Сенбі, 11 Маусым 2016 09:48

Жаз жайлы болсын

Білгенге, жайдары жаз – демалыс кезеңі. Мамыражай маусым мен тамылжыған тамыз арасындағы уақыт басқасы қайдам, мектеп оқушылары үшін есте қаларлық-тай өтуі тиіс. Себебі, бұл жайт мемлекет назарында. Арнайы қаражат та қарастырылған. Айталық, биылдың өзінде аудандағы 1-10 сыныптар аралығындағы 41075 оқушы толықтай жазғы сауықтырумен қамтылатын болады. Оған жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан 51 млн теңге бөлінді. Бұдан өзге демеушілер тарапынан 20 млн 280 мың теңге, ата-аналардан 124 млн теңге және мектептердегі кәсіподақ ұйымдарынан 720 мың теңге игеру жоспарда. Сондай-ақ, аудан атқамінерлері де аз қамтылған, жетім, жартылай жетім балалардың демалысы жайлы өтуіне қолдау көрсетеді. Бұл – жыл сайынғы дәстүрге айналған үрдіс.

 

Жалпы, ауданда 2 лагерь жұмыс істеп тұр. Оның бірі – балалар мен жасөспірімдердің туристік және экскурсия орталығы, екіншісі, Түрген шатқалындағы 6-шы шақырымда орналасқан «Тау-Жаңашар» балалардың қарқынды демалу орталығы. Қазіргі таңда екеуі де алғашқы лекті қабылдап үлгерді. Балаларды жазғы сауықтырумен қамтуда оның әлеуметтік жағдайы да басты назарда болған. Ол турасында:

– Әртүрлі санаттағы балаларды жазғы сауықтырумен толықтай қамту туралы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 286 оқушы, патронаттық тәрбиедегі 26, мүмкіндігі шектеулі 235 бала, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасынан 3213 оқушы, сәтсіз отбасыларынан 145 оқушы, ІІБ жасөпірімдер бөлімінде есепте тұратын 41 оқушы, мектепішілік есепте тұратын 168 оқушы, 1-10 сыныптарды үздік бітіретін 6680 оқушылар, ауған соғысына және чернобыль апатына қатысқан отбасыларынан 10 оқушы, оралман және еңбек мигранттарының 419 балалары, ата-аналары туберкулезбен тіркелген отбасынының 65 балалары және т.б балалар толықтай жазғы сауықтыру шараларымен қамтылуы жоспарланды, – дейді аудандық білім бөлімінің бас маманы Қайролла Әлішев. Сондай-ақ, Қайролла Әбдіқадырұлының айтуынша, жазғы сауықтыру жұмыстарына тікелей жауапты мектеп директорларының тәрбие ісі  жөніндегі  орынбасарларымен      жоспар бойынша сәуір, мамыр айларында аудандық семинар өткізіліп, жазғы сауықтыру шараларын жүйелі ұйымдастыруға қатысты барлық мәселелер талқыланған. Одан өзге білім мекемелерінде жазғы кезеңде судағы қауіпсіздік ережелері, алғашқы медициналық көмек көрсету, сыртқы ортада өз-өзін ұстай білу, техника қауіпсіздігі ережелері туралы оқушылармен әңгімелер, тәрбие сағаттары өткізілген.

Ендеше, жаз жайлы болсын, жасөспірімдер!

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 3013 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жаз жайлы болсын Жаз жайлы болсын »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет