Бейсенбі, 26 Мамыр 2016 10:50

«Қазақ жастары» – чемпион

Көптен күткен «Жастар маусымы» атты аудандық жайдарман ойынының финалы жақында Есік қаласындағы мәдениет үйінде өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, қала мен ауыл жастарының арасында достық қарым-қатынас орнату мақсатында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен сайыста 6 команда өзара әзіл жарыстырды.

 

Жастардың мерекесіне «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев, Есік қаласының әкімі  Бауыржан Бименов қатысып, жылы лебіздерін жеткізді.

– Жастар – біздің болашағымыз. Ал осы жастардың өзара тату, ынтымақта өмір сүріп, саламатты өмір салтын ұстануы – жарқын келешектің кепілі. Бүгінгі жайдарман ауданымыздағы барлық жастардың көңілін жаулап алды десек артық айтқандық емес. Алғашқы жылдары саусақпен санарлық команда өнер көрсетсе, осы маусымашардың шымылдығын 54 командамен аштық. Демек, ел келешегі болған сіздер, жастар дұрыс жолмен, өздеріңізге, қоғамға тигізер пайдасы мол жолмен келе жатырсыздар – деп аудан жастарына деген ыстық ықыласын білдірді. Ойынға қатысушы «Қазақ жастары», «Нартәуекел», «Тәуекелді жігіттер», «Қобалжыма», «Алатау», «ЕМК» командалары үш сайыс бойынша сынға түсіп, астарлы әзілдерімен көрермен жүрегіне жол тапты. Кіл мықтыда, кім мықтыны аудандық мәслихат депутаты, жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айбек Ілебеав, Есік қаласы әкімінің орынбасары Қуат Ақшабаев, Алматы қаласының жайдарман өкілдігінің директоры Ердос Оралбек, «ЖасНар» жайдарман командасының ойыншысы Жомарт Зиябек, «NOMAD» жайдарман құрамасының ойыншысы Ержан Қуанышбеков анықтап, чемпиондыққа барын салған құрамалардың өнеріне әділ бағасын берді. Биылғы жайдармандағы ең жас команда Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп оқушыларынан құралған «Нартәуекел» құрамасы ойында көрермендердің де, қазылар алқасының да көңілінен шықты. Ұтымды әзілдерімен ғана емес, жарасымды биімен талайды тамсандырып бірнеше жыл финалда өнер көрсеткен «Қазақ жастары» бұл жолы да өз биігінен түспеді.

Жарыс нәтижесінде, қазылар алқасының шешімімен, ең жас ойыншы Айдарбек Шонкиев «Үздік ойыншы» атанды.  Манас Жарылқасынов «Үздік капитан» номинациясын еншіледі.

ІІІ орынға Жетісу Заң колледжінің «Тәуекелді жігіттер» командасы жайғасып, ІІ орын «Нартәуекел» жайдарман тобына бұйырды. І орынды бөлектік «Қазақ жастары» командасы (суретте) иеленіп, чемпион атанды. Жеңімпаздар мен үздік ойыншыларға ақшалай және бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, барлық қатысушы командалар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 3774 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « «Қазақ жастары» – чемпион «Қазақ жастары» – чемпион »

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет