Бейсенбі, 10 Наурыз 2016 11:47

Ақ тілек, ізгі ниет ақтарылған күн

«...Әйел деген әдемі ғой,  әдемі,

Әдемілік бізге көптік етпейді».

Хантәңірдің мұзбалағы Мұқағали айтқандай, сұлулықтың символы арулар мерекесі көгорай көктемнің есігін ашты. қаһарлы қыстың түндігін түріп, мейірімнің шуағын шашты. Осынау күнде аудан әкімі Бинәлі Ысқақ барша нәзік жанды аруларымызды мерейлі мерекемен құттықтап, ақ тілек, ізгі ниетін жеткізді.

 Райымбек батыр атындағы орта мектепте өткен дөңгелек үстел басында ашық әңгіме тиегі ағытылды. Аудан басшысы соңғы жылдардағы жеткен жетістіктер мен алдағы жоба-жоспарларды саралап өтті. Ондағы әйелдердің ерен еңбегін де астын сызып атады.

– Қандай жағдай болмасын, Сіздерсіз күніміз қараң. Әйел – анамыз. Ана – өмірдің гүлі, тіршілік басы. Әйел – әпке-қарындасымыз, әйел – қырмызы қызымыз. Бұл бұлжытпас өмір қағидасы жылдар желісімен жаңғырып келеді. Арулар шаңырақта ғана емес, қызметте де өзінің белсенділігін көрсетуде. Бүгінгі таңда ауданымызда білім саласында еңбек етіп отырған әйелдеріміз 80 пайыздан асады. Ал мемлекеттік қызметтегі әйелдер көрсеткіші де 50 пайыздың шамасында. Ең қиын сала құқық қорғау қызметінде де әйелдеріміздің үлесі 30 пайыздың үстіне шықты. Бұл дегеніміз гендерлік саясаттың жүйелі жүргізіліп жатқандығының айғағы. Өз қызметіне адалдығымен, тиянақтылығымен кез келген жауапты істерді иіріп әкететін әйелдер қашанда мемлекет үшін керек.

Кейіннен Бинәлі Әбдіқапасұлы өмір өткелдерінен алынған сан түрлі мысалдарды келтіре отырып, барша жиналған әйелдер қауымына ана болу, әже болу бақытын тіледі.

Ақжарма ойды аудан қыз-келіншектері атынан аудандық «Әйелдер одағы» қоғамдық қорының төрайымы Роза Исатаева, аудандық білім бөлімінің маманы Айжан Тортаева, ұзақ жылдар ауданда түрлі қызметтер тізгінін ұстап, бүгінде құрметті зейнет демалысына шыққан Зульфия Раджабова алғыстарымен жалғады. Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің директоры Гүлнар Жо-шыбаева ер азаматтар Отанның, отбасының  тірегі екенін айғақтайтын әдемі өлеңін оқыды. Іші алтын, сырты күміс, айналасы жұп-жұмыр өлең жолдарына отырған қауым риясыз қошемет көрсетті.

Әдемі әңгіме желісі салтанатты шарамен жалғасты. Онда аудан басшысы барша әйелдерге Алғыс хат, гүл шоқтары мен сыйлықтарды табыс етті. Ал ауданның өсіп-өркендеуіне кезінде зор үлес қосқан Әде Есдәулетова кеудесіне «Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы» төсбелгісін тақты. Сәйкесінше, «Күміс алқа» төсбелгісі де өз иесін тапты.

Мерейлі күн келелі кездесумен басталып, ақ дастархан басында қорытындыланды.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 5516 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 30, 2024

ПАРИЖСКОЕ СОГЛАШЕНИЕ И ПАРНИКОВЫЕ…

Изменение климата является одной из самых серьёзных угроз современности, и углеродные…
Қырқ 30, 2024

️ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІМЕН…

Халықтық штаб мүшелері Б.Рахимов, Т.Ұзақов этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесулері…
Қырқ 30, 2024

Бүгін Халықтық штаб өкілдері…

Ондағы мақсат – 6 қазанда өтетін атом электр стансасын салу бойынша референдумға қатысып,…
Қырқ 30, 2024

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,…
Қырқ 30, 2024

Жас ақындар мен жазушылар арасында…

ЕРЕЖЕСІ1. Жалпы ережелер 1. «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы (бұдан әрі –…
Қырқ 30, 2024

АЭС салудың халықаралық тәжірибесі

Атом электр станцияларын (АЭС) салу және пайдалану – әлемдегі көптеген елдер үшін энергия…
Қырқ 30, 2024

Безопасность АЭС для Балхаша: мнение…

С ростом потребности в устойчивых источниках энергии Казахстан всерьез рассматривает…
Қырқ 30, 2024

Хайрушев: Если мы откажемся от АЭС,…

Вопрос строительства атомной электростанции в Казахстане поднимается с самого момента…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет