Жұма, 03 Маусым 2016 14:33

«Автобекет» — «Ақтоған» : кім жүйрік?

Сәрсенбінің сәтінде Ташкенсаз ауылдық орталық стадионында футболдан ауданның супер кубогін өткен жылғы чемпиондар «Автобекет» (Есік) пен аудан әкімі кубогінің жеңімпаздары «Ақтоған» (Қаражота) командалары сарапқа салды. Байрақты бәсекеге аудандық мәслихат хатшысы, бокстан КСРО спорт шебері Бекет Ахметов, спорт жанашыры, кәсіпкер Руслан Қалиев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков, округ әкімі Магамеджан Султанияров, ауыл тұрғындары мен ақсақалдар қатысты.

Жарыстың ашылуында Бекет Ахметов жарысқа қатысушы жеңімпаздарға сәттілік тілей отырып:

– Жастарымыздың спортқа қарай бет бұруы – өте қуанышты жағдай. Әсіресе, бұқаралық спорттың дамуына өз үлестерін қосып жүрген сіздер секілді азаматтарды қанша мақтасақ та артық етпейді. Өздеріңізге белгілі, ауданымыздың футболы бүгінде даму үстінде. Оған дәлел, осыдан 7-8 жыл бұрын аудандық чемпионатты 15-ке жуық командамен өткізетінбіз. Ал бүгінде сол командалардың саны 45-тің айналасында. Оған қоса, көрші аудандардан келіп, чемпионатымызда өнер көрсетіп жүргендер қаншама.

Ал, бүгінгі супер кубокті жеңіп алуға келген қос команда да өткен жылы үздік ойындарымен дараланып, көзге түскен еді. Ауданымыздан сіздер секілді чемпиондар шыға берсін деген ниетпен спорт жанашыры Руслан Қалиев мына стадионға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде – дей келе саламатты өмір салтын ұстанудың маңызына тоқталып өтті.

Сондай-ақ, халықара-лық балаларды қорғау күніне орай жас футболшылар – Ташкенсаз жасөспірімдер командасына сыйлықтарын табыстап, ақ батасын берді.

Ойынның бас төрешісі Наурыз Қайыповтың ысқырығы естілісімен, футболшылар ала допты ала жөнелді. Алғашқы тайм басталысымен қос команда да өздерінің осал қарсылас емес екендігін көрсетті. Бір-біріне қайта-қайта қарымта шабуылдар ұйымдастырып, қақпаға қауіпті соққылар бағыттады. Екі команда да ойынның алғашқы бөлімінде жоғарғы деңгейдегі ойын үлгісін көрсетсе де, есеп аша алмады.

Екінші таймда «Автобекет» командасы тылсым күшке ие болғандай. Соққылары нәтижесіз болса да, 10-шы минутта бұрыштама добын сәтті шығара білді. Көтерілген пасты қақпаға бағыттаған «автобекеттік» Александр Богданов есеп ашып, өз командасын жеңіске бір қадам жақындата түсті. Қаражоталықтар да аянып қалмады. Қарсылас қақпасына екі рет жойқын соққы жасады. Бірақ, таразы басын теңестіру мүмкін болмады. Есеп 1:0. Супер кубок иегері – Есік қаласының «Автобекет» командасы. Марапаттау сәтінде жеңімпаздарға кубокті табыстаған Бекет Ахметов ойынның жоғарғы дәрежеде өткендігін айтып, екі командаға да алғысын жеткізді.

Сардарбек НҰРАДИН.


Оқылды 2967 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет