Бейсенбі, 16 Ақпан 2017 14:21

Толассыз сұрақтарға тұщымды жауап болсын!

Жақында аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметовтың төрағалығымен аудандық депутаттардың тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті. Биылғы жылғы мұндағы басты өзгешелік – тұрақты үш комиссия емес, оның саны төртке жетті. Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды: экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің 2017-2018 жылдарға жоспарлаған жұмыстары туралы, депутаттық сауалда көрсетілген мәселелерді орындау мақсатындағы аудандық ветеринария бөлімінің атқарған жұмыстары туралы есебі, биотермиялық мал қорымдарын күтіп ұстау деңгейі мен тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі, ауыл шаруашылығы ет-сүт өнімдерінің қозғалысын қадағалау, үшінші, аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 2017-2018 жылдарға жоспарлаған жұмыстары туралы есебі, төртінші, 2017-2018 жылдарға ауданның инфрақұрылымын дамыту мақсатында құрылыс саласына бөлінген қаражаттың бағыттарын, қала мен ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу және абаттандыру туралы мәселелерді қарастыру, бесінші, 2016-2017  оқу жылындағы аудандық білім бөлімінің жұмысының қорытындылары мен көрсеткіштері туралы есебі және 2017-2018 жылдарға негізделген саланы дамытуға бағытталған іс-шаралары туралы.

 

Алғашқы мәселе бойынша мінберге экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ермек Жакеев көтерілді. Оның айтуынша, биылғы жылды аудан жалпы сомасы 20 млрд теңгемен бастаған. Ал былтырғы жылғы сәйкес мерзімде бұл көрсеткіш 17 млрд теңгенің айналасында болған екен. Жаңа жылғы жоспарларды жан-жақты тыңдаған депутаттар бірден өзекті сұрақтарға көшті. Оның ішінде Бекет Төлегенұлы: – Өздеріңіз білетіндей 2016 жылы аудандық мәслихат депутаттары Есік қаласы мен ауылдық округтердің барлығын аралап, кешенді мәселелерді депутаттық сауал ретінде жолдаған болатын. Бірақ, сол сауал бойынша көтерілген түйіткілді сұрақтар сіздерде неге қаралмаған? – деді. Ермек Ильянұлы депутаттық сауалдардың жартысынан астамына тиісті жауаптар берілгендігі, қалғаны құжаттары толық болмағандықтан жүзеге аспағандығын тілге тиек етті. Ал: – Оқушыларды тасымалдауға қажетті жанар-жағармайға міне тағы да 20-25 млн. теңге көлемінде қосымша қаражат керек деп отырсыздар. Бірақ, сол тасымалдап жүрген азаматтардың қалай жұмыс істеп отырғандарын көрдіңіздер ме? Ішіндегі балалар есігін ашса сыртына сыймағандықтан құлап шығып жатады. Ал тасымалдап жүрген көліктері 6 автобус мемлекеттікі. Олар соны жалдағаны үшін шартқа отырып, бюджетке қаражат төлей ме өзі?, – деген мәслихат хатшысының сөзіне Ермек Жәкеев үнсіз қалды.

Кезекті есеп беруге шыққан аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Бейсенғали Бименовке аудандық мәслихат депутаты А.Дауытқұлов: – Сіздер 2016 жылы 168-ге жуық ветеринар қызметкерлерін алған болатынсыздар. Олар бүгінгі таңда ақысыз демалысқа жіберіліп тастады. Жұмыссыз, жалақысыз жатқандарына 3-4 ай болды. Бұл мәселені қалай шешесіздер? – деді. Сұраққа бөлім басшысы: Көктем келісімен малдарды емдеу жұмыстары күшейе түспек. Осы ретте тағы да қосымша жұмыс күші керек болады. Сол кезде келісімшарттағы азаматтарды қайта жұмысқа қабылдайтын боламыз. Қазіргі уақытта әр ауылдық округте мал санына қарай бірден, екіден мамандарымыз өз жұмысын жүргізіп отыр – деді.

Мұндағы бірліктердің қысқаруына еңбекақы өскен сәтте бюджет дұрыс есептелмеу себеп болған. Бұл тұрғыда Бекет Төлегенұлының: – Сіздер бюджетке сұраныс жасағанда, оны жоспарлағанда қалай есептедіңіздер. Қаражаттың жетпей қалатындығын білмеген бе сонда осы бағыттағы жауапты мамандарыңыз. Неге басқа бөлімдер секілді қосымша сұраныс жолдап, оны бақылауға алмадыңыздар? – деген сұрағы да қанағаттандырылмай қалды.

Сонымен қатар аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әсел Молдасбаеваға да сұрақтар желісі толассыз болды. Алайда, көңілге қонымды жауап алынбады.

Сонымен бір жарым сағатқа созылған біріккен комиссия отырысы арнайы қаулы шығарып, қойылған сұрақтар бойынша нақты жұмыстар жүргізілуін талап етті.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

 

Оқылды 2739 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет