Бейсенбі, 19 Мамыр 2016 15:34

Өзіңе сен, жас түлек!

Мектеп түлектері мәре сызығына жақындап келеді. Осыған орай, биылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің өту тәртібі мен елең еткізер өзгерістер жайлы бірер әңгіме қозғауды жөн көрдік.

 

2016 жылы Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу форматы өзгермейді. Жылдағыдай түлектер ҰБТ сынақтарын 5 пән бойынша тапсырады: қазақ немесе орыс тілі (қай тілде білім алғанына қарай), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілді мектептер үшін қазақ тілі, қазақ тілді мектептер үшін орыс тілі және бір пәнді оқушы өз қалауы бойынша таңдайды. Әдеттегідей әр сабақ бойынша 25 сұрақ. ҰБТ тапсыруға 3,5 астрономиялық сағат немесе 210 минут беріледі.

Қазіргі уақытта ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау аяқталды. Мектеп бітірушілер ҰБТ орнына дәстүрлі емтихан тапсыруға құқылы. Бірақ, «Алтын белгіні» растау, Қазақстанның кез-келген жоғарғы оқу орнына ақылы немесе бюджеттік негізде түсу, сондай-ақ, ерекше үлгідегі аттестат алу үшін ҰБТ тапсыру міндетті.

Былтырғыдай ҰБТ-ның қорытындысы құпия түрде жарияланады. Яғни, емтихан нәтижесін ілгенде талапкердің аты-жөні көрсетілмейді, тек жеке идентификациялық кодының тұсына балл жазылады. Яғни, қанша ұпай жинағанын талапкердің өзі ғана білетін болады немесе емтихан нәтижесін интернет желісі арқылы көруге мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, аттестатқа жылдық қорытынды бағамен ҰБТ-дан алған бағаларының орташа көрсеткіші қойылады.

ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады. Осы орайда айтып өтейік, жылдан-жылға логикалық сұрақтардың саны артып келеді.

ҰБТ кезінде бітірушіге сөйлесуге, орнынан тұруға, орын ауыстыруға, кез-келген материалдар және заттармен алмасуды жүзеге асыруға, аудиторияға калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефон, планшетник, т.б.), ноутбуктар, плейерлер, шпаргалка және анықтамалық құжаттарды ( Менделеев пен тұздардың ерігіштік кестелерінен басқаларын) алып кіруге және қолдануға тыйым салынады. Бітіруші аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзғанда және тыйым салынған заттарды қолданған жағдайда Министрлік өкілінің шешімімен бітіруші қайта тапсыру құқығынсыз аудиториядан шығарылады және оның тест нәтижелері жойылады.

Тестілеуге берілген уақыт аяқталған соң (3,5 сағат) емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан мектеп бітірушінің жұмысы өңделмейді.  

ҰБТӨП ғимаратына кіргізу барысында бөтен тұлға ұсталған жағдайда, ұсталған тұлға да және орнына бөтен тұлғаны кіргізуге заңсыз әрекет жасаған түлек те тестілеуге жіберілмейді.

Биылғы жылы енгізілген жаңалық – тестілеу қорытындысы бойынша шектік деңгейден өте алмаған немесе «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған (төрт  балдан төмен) тұлғалар үшін тестілеу нәтижелері көрсетілген сертификаттар-мен қайта кешенді тестілеуге рұқсат беруге шешім қабылданды. Бұл ретте  аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзғаны және тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін аудиториядан шығарылғандарға қайта тест тапсыруға рұқсат берілмейді.

Жергілікті атқарушы органдар мен министрлік тарапынан тестілеудің мектеп бітірушілерге ыңғайлы, сәтті әрі таза және әділ өтуі үшін барлық ҰБТ өткізу  пункттерінде қажетті жағдайлар жасалады. 

Ата-аналарға ескертетін жағдай  –  тестілеу төңірегінде көп алаяқтар тестің дұрыс кодын береміз немесе орнына адам тауып кіргіземіз деп алдауы мүмкін. Алайда, олардың арам пиғылын жүзеге асыруға мүмкіндік бермеңіздер.

Тестілеу ережесі қатаң сақталып, тіпті былтырдан бері бейнебақылау және  телефон құрылғыларының сигналын өшіретін құралдардың жұмысын бақылауға арнайы адам жіберілетінін ескерсек, жаңағыдай әрекеттердің іске аспай, ұйымдастырушылары ұсталып, жазаға тартылып жатқандарын көреміз. Ол жерде ең зардап шегуші – мектеп бітіруші болып қалады. Сондықтан ондай адамдарға сенбей, тек мектеп бітірушілердің өздерінің  дайындығына көп көңіл бөлу қажет.

 

 

Білім беру гранты

 

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсы кезінде қазақ тілі немесе орыс тілінің (оқыту тілі), Қазақстан тарихының, математика және таңдау пәнінің балдары ескеріледі.

Конкурсқа қатысу үшін 50 балдан («Жалпы медицина» мамандығы үшін 65 балдан төмен емес), ұлттық жоғары оқу орындарына түсушілер 70 балдан төмен жинамауы тиіс («Білім», «Ауылшаруашылық ғылымдары» және «Ветеринария» топтарының мамандықтары үшін 60 балдан төмен емес), соның ішінде бейіндік пәннен 7 балдан (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан), ал қалған ҰБТ пәндерінен (оның ішінде қазақ мектептерінде оқытылатын орыс тілі мен орыс мектептерінде оқытылатын қазақ тілінен) 4 балдан төмен болмауы керек.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау 23-31 шілде аралығында жүргізіледі.

Конкурс 1-10 тамыз аралығында өткізіледі.

Білім беру гранты иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда»), сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады www.testcenter.kz.

Қ.А.КАСЫМОВА,

  Ұлттық тестілеу

орталығының

№107 филиалының жетекшісі.

Оқылды 2570 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Өзіңе сен, жас түлек! Өзіңе сен, жас түлек! »

Соңғы жаңалықтар

Шіл 14, 2025

Конаев этим летом: более 860 тысяч…

Конаев этим летом уверенно закрепил за собой статус одного из самых популярных…
Шіл 12, 2025

Балалардың қауіпсіздігі үшін: Қонаев…

Қауіпсіздік пен жайлылық – басты басымдық. Балалар 4 млрд теңге көлеміндегі жеке…
Шіл 11, 2025

Разъяснение по вопросу переселения…

Согласно информации управления образования Алматинской области сообщаем: в связи с…
Шіл 11, 2025

Алдымен адам папилома вирусы…

 Адам папилома вирусы – бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын…
Шіл 10, 2025

«Е-өтініш –мемлекеттік органдарға…

Е-Өтініш – бұл Қазақстан Республикасының азаматтарына, ұйымдарына және заңды тұлғаларына…
Шіл 10, 2025

28 шілде — Дүниежүзілік вирустық…

28 шілде — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) белгілеген Дүниежүзілік вирустық…
Шіл 10, 2025

Чествование преданных делу…

В городе Қонаев состоялось торжественное собрание, посвящённое профессиональному…
Шіл 10, 2025

Қоғамдық денсаулық сақтау ісіне адал…

Қонаев қаласында кәсіби мереке — Ветеринария күніне арналған салтанатты жиын өтті.…
Шіл 10, 2025

Адам өмірі мен қоғамдық қауіпсіздік…

30 маусым күні Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында 10 жасар Максим Головачевке ит шабуыл…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет