– Ауданымыз ауқымды. Кешегі өткен сайлауда 98 сайлау учаскесінде 896 сайлау комиссиясының мүшелері саяси науқанды бақылап, оң бағаларын берді. Қатысу көрсеткіші – 94,8 пайыз. Оған қоса, біз ұсынып, «Нұр Отан» партиясы атынан додаға түскен кандидаттарымыздың барлығы 80 пайыздан жоғары дауыс жинады. Бұл дегеніміз, аудан тұрғындарының еліміздің жетекші партиясына деген сенімінің көрінісі – дей келе Бинәлі Әбдіқапасұлы саяси науқанда танытқан белсенділігі мен ауданның дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатын Қ.Байғожаевқа, Б.Мұқановқа, Б.Құсайыновқа, Е.Сұлтанғазиевқа, Қ.Жылқы-бековке, Б.Рахимовқа, М.Асеновке, М.Гусевке, Р.Исатаеваға, Р.Саядянцқа, С.Махсутовқа, Т.Нұрсейітовке, Ә.Айтақыновқа, Т.Ұзақовқа, Х.Ахметжановқа табыстады. Ал партия төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтың Алғыс хатымен Ұ.Әбдіқалықов, И.Балагута, А.Бошқұлов, Б.Есіркенов, М.Жомартова, Е.Ібітанов, Д.Қоқанова, С.Тұяқбаева, А.Ілебай марапатталды. Бинәлі Әбдіқа-пасұлы Алғыс хат иелеріне шексіз ризашылығын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.
Сардарбек НҰРАДИН.


Жақында аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бинәлі Ысқақ бірқатар азаматтарды қабылдап, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мыр-захметовтың Алғыс хаттарын табыстады.
