Бейсенбі, 30 Наурыз 2017 10:09

Өзгерістер өмір талабынан туындайды

«Қазіргі жас буын өзара сөйлесуден қалды. Тестке қарап телміріп, жаттаумен уақытын өткізеді». Дәл осылай шулаған еді осы күнге дейін ҰБТ жөнінде әңгіме қозғала қалса ата-аналар. Енді тестің жөні бір бөлек, қорытынды аттестациялаудың жөні бір бөлек. Яғни биылғы түлектерді жаңа сын күтіп тұр: аттестат алу үшін қорытынды аттестациядан өтеді, білімін жетілдіріп, жоғарғы оқуға тапсыру үшін ҰБТ-ға жүгінеді. Бұл төңірегінде жақында Райымбек Батыр атындағы орта мектептің акт залында кеңінен әңгіме болды. Оған аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Айжан Тортаева, аудандық ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының директоры Қарлыға Қасымова және 20-дан астам мектеп түлектерінің ата-аналары қатысты. Сонымен кезегімен әңгіменің ауанын айтайық...

 

Мамандар айтпақшы, қоры-тынды аттестация – мектеп түлектеріне.  Ол қалай өтпек? Бұл сұрақтың жауабын Қарлыға Алтынғазықызы былай берді:

– Қорытынды аттестаттауды мектеп түлектерінің бәрі тапсырады. Ол бес пәннен тұрады. Төртеуі міндетті, біреуі таңдау пәні. Міндетті деген пәндер яғни, ана тілі және әдебиеттен эссе жазады. Оған берілетін уақыт – 3 сағат. Бұның мақсаты – түлектердің ойын еркін жеткізе білуіне жол ашу. Екінші, алгебра және анализ бастамаларынан да жазбаша тапсырады. Оған берілетін уақыт – 5 сағат. Қазақстан тарихынан кәдуілгідей ауыз-ша билет алу арқылы тапсырады.  Ал төртінші орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік мектептерінде – қазақ тілінен, қазақ мектептерінде орыс тілінен тест тапсырады. Таңдау пәндерінен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, информатика, шет тілі) тест алынады. Бұл жерде тағы бір ескеретін жайт, екінші тілді меңгеру деңгейі тестілеу арқылы мынадай блоктарға бөлінеді: 1-блок: Тыңдалым – тест тапсырушыларға екі мәтін беріледі, әр мәтінге қатысты сұрақтар қойылады. Екі мәтінге 10 сұрақ беріледі. 2-блок: Оқылым – тест тапсырушыларға 2 мәтін ұсынылады. Әр мәтінге қатысты сұрақтар беріледі, барлығы 10 сұрақ. 3-ші: лексика-лық-грамматикалық блок – тест тапсырушыға 20 тапсырма беріледі, – дейді. Сонымен қатар емтихандардың бәрі де түлектердің өз мектептерінде өтеді. Ал аттестаттаудың материалдарын ҚР Білім және ғылым министрлігі бекітіп, облыс, аудандарға таратады. Оны бағалау әр мектеп қабырғасын-дағы комиссияға жүктеледі. Бүгінде оның өту уақыты шамамен 29 мамыр мен 9 маусым аралығы деп жоспарлануда.

Ал ҰБТ ше? Онда да бірқатар өзгерістер бар. Мамандардың айтуынша, тестің жаңа форматы 5 пәннен тұрады. Оның үшеуі міндетті пән, ал екеуі таңдаған мамандығына байланысты бейіндік пән. Сонымен үш міндетті пәндер: математикалық сауаттылық – 20 тапсырма. Оқу сауаттылығы – 20 тапсырма. Қазақстан тарихы – 20 тапсырма. Екі бейінді пән – 30 тапсырма. Бұл турасында Қарлыға Қасымова:

– Бейінді пәннің алғашқы 20 сұрағына бес жауап нұсқасы берілген, олардың тек біреуі ғана дұрыс. Сәйкесінше, әр дұрыс жауап 1 балл. Ал қалған 10 сұраққа сегіз жауап нұсқасы берілсе, онда бір, екі немесе үш дұрыс жауаптан болуы мүмкін. Тест тапсырушы барлық дұрыс жауапты белгілесе 2 балл, ал біреуінен немесе екеуінен қателессе 1 балл алады. Мәселен, бір сұраққа берілген 8 жауап нұсқасының 1-еуі ғана дұрыс болса, оған түлек жауап берсе, 2 балл боп есептеледі. Бұл талапкердің аталған пәнді қаншалықты жақсы меңгергендігін тексеру тәсілі, – дейді. Осындай екі-үш дұрыс жауап нәтижесінде жалпы 120 тапсырма болса, ең жоғарғы балл – 140. Шекті деңгей жылдағыдай 50 балды құрайды. Тестілеу уақыты – 3 сағат 50 минут.

Ал математикалық сауатты-лық, оқу сауаттылығы секілді міндетті пәндер оқушылардың игерген білімдерін өмірлік жағдайларда қолдана білу деңгейін, тақырыпты ұғынуын, саралап-сараптауын талап етеді.

Сонымен қатар биылғы тағы бір жаңалық, жылдағыдай «Алтын белгі», халықаралық, республикалық ғылыми жоба жеңімпаздары бірден мемле-кеттік грантқа ие бола алмайды. Әдеттегідей, олар да сынақ алаңынан өтеді. олардың бұл артықшылықтары тек қатар-дағы талапкермен балдары тең түскен жағдайда ғана ескеріледі.

Бүгінде тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдау үстінде.  Қабылдау уақыты 10 мамырға дейін жалғасады. Сондай-ақ, былтырғыдай тестен шекті балды жинай алмаған түлектерге қайтадан екі мүмкіндік беріледі. Бірі тест тапсыру орталықта-рында бағын сынаса, одан өтпеген түлектер өзі қалаған жоғарғы оқу орындарында шартты түрде ақылы курстардан өтіп, 20-24 қаңтар аралығында қайта сыналады. Балл жинаған жағдайда оқуын сол университетте жалғастыратын болады. Ендеше, іске сәт, жас түлек!

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 2634 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет