Бейсенбі, 16 Ақпан 2017 14:07

Тұрғындармен Жолдауды талқылады

Жақында ауданымызға Парламент Мəжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшесі Бейбіт Мамраев, облыстық мəслихат хатшысы Серік Мұқанов келіп, тұрғындармен Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын жəне еліміздің Ата Заңына енгізілетін өзгерістерді талқылады. Аудан əкімінің бірінші орынба- сары Нұржан Құдайбергенов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев депутатпен бірге ауданды аралады.

Сапар өткен жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген Бəйтерек ауылындағы Бəйтерек орта мектебінен басталды. Мəжіліс залын- да өткен жиынға ауыл ақсақалдары, дəрігерлер, ұстаздар, тұрғындар қатысты. Шара барысында аталған мек- теп директоры Шымберген Пірімбаев ұстаздар қауымының мəселесін көтере келе пəн мұғалімдерінің тапшылығын сөз етті. Айтуынша, қазір орыс сынып- тарына бастауыш сынып, физика, ма- тематика пəндерінің оқытушылары жетіспейді. Бұл барлық мектептердің проблемасы. Кейіннен сөз сөйлеген жас дəрігер Тілеужан Нүсіпов Елбасының Жолдауын талқылай отырып, дəрігерлер қауымының жұмысын тежейтін мəселені айтып өтті: – Алдымызға науқас келсе қағазды да, электронды нұсқасын да толтыра- мыз. Бұл бізге қолбайлау болады – дейді. Облыстық мəслихаттың хатшысы Серік Мұқанов жиын барысында айтылған бірнеше мəселені осы жерде-ақ шешуге болатындығын айтты. Мінберге көтерілген Бейбіт Мамраев Елбасы Жолдауда атап өткен əрбір басымдыққа жеке-жеке тоқталып: – Жолдауда айтылған жұмыстардың барлығы бір жылда ғана атқарылатын шаруа емес. Бұл бізге алдағы уақытта бағыт-бағдар береді. Еліміздегі жетекші салаларды қолдауға, оларды дамытуға айқын жол сілтейді – дей келе тіл білу – бəсекеге қабілетті болудың негізі екендігін жеткізді. Сондай-ақ, қоғамдық дау тудырған Конституцияның 26 бабын көпшілікке жіті түсіндірді: – «Қазақстан азаматтары» деген сөзді «əрбір» деп ауыстыру бізге кері əсерін тигізбейді. Қазақстанға инвесторлар келеді, мұнда азаматтығы жоқ адамдар да тұрады, бұлардың барлығының үй, көлік, техника сынды жеке мүлкі бар. Олар да заңмен қорғалуы керек. Ал жер – мүлікке жатпайды. Жер туралы мəселе Ата Заңның 6 бабында жазылған. Сондай-ақ, Жер туралы Кодексте де жерді шетелдік азаматтарға сатпау қарастырылған – деп, ұсыныс-пікірлерді 26 ақпанға дейін Ақордаға жіберуге болатындығын айт- ты. Ал қазақстандық дəрігерлер мен ұстаздар қауымына ортақ проблемаларды алдағы уақытта өтетін Үкімет сағатында көтеретіндігін жеткізді. Қаракемер кəсіптік колледжінде өткен жиынның басында колледж директорының міндетін атқарушы Марат Исаков сөз сөйлеп, оқу орны туралы ақпараттармен таныстырды. Кейіннен, білім алушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Ауылшаруашылығы техникаларын тəжірибе кезінде сынап көретін полигон болса деген ұсыныс тастаған студентке Нұржан Құдайбергенов алдағы уақытта жер қарастыратындығын жеткізді. Жиын соңында Бейбіт Баймағамбетұлы студенттердің қойған сауалдарына жауап қайырып, бүгінгі таңда білім арқылы ғана басқа елдермен тереземіз тең болатындығын айтты: – Қазіргі заман – білімдінікі. Қарап отырсам, өздеріңе барлық жағдай жасалған. Тегін жатақхана, тегін тамақ. Оқығандарыңды тəжірибе жүзінде іске асыратын техникаларың да жеткілікті. Ендігі кезекте, сендер сапалы білім алып, өз салаларыңның білікті маманы болуға міндеттісіңдер. Ал колледж басшылығы басқа да оқу орындарымен тəжірибе алмасуды, зауыттармен бірлесе жұмыс атқаруды қамтамасыз ететін болады – деді. Серік Мейірханұлы да студенттерге өзінің ыстық лебізін білдірді: – Мақсаты айқын адам – əрқашан арманына жетеді. Сондықтан, алдарыңа дұрыс мақсат қоя біліңдер. Сол мақсатқа жету жолында біліммен сусындап, сана- лы тəрбие жəне кеткен қателіктеріңнен сабақ алуға тиіссіңдер – деді. Сапар соңында қонақтар Түрген ауылында орналасқан «Голд продукт» шарап зауытына бас сұқты. Мекеме басшысы Виталий Вольков зауытты көрсетіп, жұмыс барысымен таныстыр- ды. Кейіннен, мəжіліс депутаты өндіріс орнының қызметкерлерімен кездесті. Ұжымға Елбасы Жолдауын түсіндіріп, конституциялық өзгерістерге байланыс- ты ұсыныстарды Ақорданың сайтына жіберуге болатындығын айтты. Сонымен қатар, Түргенде шығатын шараптардың шетелдік өнімнен асып түспесе, кем болмайтындығын жеткізіп, ұжым жұмысына сəттілік тіледі.

 Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 10355 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 19, 2025

Атамекен Отаны – Бейбіт өмір ауылы

Тарих бетіне үңілсек, 1722 жылы Бірiншi Петр: «Қазақ Ордасы бүкiл Азия елдерi жерлерiне…
Маус 19, 2025

Қажырлы еңбек — ел мүддесіне адал…

Қытайдың Боғда тауының Күнгейінен Қазақстанға көшіп келген жерлестердің бас қосуында…
Маус 19, 2025

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден кім кетпеген, Ащы қайғы кімдерді жүдетпеген. Еске алып дұғасына…
Маус 19, 2025

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп…

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің…
Маус 19, 2025

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы «Атамекен – ұлттық рухтың бесігі»…
Маус 19, 2025

Жаңарған ғимарат – жаңа мүмкіндіктер

Денсаулық сақтау жүйесін дамытып, сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша…
Маус 19, 2025

Алғыс пен құрмет иелері

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина саласындағы қызметкерлердің кәсіби…
Маус 19, 2025

У нас союзнические отношения с…

Заместитель директора ТРК Президента РК Аскар Джалдинов спросил Президента России…
Маус 19, 2025

«Я не вижу никаких осложняющих…

 Отвечая на вопрос заместителя директора ТРК Президента РК Аскара Джалдинова, Президент…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет