Жұма, 02 Желтоқсан 2016 11:07

Жетісу керуені ауданда

Тәуелсіздік ақ таңының атқанына биыл ширек ғасыр толды. Бабалар аңсаған күнге жету біз үшін оңай болған жоқ. Сондықтан, егемендіктің 25 жылдығы аясында елімізде түрлі шаралар ұйымдастырылып, халқымыз қадір тұтқан Тәуелсіздік мерекесі тойлануда. Осы игі іс жақында ауданымызда жалғасын тапты. Облыс әкімдігі және облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Жұлдызды 25 іс-шара» аясында «Жетісу керуені» атты акция өткізілді.

 

Қазан айының басында облыс бойынша жолға шыққан өнерпаздар керуені өткен аптада ауданымызға тоқтап, Есік қаласындағы мәдениет үйінде мерекелік концерт ұйымдастырды. Шараның ашылу салтанатында жұртшылыққа аталған керуеннің маңыздылығын айтқан мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Ақаев жиылғандарды мерекемен құттықтады.

– Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келмеді. Сондықтан оны қадірлеп, қастерлеу әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Әсіресе, жастар жағы егемендікті көзінің қарашығындай сақтап, мемлекеттің дамуы жолында қызмет етер болса, алынбайтын асу жоқ – деп, жастарды отансүйгіштікке шақырды.

Концерт барысында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармония және «Алматы әуендері» концерттік бірлестігі жанындағы «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің өнерпаздары күмбірлеген қара домбыраның үнімен құлақ құрышын қандырып, жиылған көпшілікті халық әндерімен сусындатты. Тілек Нағымбаев, Нұрбол Сәдуақасов, Жомарт Тәкебаев және басқа да әншілер жанды дауыста әннен шашу шашты. «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің мың бұралған бишілер тобы өз өнерімен көрерменді тәнті етті. Облыстағы шоқтығы биік өнер жұлдыздарының концертін тамашалаған аудан тұрғындары ерекше күйге бөленіп, көңілді тарқасты.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 4413 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жетісу керуені ауданда Жетісу керуені ауданда »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет