Жұма, 25 Наурыз 2016 14:59

Бар тіршілік Наурыздан басталады

Аудан орталығындағы алаңда өткен наурызтойға келгендердің қарасы биыл ерекше көп. Көгорай көктемнің шуағына шомылған қараша халықтың да көңілдері көтеріңкі. Бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін бөлісіп мәз-мейрам. Бастысы, қаһарлы қыстан аман шыққанына, несібелі көктемге жеткеніне шүкіршілік айтты. 

 

Салтанатты шарада алды-мен Қыдыр ата батасын берді. Кейіннен аудан басшысы Бинәлі Ысқақ тұрғындарды жыл басымен құттықтады. Өткен жылғы бағындырған белестерді бағам-дады, жаңа жыл елімізге тек жақ-сылығын әкелсін деп ақ тілегін ақтарды.

Шыны керек 5 мың жылдан астам тарихы бар осынау ежелгі мейрамның жыл санап тынысы ашылып келеді. Бұл турасында Есік қаласының тұрғыны ақ жаулықты анамыз Жаңыл Сұлтанбекқызы күйін келтіріп айтып берді:

– Күн мен түннің теңелген күні 22 наурызда осы мереке тойланады. Жаңа жыл жақсы өту үшін оны дұрыс қарсы алу керектігіне ата-бабамыз сенген болатын. Негізінде наурызға дәстүрлі дайындық мейрамға дейін бір апта бұрын басталады. Осы уақытта көктемді жақсы көңіл-күймен қарсы алу үшін біз тек үй-жайларымызды ғана емес, сондай-ақ ойларымызды да ретке келтіреміз. Ата-бабаларымыз мерекелік аптаны қалай өткізді және бүгінде қандай дәстүрді қолға алуымызға болады? Яғни, 13 наурыз – үйге көктемнің нышаны ретінде қызғалдақтар немесе раушан гүлдер енгізіледі. 14 наурыз – табиғаттың жандану күні, 15 наурыз – тазару күні. Ал тойлаудың төртінші күні молшылық күні деп аталады. Яғни дәл сол күні түрлі тағамдар әзірленеді. Бесінші күні – тілек тілеу делінген. Алтыншы күн – қайта жаңару. Жетінші күні – шаттық күні. Одан кейін үйлесімдік күні басталады. Сенім бойынша осы күні үйлерді Қыдыр ата аралайды. Міне осынау қастерлі мерекені бүгін орталықта көппен бірге қарсы алудамыз. Барша аудан тұрғындарын осынау жыл басымен құттықтаймын. Әр күн жаңа жыл жолындағы кезекті баспалдақ. Сондықтан жаңа күн әр шаңыраққа тек жақсылығын әкелсін.

Айтқанындай-ақ бір апта бұрын басталып, әсем безенді-рілген орталық алаң сахнасы бұл күні ерекше құлпырды. Эстрада жұлдыздары мен аудан өнерпаздарының біріккен бағдарламалары жиылғандарға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Әр еңбек ұжымдары тіккен оннан астам ақшаңқай үйлерде көже таратылып, ақ дастархан жайылды. Көпшілік дәм татып, әуезді ән, әдемі би ырғағымен бір-бірімен жарқын көрісіп жатты...           

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 3732 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет