Жұма, 08 Сәуір 2016 10:16

Өнерлі өрге жүзер

Би өнерінің түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алатыны белгілі. Қай заманда болсын мың бұрала майысқан қыз-келіншектердің өнері жоғары бағаланып, рухани мәдениеттің үлгісі саналған. Ал әншілер мен музыкалық аспаптардың қоғамдағы орны айтпасаң да белгілі. Осыншама өнерді бір арнаға ұштастырған «Бахар» ансамблін біріміз білсек, бірімізге беймәлім. Жас та болса, талантымен талайды тамсандырған өнер ұжымының жеткен жетістігі ауыз толтырып айтарлықтай.

 

2011 жылы Ават ауылдық округінің әкімі Ерғали Байбөриевтің қолдауымен ауылдық мәдениет үйінің директоры Долқунжан Розахуновтың ұйымдастыруымен құрылған «Бахар» ән-күй, би ансамблі осы уақыт аралығында өздерін биіктен көрсете білді. Облыстық, республикалық өнербәйгелерінде жүлделі орындарды иеленіп, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Құрамындағы 40-қа жуық өнерпаздың барлығы дерлік мектеп оқушылары. Сонымен қатар, барлығы Ават ауылының балғындары.

Наурыз айының 24-27 аралығында Астана қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен талабы таудай таланттарға мол мүмкіндік беріп, балалардың бағын ашатын «Ақ көгершін» байқауы өтті. 1500-ге жуық балғындар қатысқан сайыста көршілес Ресей мен Қырғызстанның да өнерпаздары бақтарын сынады. Байқауда ауданымыздың үкілеген үміті «Бахар» ансамблі өздерінің дарынымен әділ-қазы алқаларының таңдайын қақтырды. Басқа өнер ұжымдарын шаң қаптырған жерлестеріміз жүлделі І орынды иеленіп, кубокпен оралды. Осыған орай, Ават ауылдық мәдениет үйінде өнер ұжымымен кездесу ұйымдастырылып, жұртшылық өнерлерін тамашалады. Шараның ашылуында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов пен Ерғали Байбөриев «Бахар» ән-күй, би ансамблінің балғындары мен жетекшілеріне алғыс хаттар табыс-тады. Шелек өңірінен келген ақсақалдар, қонақтар мен жігітбасылары ақ тілектерін арнап, өнер жолында толағай табыстар тіледі. Жиылған көпшілік дарынды балалардың әуелеткен әнін тыңдап, мың бұралған биіне тамсанды. Ал музыкалық аспапта орындаған композициясын жоғары бағалап, музыканттарды қошеметке бөледі.

– Тәуелсіз Қазақстанның көк Туын әлем сахнасында желбірету біздің өмірлік борышымыз. Ал еліміз өнер сайыстарының биігінен көрінсе – сол парыздың орындалғаны. Кешегі өткен «Ақ көгершін» байқауында шет елден келген қонақтар мен өнер адамдары ұжымның талантына тәнті болып, өз еліне қонаққа шақырды. Мұның өзі үлкен жетістік. Сондай-ақ, ансамбльдің хореографы Гүлмира Масимова мен музыкалық жетекшісі Абдусамат Василовтың еңбектерінің жемісі – дейді Долқунжан Розахунов.

Сардарбек НҰРАДИН.

 

Оқылды 4918 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Өнерлі өрге жүзер Өнерлі өрге жүзер »

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет