Дүйсенбі, 24 Шілде 2017 11:10

Кемел болашақ келер ұрпақ қолында

№1 Азат орта мектебінің жанынан құрылған «Ақбота» жазғы сауықтыру лагерінде еліміздің бас қаласы, Еуразия кіндігі Астана күніне орай «Астана – бас қала» атты мерекелік шара өтті.
Мақсаты – оқушылар бойына патриоттық сезім ұялатып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Алғашқы боп сөз алған мектеп директорының оқу ісінің меңгерушісі А.И.Ұзақбаева Астана күнімен құттықтады. Бастауыш сынып мұғалімі Л.А.Утеулиева Астана қаласының даму жолындағы тарихи деректер жайлы презентация, оған қоса халықаралық «ЕXPO-2017» көрмесі жайлы балалардың түсініктерін кеңейту мақсатында бейнефильм көрсетіп: «Көрменің біздің мемлекетімізде өткізілуі үлкен қуаныш, себебі жас мемлекетіміздің дамуына жан-жақты жол ашатын үлкен мүмкіндік. Кез келген салада біздің ғалымдар, жас буын дарынды азаматтар, өнертапқыштар жаңашыл идеяларын іске асырып, әлем деңгейіне шығу жолдарын табуда» – деп қорытындылады. Шараға қатысқан оқушылар өз шығармашылығынан өлеңдер мен шағын шығармаларын көрермен назарына ұсынды. Хормен ән шырқап, флешмоб биледі. Асфальтқа әсем суреттерін салды. Шара соңында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.А.Бурхандинов оқушылармен бірге қызықты эстафеталық ойындар өткізіп, көңілді тарқасты.


Салтанат АХМЕТОВА,
№ 1 Азат орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі.

Оқылды 3538 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Кемел болашақ келер ұрпақ қолында Ардагерлерге сыйлық »

Соңғы жаңалықтар

Қаз 21, 2025

Темір тапшылығы ауруларының…

 Темір тапшылық анемиясы - ең көп тараған және әлеуметтік маңызды аурулардың бірі болып…
Қаз 21, 2025

Эхинококкоз жұғу жолдары, оның алдын…

Эхинококкоз – созылмалы ағымымен, бауырдың, өкпенің және басқа да мүшелердің…
Қаз 21, 2025

Жіті енжар параличке күдікті…

Жіті енжар паралич – адамның жүйке жүйесін зақымдайтын және сал ауруына әкелетін…
Қаз 21, 2025

Әкімшілік рәсімдік –процессуалдық…

Әкімшілік рәсімді козғау үшін негіз болып табылады: Жолданым; Әкімшілік органның,…
Қаз 21, 2025

Медициналық көмек көрсетумен…

Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекция – ол пациенттің медициналық қызметтерді…
Қаз 06, 2025

Шетелге шығатын саяхатшыларға…

Әлемдік туризмнің дамуы азаматтардың шетелге шығу мүмкіндігін арттыруда. Дегенмен, әрбір…
Қаз 06, 2025

Фортификация дегеніміз не?  

Фортификация – белгілі бір азық-түлік өнімдеріне дәрімендер мен минералдар сияқты…
Қаз 06, 2025

Балық өнімдерінің қауіпсіздігі

Балық және балық өнімдері халық денсаулығы үшін аса құнды тағам болып табылады. Оның…
Қырқ 30, 2025

Бруцеллез-аса қауіпті ауру!

Бруцеллез (сарып) - жануардан адамға жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллезбен…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет