Атап айтсақ, мейбукан годзюру каратэ-додан қара белбеу иегері Фархат Мурсалиевтың бапкерлігінен шыққан балғындар 8 жасар Аян Нұрғазы, Әліби Ерұланұлы, Сұлтан Нүсіп және жарыстың ең кішкентай қатысушысы 4 жасар Әлихан Тоғызбай үздіктер қатарынан көрінді. Айта кеткен жөн, 4 жасар Әлихан Тоғызбайдың беліне мейбукан годзюру каратэ-до федерациясының президенті Нұрлан Керімбаев өз қолымен сары белбеу тақты. Бұл Әлиханның бүлдіршін болса да, таудай талабының жемісі болса керек.
9 жасар Әділет Нұрғазы, Қуаныш Советжан екінші орындарды еншілесе, Бекжан Амантаев, Рамазан Хамиев, Муратхан Байрамов, Даниял Күншенбай, Рома Шабанов және нәзік жанды Муслима Сұңғатқызы үздік үштіктер қатарынан көрінді.
Ендігі, үздік шыққан бүлдіршіндер аймақтық іріктеу жарысының келесі кезеңі «кумитэ» дәрежесінде жекпе-жек алаңында өз өнерлерін ортаға салатын болады.
Ә.МАНАСБЕК.


Жақында Алматы қаласында жасөспірімдер арасында шығыс жекпе-жегі мейбукан годзюру каратэ-додан Республикалық чемпионатқа аймақтық іріктеу жарысы өтті. Оған ауданымыздың спортшы бүлдіршіндері де қатысып, «ката» дәрежесінде үздіктер қатарынан көрінді.
