Бейсенбі, 26 Мамыр 2016 11:01

Сенде өсіп көктедім, қош, аяулы мектебім

Түрген ауылындағы Д.Қонаев атындағы орта мектепте соңғы қоңырау мерекесі аталып өтті. Оқушылар мен мектеп түлектері үшін маңызды шараға алаштың біртуар азаматы Дінмұхаммед Қонаевтың қарындасы Роза Қонаева (суретте), округ әкімі Бота Елеусізова, аудандық пошта торабының басшысы Зүлфия Әубәкірова және Д.Қонаевтың мемориалды мұражайының директоры Жанет Серікбаева, «Елім-ай» қоғамдық қорының төрағасы Жаңаберген Мұхамедов қатысты.

 

Жас түлектер мен ұстаздар, қонақтар мен оқушылар заңғар тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Шараның ашылу салтанатында мектеп директоры Шымберген Пірімбаев пен құрметті қонақтар оқушыларға жазғы демалысты қызықты өткізуін, мектеп түлектеріне алдағы жауапты сәт – ҰБТ тапсыруда сәттілік тіледі. Сондай-ақ, оқушылар мен ұстаздар қауымының жетістіктеріне дән риза болған Роза апа Қонаева:

– Бүгін баршамыз үшін маңызды күн. Ұстаздарымыз өздерінің он бір жыл тәрбиелеп жеткізген балғындарын ұядан ұшырса, жас түлектеріміз үлкен өмірге қадам басуда. «Алты алаш бас қосса, төр – ұстаздікі» – деп Мағжан Жұмабаев тауып айтқан. Сол ардақты ұстаздарымыз берген білімнің сараланатын, оқушылардың біліктілігі сынға түсетін ұлттық бірыңғай тестілеуде баршаңызға сәттілік тілеймін – деп мектеп директорына сый-сияпатын табыс етті. Оқушылар өздерінің өнерін көрсетіп, ән салды. Жас түлектер дәстүр бойынша қоштасу вальсін биледі.

Айта кетейік, Д.Қонаев атындағы орта мектеп бірнеше жыл бойы білім биігінен түскен емес. 2014 жылы аудан бойынша ҰБТ-дан ең жоғарғы балл жинап, бас жүлдені иеленген болатын. Биыл да үкілеген екі алтын белгіге үміткерін бәйгеге қосып, тестілеуге қызу дайындық үстінде.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 3930 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет