Бейсенбі, 27 Қазан 2016 11:33

Қазақтың құлагері жетпісте

...Москва. Жанкүйерге қала толы,

Миллион көздер: қызыққа қарат оны.

Бес мың жүйрік, желаяқ жолға шығып,

Өтіп жатты мерейтой марафоны...

...Алпыс аға ұмтылды, сала жанды,

Топтан озған тұлғасы дараланды.

Еуропалық чемпион Мосеев пен

Американ Роджері қала берді...

...Көкіректе қуаныш әні есіле,

Тосқауыл сап өзгенің дәмесіне.

Жетті осылай «бес мыңды» артқа тастап,

Құлагері қазақтың мәресіне...

 

Жазушы, ғалым-ұстаз Марат Ысқақ рекордсмен Алпыс Ермағамбетовтың бір жыл ішінде екі мәрте дүниежүзілік марафонның жүлдегері атанғандығы жайында  осы өлең жолдарын жазған болатын. Кеңес үкіметі кезінде, тіпті, осы күнде де айдай әлемді аузына қаратқан КСРО спорт шебері, әлем марафонының чемпионы, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері Ермағанбетов Алпыс Арықбайұлы бүгінде мерейлі 70 жасқа толды. Желмен жарысқан спортшының мерейтойы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде аталып өтті. Алпыс Арықбайұлын қуанышымен бөлісуге, алыс-жақын шетелдерден әріптестері мен аудан әкімдігінен қонақтар арнайы келді. Шәкірттері де ұстазын құттықтаудан қалыс қалмады.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген салтанатты шараның алғашқы құттықтау сөзі аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаевқа берілді. Марафоншыны айтулы мерекемен құттықтаған Айбек Дүйсембекұлы:

– Қайсарлық, өршіл-дік, жоғарғы спорттық шеберлік және жеңіске деген құлшыныс таныта отырып Сіз ауданымызды респуб-лика былай тұрсын әлем жұртшылығына таныттыңыз. Сонымен қатар, спорттың қыр-сырына шәкірттеріңізді үйретіп, ел болашағы – жастардың тәрбиесіне зор үлесіңізді қостыңыз. Жас спортшыларға білім беруде де аянып қалмадыңыз. Тоқ етерін айтқанда, Сіздің өміріңіз – жастарға үлгі. Еліміздің әрбір азаматы өзіңіз секілді саламатты өмір салтын ұстанып, өз Отанының патриоты бола білсе, алынбайтын асу жоқ – деп аудан әкімінің атынан құттықтай келе Алпыс Арықбайұлына алғысын жеткізді. Иығына шапан жауып, астына ат мінгізді. Сондай-ақ, Алматы облыстық қысқы спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен спорт мектебінің директоры Қайрат Нұрбаев, ЕГЭК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Байтүкенова, қырғызстандық марафоншы Николай Вязов пен Алпыс ағаның шәкірті, халықаралық жарыстардың жеңімпазы Қайырболат Егеубаев қазақтың құлагеріне ақ тілектерін жеткізіп, туылған күнімен құттықтады. Өмірін спорт саласы мен жастар тәрбиесіне арнаған марафоншы келген қонақтарға алғысын айтып, өмірдің мәні спортта екендігін жеткізді:

– Еліміздің экономикасы дамысын десек, қоғам дұрыс болу керек. Ол үшін қазақстандықтар, әсіресе, жастар саламатты өмір салтын ұстануы тиіс. Сонда ғана, белестерді оңай бағындырамыз. Ұлты сау, жастары патриот мемлекет қана, биіктен көрінеді – деді Алпыс Арықбайұлы. Кеш барысында колледж студенттері әннен шашу шашып, мың бұрала би биледі.

Салтанатты шарадан соң марафоншының 70 жылдығына орай Есік қаласындағы орталық стадионда жеңіл атлетикадан, шахматтан, тоғызқұмалақтан аудандық ашық турнир өтті. Жарысқа мектеп, колледж оқушылары мен ұстаздары қатысып, өз бақтарын сынады.

Тоғызқұмалақ ойынына жалпы 7 команда қатысты. Математикалық тапқырлықты қажет ететін ойын түріне Д.Нұрбаев төрелік етті. Нәтижесінде, ерлер арасында І орын С.Ниязбекке бұйырды. ІІ орынға Е.Рашад жайғасса, Е.Ниязбек ІІІ орынды қанағат тұтты. Ал қыздар арасында І орынды Т.Болат иеленді. З.Еділ ІІ, Ж.Әділжан ІІІ орынды қанжығалады.

Ақыл-ойдың ұшқырлығын сарапқа салатын шахматтан І орын М.Лестиннің еншісінде кетті. Жариков ІІ орынға, Е.Жолдасов ІІІ орынға лайық деп танылды.

В.Еремин төрелік еткен жеңіл атлетикаға қатысушылардың санында шек жоқ. Барлығы 30-дан астам команда бақ сынасты. Әйтсе де, 2006-2007 жылы туылған қыздар арасында 800 метрге жүгіруден Е.Цай өзгелерден оқ бойы озық шықты. Ал 2000 метрге жүгіруден Э.Сұлтан І орынды иеленді. 2004-2005 жылғылар арасында 800 метр қашықтыққа жарысудан қыздар арасында Я.Чупик қарсыластарын шаң қаптырды. Ұлдар арасында 2000 метрге жүгіруден Б.Айдарбекұлы жеңімпаз атанды. 2002-2003 жылғы қыздар 1500, ұлдар 2000 метрге жүгіруден жарысты. Нәтижесінде, А.Шакирова мен М.Тезекбаев үздік деп танылды. 2000-2001 жылғылар арасында қыздардан А.Нұрқияс 2000 метрді бірінші еңсерсе, ұлдар арасында сол қашықтықта Ж.Жұматай мәре сызығын алғашқы болып аттады. 20-29 жас аралығында қашықтыққа жүгіруден В.Белоглазова мен Н.Табын жеңімпаз атанды. Ал 30-39 жастағылардың жарысында С.Адилова мен Қ.Егеубаев жүзден жүйрік шықты. 40-45 жастағы ерлерден Т.Бухатов талайды шаң қаптырды. 60 жастан жоғары ерлер арасындағы қашықтыққа жүгіруден Н.Вязов І орынды иеленді.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 3914 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Қазақтың құлагері жетпісте Қазақтың құлагері жетпісте »

Соңғы жаңалықтар

Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Абуханов Серік Егізбайұлы, 1985 жылы 28 маусымда Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ …

Мен Шынғожа Айбарұлы Тикельдиев, 1991 жылы 28 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Умербеков Талғат Алтынбекұлы, 1965 жылы Шелек ауылында дүниеге келдім. 2007 жылы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ САЙЛАУШЫЛАРЫ! Мен, Алдибеков Саят Болатбекұлы Алматы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Сарғожанов Ринат Серікқанұлы, 1984 жылы 29 қазанда Есік қаласында туылдым. 2011 жылы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Елубай Еламан Рауанұлы, 1996 жылы 7 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылында…
Мам 28, 2025

Жіті енжар паралич (полиомиелит)

Жіті енжар паралич – адамның жүйке жүйесін зақымдайтын және сал ауруына әкелетін…
Мам 28, 2025

2025 жылы Қазақстанда ауыл…

2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы…
Мам 26, 2025

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Еңбекшіқазақ» газетінің (бұдан әрі газет) және mezet.kz желілік басылымының (интернет…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет