Бейсенбі, 29 Желтоқсан 2016 12:13

Бүлдіршіндер тілегі орындалған күн

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

Күтер бәрі таусылмай тағаттары.

Ғасырдың он жетінші жылы келді,

Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары.

Иә, көзді ашып-жұмғанша елімізде жақсы-лығымен есте қалған мешін жылы аяқталып, жаңа тауық жылы босағаны аттағалы тұр. Ересектер мерекеге дайындық жасап, абыр-сабыр болып жүргенде, балалар аяз атадан сыйлық күтіп, тілек тілейді. Жақында бүлдіршіндердің арманын орындау мақсатында Бәйдібек би ауылдық мәдениет үйінде аудан әкімінің шыршасы өтті.

Бірі мультфильм кейіпкерінің кейпіне еніп, енді бірі қазақтың ұлттық киімдерін киген оқушылар жаңа жылды тағатсыздана күтіп, Аяз ата мен Ақшақарды сағынып қалғаны көрініп-ақ тұр. Жаңа жылға арналған тақпақтарын пысықтап, Аяз атадан сыйлық алуға асық.

Аудандағы әлеуметтік аз қамтылған отбасында тұратын оқушыларға арналған мерекелік шыршаның ашылу салтанатында оқушыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтаған аудан басшысы Бинәлі Әбдіқапасұлы:

– Еліміздің келешегі кемел болсын десек, алдымен жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беруіміз керек. Аталған қағида бүгінде Елбасы тапсырмалары мен Үкімет қабылдаған бағдарламалардың арқасында орындалып келеді. Ауданымыздың өзінде қазіргі уақытта білім көрсеткіші артуда. Сәйкесінше, материалдық-техникалық базамыз да заман талабына сай жаңаруда. Ауданымызда өткен оқу жылын 82 мектеп аяқтаса, жаңа оқу жылында оның саны 2 мектепке артты. Азат пен Бәйтерек ауылдарында су жаңа мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Есік қаласы мен Шелек ауылында 600 орындық оқу орнының құрылысы жүргізілуде. Келер жылы қыркүйекте пайдалануға берілуі тиіс. Құрметті оқушылар, бұның барлығы сендер үшін. Сендерге еш кедергісіз сапалы білім алуға жағдай жасау – біздің міндетіміз – дей келе балабақшалар мәселесін де сөз етті. Кейіннен, аудандағы барлық мектептерден келген оқушыларға сыйлықтарын үлестіріп, бірге естелік суретке түсті. Жаңа жылда армандаған сыйлықтарын қолдарына алған оқушылар Бинәлі Әбдіқапасұлына алғыстарын өлең жолдарымен жеткізді. «Улыбка» би ансамблі мен аудан әншілері мың бұралған би мен әуезді әннен шашу шашып, мерекелік кештің көркін қыздыра түсті. Иттермен, алып жыланмен өнер көрсеткен цирк қызметкерлеріне тәнті болған балғындар ерекше күйге бөленді. Концерттен соң Бинәлі Әбдіқапасұлы мен оқушылар жасыл шыршаның шамын жағып, жаңа жылдық әндер айтып, шыршаны айнала биледі. Сайқымазақпен бірге көңіл көтеріп, Аяз атадан тәтті сыйлықтар алды. 

Сардарбек НҰРАДИН.

 

Оқылды 3355 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 07, 2025

Маймыл шешегі бойынша эндемиялық…

Маймыл шешегі - адамға ауа тамшылары немесе қарым қатынас арқылы берілетін зоонозды,…
Там 07, 2025

Сальмонеллездің алдын – алу.

Сальмонеллез - көбіне асқазан ішек жолдарын зақымдайтын, адам мен жануарларға ортақ, жиі…
Там 07, 2025

Адам папилломасы вирусына қарсы…

Адам папилломасы вирусы (әрі қарай АПВ) – адам ағзасында кездесетін вирустар тобы, олар…
Там 07, 2025

Парентеральды вирустық гепатиттердің…

 Парентеральді жұқпалар, ол – қан мен адам ағзасындағы басқа да сұйықтықтары (сілекей,…
Там 07, 2025

Парентеральды вирустық гепатиттердің…

 Парентеральді жұқпалар, ол – қан мен адам ағзасындағы басқа да сұйықтықтары (сілекей,…
Там 07, 2025

Листериоздың алдын алу

 Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Там 07, 2025

Ұлттық байқаудың үздіктері анықталды

2025 жылғы 31 шілдеде Алматы облысында «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық…
Там 07, 2025

Мерейтой биік мәртебесінде

Абайдың тойы – ғаламның, ғаламдағы бар адамның той десек артық айтқандық емес. Әсіресе…
Там 07, 2025

Алматы облысының әкімі жол жөндеу…

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Кеген–Нарынқол» автомобиль жолының жөндеу…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет