тойлаудан ресми түрде бас тартып, 14 ақпанды «Бабыр» күні деп жариялады. Түркменстан үкіметі де «әулие Валентинді» еске алуға тыйым салды. Ал біз ше? «баяғы жартас, сол жартастың» күйін кешіп, біреудің жазаланған күнін мерекелейміз.

Құрметті ғашықтар, ертең біздің балаларымыз «әулие Валентин деген кім?» деп сұраса қалай жауап бермекпіз? Осыдан кейін  ғашықтар жырын жастарға қай бетімізбен үйретеміз? Қақаған қыстың ақпанында емес, көктемнің жайма шуақ күнінде сүйіктімізбен бірге қыдырған романтикаға әлдеқайда жақынырақ. Ойланайық...

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 3401 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 07, 2025

Маймыл шешегі бойынша эндемиялық…

Маймыл шешегі - адамға ауа тамшылары немесе қарым қатынас арқылы берілетін зоонозды,…
Там 07, 2025

Сальмонеллездің алдын – алу.

Сальмонеллез - көбіне асқазан ішек жолдарын зақымдайтын, адам мен жануарларға ортақ, жиі…
Там 07, 2025

Адам папилломасы вирусына қарсы…

Адам папилломасы вирусы (әрі қарай АПВ) – адам ағзасында кездесетін вирустар тобы, олар…
Там 07, 2025

Парентеральды вирустық гепатиттердің…

 Парентеральді жұқпалар, ол – қан мен адам ағзасындағы басқа да сұйықтықтары (сілекей,…
Там 07, 2025

Парентеральды вирустық гепатиттердің…

 Парентеральді жұқпалар, ол – қан мен адам ағзасындағы басқа да сұйықтықтары (сілекей,…
Там 07, 2025

Листериоздың алдын алу

 Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Там 07, 2025

Ұлттық байқаудың үздіктері анықталды

2025 жылғы 31 шілдеде Алматы облысында «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық…
Там 07, 2025

Мерейтой биік мәртебесінде

Абайдың тойы – ғаламның, ғаламдағы бар адамның той десек артық айтқандық емес. Әсіресе…
Там 07, 2025

Алматы облысының әкімі жол жөндеу…

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Кеген–Нарынқол» автомобиль жолының жөндеу…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет