Бейсенбі, 26 Қаңтар 2017 13:41

Кешенді аттестаттау – кәсіби мемлекеттік аппарат құру баспалдағы

Иә, бұл баспалдақ Ұлт Жоспарындағы бірінші кезекте тұрған мәселе. Яки, мемлекеттік қызметкерлердің дені кәсіби біліктілігі жоғары, адамгершілік, жаңашылдың тұрғысынан ойлау кеңістігі кең болуы тиіс. Бұл міндеттер межесінен шыға алғандар ғана ақ жаға киіп, еліне адал қызмет етпек. Себебі, еңбектеріне қарай төленетін ақылары да артады. Бұл турасында жақында ҚР Қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев ауданға келген іссапарында айтты. Сонымен қатар «Б» корпусы мен мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне арналған бұл сынақ басқа сынақтардан өзгеше әрі жауапты екенін жеткізді. Себебі, басшы лауазымындағылар төмендеп, қатардағы мамандардың өзі аттестаттау нәтижесіне қарай жоғары балл алса, баспалдақпен өсуіне жол ашылады. Әрі білімі мен біліктілігінен, психологиялық тестен сүрінгендер, қызметпен қош айтысады. Бүгінгі күнде мемлекеттік қызметкерлердің 30 пайызы осы сынақ арқылы қысқарады деген болжам бар. Айтып өтейік, аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өткен жиынға аудан әкімі Бинәлі Ысқақ бастаған мемлекеттік қызметшілер толық қатысты.

 

Сонымен 1 ақпаннан басталып, 1 шілдеде нүктесі қойылатын сын сағат қалай өтеді, шарттары қандай, көксегені не? Бұл сұрақтарға Серікбай Өрікбайұлы нақты әрі түсінікті тілмен жауап берді:

Құрметті мемлекеттік қызмет-шілер, бұл біліміміз бен білігімізді сарапқа салатын сәт әрі берері биік бәйге, – деп бастады әңгімесін департамент басшысы. – Қазіргі уақытта үздік дамыған 30 елдің қатарына кіреміз деп еңбектенудеміз. Ал оған кіру үшін елімізге адал қызмет ететін кадрлар қажет және олардың біліктілігі де сол үздік 30 елдің қызметшілерімен бірдей болуы тиіс. Сонда ғана алға батыл қадам басамыз. Мұндағы аттестаттаудың да мақсаты осы. Мемлекеттік қызметкерлеріміздің қай тұсы олардан артық, қай тұсы кем? Лауазымға қаншалықты лайықты? Міне, осыны саралаймыз. Білімі мен білігі, адамгершілігі мен әдептілігі асқан азаматтар ғана елге қызмет етуі тиіс, – деді.

Бүгінгі таңда Алматы облысы         бойынша 7000-нан астам мемлекеттік қызметшілер болса, оның 5776-сы бұл сынақтың есігін ашпақ. Қалғандары ше? Оған да жауап бар.

Заң бойынша жүктілікпен және бала күтіміне байланысты демалыстағы «Б» корпусының қызметшілері, 14 жасқа дейінгі балаларды, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбие-леп отырған жалғызбасты аналар, зейнеткерлік жасқа  толуына 2 жыл және одан да кем уақыт қалған қызметшілер және тиісті аттестаттау комиссиясында әңгімелесу өту сәтінде мемлекеттік қызмет өтілі 6 айдан төмен мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш тағайындалған «Б» корпусының қызметшілері, «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервінде тұрған «Б» корпусының қызметшілері босатылады.

Алайда, осы жағдайларға қарамастан өз еркімен аттестаттау-дан өтемін дегендер  өтініш жазу арқылы біліктілігін байқатуға кедергі жоқ. Бұл турасында да департамент басшысы айтып өтті:

– Қазіргі уақытта бұл өзінің біліктілігін байқатып, лауазым-дық өсуге ықпал ететіндіктен, жо-ғарыда аталған санаттар бойынша босатылған азаматтар ішінен өз өтінішімен тапсыратындардың саны да жетерлік. Бұл үшін қуанамыз да.

Сонымен сынақ үш кезеңнен тұрады. Алғашқысы, қызметшінің жеке мәліметтері, ынталандыруы, тәртіптік жазаға тартылуы, әріптестерінің бағалауының қорытындысы туралы мәліметтер және тікелей басшысының мінез-демесі қамтылған бағалау парағы әзірленеді. «Мұнда тәртіптік жазаға тартылғанымды кім біліп жатыр дейсің» деп бармақбастылыққа салынуға болмайтынын қатаң ескертті С.Нұрғисаев. Себебі, қызметшінің қызмет жолы түгелдей компьютерге салынып қойған әлдеқашан. Ал оны көрсетпесеңіз, алдағаныңыз болып есептеледі.

Екінші кезең – жеке қасиеттерін бағалау негізінде тестілеуден өтеді. Мұнда  әлемдік үздік дамы-ған 30 елдің тәжірибесі бойынша қызметкер 60 минут ішінде 190 сұраққа жауап беруі тиіс. Бұл уақытты әр сұраққа шаққанда 20 секундтан келіп отыр. Мұндағы бас-ты ерекшелік тестің басым бөлігі қызметкерді психологиялық тексеру. Сондықтан онда бір сұрақ бірнеше мәрте бұрмаланып келуі мүмкін. «Бұл арқылы біз мемлекеттік қызметкердің қаншалықты әдеп Кодексін сақтайтынын, қаншалық-ты жемқорлыққа жақын екенін анықтаймыз» дейді С.Нұрғисаев.

Ал үшіншісі – тиісті деңгей-дегі аттестаттау комиссияларында әңгімелесуден өту. Бұл турасында: «Мынау пәленшенің баласы еді, – деп бетіне күліп шығарып салу немесе мынаны құлату керек деп сұрақтармен төпелеу деген болмайды. Әңгімелесу залында бейнебақылаулар қойылады, комиссия құрамына БАҚ өкілдері, партия белсенділері енеді. Яғни, әңгімелесу ашық түрде өтуі тиіс. Сонымен қатар барлық қызметшілерге тең уақыт 20 минуттан ғана беріледі» – деді Серікбай Өрікбайұлы.

Ұлт Жоспары «100 нақты қадамның» 15-ші қадамында көрсетілген бұл талапқа сәйкес аттестаттау комиссиясы төрт түрлі шешім қабылдайды. Оның біріншісінде – атқаратын мемлекеттік лауазымына сәйкес келеді және лауазымын жоғарылатуға ұсынылады делінсе, ендігісі тек лауазымына сәйкестігін растайды. Ал үшіншісі – қызметін төмендетуге ұсынылса, төртіншісі – жұмыстан босату.

Шындығында, мемле-кеттік қызмет сапасын жақсарту, халық пен билік арасындағы өзара ынтымақ-тастықты күшейту мақсатындағы мұндай реформаны халық күтіп отыр. Әрі білікті де білімді кадрлардан құрылатын кәсіби аппарат нағыз халықтың қызметшісі болады деп сенеді.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 4459 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 19, 2025

Атамекен Отаны – Бейбіт өмір ауылы

Тарих бетіне үңілсек, 1722 жылы Бірiншi Петр: «Қазақ Ордасы бүкiл Азия елдерi жерлерiне…
Маус 19, 2025

Қажырлы еңбек — ел мүддесіне адал…

Қытайдың Боғда тауының Күнгейінен Қазақстанға көшіп келген жерлестердің бас қосуында…
Маус 19, 2025

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден кім кетпеген, Ащы қайғы кімдерді жүдетпеген. Еске алып дұғасына…
Маус 19, 2025

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп…

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің…
Маус 19, 2025

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы «Атамекен – ұлттық рухтың бесігі»…
Маус 19, 2025

Жаңарған ғимарат – жаңа мүмкіндіктер

Денсаулық сақтау жүйесін дамытып, сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша…
Маус 19, 2025

Алғыс пен құрмет иелері

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина саласындағы қызметкерлердің кәсіби…
Маус 19, 2025

У нас союзнические отношения с…

Заместитель директора ТРК Президента РК Аскар Джалдинов спросил Президента России…
Маус 19, 2025

«Я не вижу никаких осложняющих…

 Отвечая на вопрос заместителя директора ТРК Президента РК Аскара Джалдинова, Президент…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет