Бейсенбі, 08 Қыркүйек 2016 11:35

Жаңа оқу жылында жаңа мектепке

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана ғұмырлық» – деген болатын. Осы қастерлі ұғымдар санадан сырт қалған емес. Осыған сәйкес, бүлдіршіндердің заманға сай білім алуы да басты назарда. Президент Н.Назарбаев Жолдауларында үш ауысымда білім беретін және апатты жағдайдағы мектептердің мәселесін тез арада шешуді тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасы орындалып, ел болашағы – жастарды тәрбиелейтін оқу ордаларының мәселесі жыл өткен сайын оң шешімін табуда. Оның айқын дәлелі – мектеп оқушыларының асыға күткен мерекесі – білім күнінде Азат ауылындағы 300 орындық жаңа мектеп қолданысқа берілді. Азаттық ұстаздар мен оқушылар қауымының қуанышына ортақтасуға облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев, аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев, аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Айбек Бидаев, ауданның құрметті азаматтары және ауыл тұрғындары қатысты. 

 

Мерейлі күндегі игі шараның ашылу салтанатында азаттық-тарды мерекемен құттықтап, қуанышына ортақтасқан Бақтияр Өнербаев облыс бюджетінің үштен бір бөлігі білім саласына бөлінетіндігін атап өтті.

– Бүлдіршіндеріміздің заман талабына сай мектепте білім алуы – тәуелсіздіктің берген сыйы. Осындай жағдайда оқы-ған ұл-қыздарымыз келешекте еліміздің патриоты болып, егемендік тұғырын бекем етеріне сенім мол.

Облысымызда бүгінгі таңда 36 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жылдың аяғына дейін тағы 5 мектептің құрылысы басталады.          

Сонымен, алдағы екі жылдың ішінде 41 мектеп салынып, бүлдіршіндердің қуанышы еселенбек. Қазіргі уақытта облысымызда 3 ауысымда оқытатын 51 мектеп бар. Осы білім мекемелерінің мәселесін шешуге Ұлттық қордан, жергілікті бюджеттен 50 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп жатыр. Аталған қаржы игеріліп, 2 жылда 3 аусымды мектеп проблемасы толығымен шешіледі – деп Жетісу жеріндегі мектеп мәселелеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар, ауыл жұртшылығына облыс әкімі Амандық Баталовтың құттықтауын жеткізіп, жаңа мектепке теледидар тарту етті. Мектептің құрылысын жүргізген мердігер «Риголит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сейдулла Сәрсеков мектеп директоры Шолпан Қошахановаға салтанатты түрде ғимараттың кілтін тапсырып, жаңа мектептегі жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Ескі мектеп пен хан сарайына бергісіз зәулім ғимаратты салыстыра сөз сөйлеген ауданымыздың құрметті азаматы Қожахмет Шамахунов Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатына дән риза екендігін жеткізіп, білім беру мәселесін бірінші кезекке қойған облыс пен аудан әкімдігіне шексіз алғысын жеткізді. Кейіннен, құрметті қонақтар мен ауыл тұрғындары оқу ордасының лентасын қиып, қазақы дәстүрге сай шашу шашты. Ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, барлығы ғимаратты аралады.

Рахат ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу барысында Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева: «Қалалық оқушылардан ауыл балаларының қай жері кем? Олардың да жаңа, кең, заман талабына сай мектепте білім алуына толыққанды мүмкіндіктері бар. Болашақта солай болады» – деген болатын. Міне, бүгін азаттық оқушылар үшін заманға сай жаңа мектепте білім алатын күн туды. Алғашқы оқу күні ғимаратты аралаған оқушылардың қуанышында шек жоқ. Ескі тар мектепте бір-бірімен сығылыса білім алған балғындар «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бой көтерген жаңа мектептегі дәліздің кеңдігіне қуанып, құралдармен жабдықталған оқу кабинеттерін, мәжіліс залы мен спортзалды көріп, таң-тамаша күй кешті. Солай болуға себеп те бар. Үш ауысымды мектептің орнына салынған 300 орындық білім ошағының құрылысына бюджеттен 748 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген. Оқу ордасы заманауи материалдық-техникалық базамен толық қамтылған. Ішінде 2 лингафон-мультимедиялық кабинеті, 90 компьютермен жабдықталған информатика сыныптары мен интерактивті тақталар жұмыс істеп тұр. Тіпті, қыз балаларға арналған тігін шеберханасы бар. «Барлық жағдай жасалған осындай мектепте жақсы оқимыз. Бізге сапалы білім алуға толыққанды жағдай жасаған мемлекетіміздің дамуына өз үлесімізді қосамыз» – дейді мектеп оқушылары бірауыздан.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 3403 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет